Р. С. Оразбаева



бет25/48
Дата02.10.2023
өлшемі34,17 Mb.
#112711
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   48

ЖАУАПТАР




Кіріспе



  1. Материя жойылмайды, жоқтан пайда болмайды, ол бір түрден екінші түрге өтеді.

16. Тенсли

Экологиялық факторлар


3. б.
5. Стенобионттар.
7. Тұрақсыздығы жоғары коэффициентті ортаның экстремалды жағдайларында, яғни климаттың күрт және жиі ауысатын жағдайларында эврибионттар қалыптасады, ал тіршілік жағдайларының тұрақты шарттарында және түрге қолайлы кездерде стенобионттардың қалыптасуына жағдай жасалынады. Мысалы, негізгі факторлардың ауытқуы өте аз мөлшерде болатын яғни тұрақты қысым, температура, тұздылық және қараңғылықтағы теңіз тереңдіктеріндегі тіршілік ету жағдайлары.

  1. Қар қабатының тереңдігі мен жеткіліксіз әлемдік база.

  2. Солтүстік бұғылар миграцияны екі себеппен жүзеге асырады.жемді іздеу және шыбындардан қорғану мақсатында.Қысты күні тобырлар жемі көп және оны табу жеңілірек орманды тундраға көшеді.Көктемде ,керісінше,жиі желдерге байланысты қан сорушылар оларды онша мазаламайтын Солтүстік Мұзды мұхиттың жағалауына көшеді.

23. Болгарияда ескі автомобиль баллондарынан шахталарда вагонеткалар жүретін рельстердің резиналы шпалдарын шығара бастады. Резиналы шпалдар темір бетондылармен салыстырғанда үш есе жеңіл және соққыларды жақсы амортизациялайды, шуды азайтады. Резиналы шпалдар судың әсеріне тұрақты және ондаған жылдар бойы қызмет етеді.
28. Жер сілкіну алдында жоғары жиілікте жер шулай бастайды. Бұл акустикалық бәліністердің жиілігі және қарқындылығын анықтауға болады. 2ші жолы: жер сілкіну алдында табиғи суларда гелий мөлшері өзгереді.
32. Мерзімдік емес орта факторларының өзгеруіне мысал ретінде вулкандардың атылуы, жыртқыштардың әсерін келтіруге болады.
36. Бұғылардың тіршілігі еменнің қалпына келуіне ешқандай жағдай жасамайды, тек емен жаңғағының мол өнімі болатын сирек жылдары ғана олар кәрі жасты емен орманына барады және жаңғақтардың кейбір бөліктерін өздерінің тұяқтарымен грунтқа таптап, көмеді, сөйтіпақырында олардың сақталуы мен өнуіне жағдай жасайды. Кесілген ағашты жерлерде бұғылар еменнің шыбықтарының өсуін анағұрлым тежейді.
38. Құндыздардың бөгеттері майда су жануарларын ағыспен алып кетуіне кедергі жасайды. Құндыздар жасаған тоғандардың суы терең емес және тұрып қалған су жақсы жылиды, сондықтан уылдырық шашуға, мекен орын жасауға, балықтардың белсенділігін қамтамасыз етеді.

  1. Су қоймаларында N , P тыңайтқыштары, жуғыш заттар, мал шаруашылық қалдықтарының жинақталы салдарынан көк-жасыл балдырлар шектен тыс көбейіп кетеді. Бұл құбылыс Судың гүлденуін тудырып, Антропогендік эвтрофикацияның орын алуына әкеледі.Антропогендік эвтрофикация кезінде гидробионттардың трофикалық тізбегі немесе байланыс құрылымы өзгеріске ұшырап, фитопланктон биомассасы күрт өседі, су гүлдеп, оның сапасы және гидробионттардың тіршілік жағдайы өзгереді. Кумуляциялық (жинақтау) қабілеті болғандықтан олар трофикалық тізбектің ең басында тұратын адам ағзасында жинақталады.

  2. Қыналар атмосфералық ауаның ластануына сезімталдығының негізгі себебеі оның морфологиялық және физиологиялық ерекшеліктерінде. Қыналаржоғары сатыдағы өсімдіктерден өзгешелігі олардың ластаушы заттардың әсеріне өте сезімталдылығы, сол себептен биоиндикаторлар ретінде жиі қолданады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   48




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет