Р. Т. Наралиева, М. Ш. Тойғанбекова, Сұлтанова Б. М. Оқу сауаттылығы



бет8/57
Дата15.08.2023
өлшемі9,38 Mb.
#105300
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   57
"The Qazaq Times" 

  1. Көне қала сөзіне мәндес сөз:

А) ескі қоныс
В) ежелгі шаһар
С) заманауи қала
D) ескі қалашық
Е) көне елді мекен
2. Омоним болмайтын сөз:
А) қазба
В) қала
С) зәйтүн
D) тұрғын
Е) сайын


Кемеңгер немесе Елбасы туралы тебіреніс

Н.Назарбаев – ұлттық дәстүрде тәр­биеленген,
халқының бар қадір-қасиетін бойына жиған, тілін, тарихын, мәдение­тін, әдет-ғұрпын, салт-дәстүрін жетік білетін, ұлтын жан-тәнімен сүйетін, оның мәртебесін өсіріп келе жатқан, халқының үмітін, сенімін ақтап келе жатқан ұлт­жанды Азаматы; қалың елдің жанашыры; мұңдасы, тағдырласы; қорыққанға – қорған, тарыққанға – пана, зарыққанға сана бола білген өз елінің шын перзенті; алдағыны болжай білетін, ертеңгісін де оза ойлай білетін көсемі; елінің жүгін көтеріп келе жатқан қара нары; халық­аралық қауымдастыққа кеңінен танылған, өркениетті елдердің басшыларымен тере­зесі тең, сөйлескенде сөзі асатын, егес­кен­де еңсесін басатын, елдескенде мейі­рі­мін шашатын аузы уәлі, сөзі дуалы саясаткері.
Шынтуайтына келгенде, Нұрсұлтан Назарбаев – тарих толғатып туған ғасыр­дың тұлғасы, елінің жанын ұғатын, хал­қын замана көпірінен аман өткізіп келе жатқан қамқоршы; еліміздің дарынды ұйымдастырушысы, көреген басшысы, нарықтық экономиканың терең білгірі, аңқылдаған ақ көңіл; кекшіл емес, тек­шіл; жікшіл емес, көпшіл; жұртты сендіре де, иландыра да алатын, өз елім – менің өзегім дейтін Азамат...
Қазақтың құлан жортса – тұяғы тоза­тын, қыран ұшса – қанаты талатын ұлан-ғайыр даласы бар. Ата-бабаларымыз ақ найзаның ұшымен, ақ білектің күшімен қорғап қалған соншама алып далада, мұн­дай алып кеңістікте мемлекет құру қиынның қиыны еді. Бір кезде жығылған Орданы қайта тігу, құлаған туды қайта тіктеу, елдің елінің ғана, ердің ерінің ғана қолынан келетін іс еді. Бізде ондай елдің де барын, бізде ондай ердің де барын мақтаныш етеміз. Елдің аты – Қа­зақ­стан, ердің аты – Нұрсұл­тан. Қазақстан, Астана, Назарбаев дейтін сөздер бір-бірінен бөлінбейтін ұғымға айналды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   57




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет