Р. Т. Наралиева, М. Ш. Тойғанбекова, Сұлтанова Б. М. Оқу сауаттылығы



бет42/57
Дата15.08.2023
өлшемі9,38 Mb.
#105300
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   ...   57
(Қазақтың шешендік сөздері) 
?!1-тапсырма: Сызықшаның, дефистің қойылу себебін түсіндіріңіздер.
2-тапсырма: Қос нүктенің, тырнақшаның қойылу себебін түсіндіріңіздер


Қазыбек пен Қоңтажы

Абылай бір төбенің басына жұртты иіре тұра қалып:


- Ал, балалар, барыңдар! Жолдарың болсын, алдарың олжаға толсын, басшыларың Тайкелтір би болсын, хандарың Қарқаралы хан Бертіс болсын,
батырларың Малайсары болсын, атшыларың мына Қазыбек бала болсын, Үлкендеріңді кішілерің сыйлаңдар. Көп арасында мына Қазыбек сықылды кішінің де сөзін тыңдаңдар. Жат елдің алдында жақсы елдің баласы құсап тұрыңдар. Қалмақтың ханы Қоңтажы асып туған, тасып жүрген хан ғой!
«Қол бастайтын батырмын, жол бастайтын көсеммін, сөз бастайтын шешенмін!» - деп жүрген хан ғой. Мұнда қол бастайтын батыр болу да қымбат, жол бастайтын көсем болу да қымбат, бәрінен де ел тағдырын шешетін шешен болу қымбат. Елдестірмек елшіден, жауластырмақ жаушыдан. Елдесе алмай жауласып кетсек, сендердің шеберсіздіктеріңнен болады. Жауды алмас қылышпен де көндіруге болады, өткір сөзбен де көндіруге болады; мылтықпен дәлдеп атып жығуға да болады, сөзбен дәлдеп айтып жығуға да болады. Ауыздан шыққан сөз атылған оқпен бірдей, қайтып ала алмайсыңдар. Сөз сөйлегенде ойлап сөйлеу керек, - дейді. Сонда Бертіс тұрып:
- Хандық дәуірді басынан өткізген біз осы жолы суын сүт қылып қайнатпасақ бізден қатын артық; қасықтай қанымызды, шыбындай жанымызды салып көрерміз, - деп міндетіне алғандай болады.
Сонымен Абылай қош айтысып қайтып кетіпті, елшілер ілгері жүріп кетіпті.
(Қазақтың шешендік сөздері) 
?!1-тапсырма: Сызықшаның, дефистің қойылу себебін түсіндіріңіздер.
2-тапсырма: Қос нүктенің, тырнақшаның қойылу себебін түсіндіріңіздер


Елді бекем билейді, Бекемді шешем билейді

Бекболат бидің бәйбішеден тоғыз ұлы, тоқалдан Тіленші дейтін бір ұлы және бір қызы болыпты. Бекболат қартайғанда ағайынның жақсылары жиналып келіп:


- Жасыңыз болса жетті, орныңызды ұстап, кісі қылуға балаларыңыздың қайсысын ұйғарып жүрсіз? Сіздің көзіңіздің тірісінде құрметтеп, бата берейік деп едік, - дейді. Бекболат біраз үндемей, көзін жұмып толғанып, ыңыранып отырады. Тіленшіні атайын десе бәйбішесінің көңіліне қарайды. Әкесінің қиналып отырғанын қызы байқап:
- Қаракесектен шыққан он екі ата елді Бекем билеуші еді, Бекемді шешем билеуші еді. Бекем шешемнен қаймықпаса, тоқалдан туды демесе, Тіленшіжанның ел ұстамайтын несі бар? -дейді.
Сонда бәйбіше:
- Сол немеден менің де үмітім бар еді… Тіленші қайда? - дейді.
Қойшылармен алысып ойнап жүрген Тіленші былай дейді:
- Әкем Бекболат он екі ата елді билеп еді, елдің жуаны келсе ,қабағын ашып, жадырай сөйлеуші еді. Нашар, жіңішке атаның балаларын елемей, мұңын жүре тыңдайтын. Олар арыз-мұңын айта алмай кеткендей көрінетін. Сонда мен: «Егер билікке қолым жетсе, нашарлар жасқанбай арманын айтатын кісі болсам» деп, ойлаушы едім, сол үшін осы бастан бойымды үйретіп жүрмін. Мұны естіген ел жақсылары:
- Балам, біздің ойлағанымыз бұл емес еді, сенікі мақұл екен. Тусаң ту, бәрекелді! – деп баталарын беріпті.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   ...   57




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет