Р. Т. Наралиева, М. Ш. Тойғанбекова, Сұлтанова Б. М. Оқу сауаттылығы


Кіндік қаны тамған жер, аунату, аңырып қалу, бата , сәлем-сауқат, ұлтан, ұлтарақ, ат төбеліндей



бет5/57
Дата15.08.2023
өлшемі9,38 Mb.
#105300
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   57
Кіндік қаны тамған жер, аунату, аңырып қалу, бата , сәлем-сауқат, ұлтан, ұлтарақ, ат төбеліндей.


Дана ойдан шыққан асыл сөз


Отан үшін отқа түссең күймейсің.
Отан оттан да ыстық.
Ер елі үшін туады,
елі үшін өледі.
Өзге жерде сұлтан болғанша,
Өз еліңде ұлтан бол.
Туған жерге туыңды тік.
Туған елдей ел болмас,
Туған жердей жер болмас.
Ұлтарақтай болса да,
Ата қоныс жер – қымбат.
Ат төбеліндей болса да,
Туып-өскен ел – қымбат.


Оқу сауаттылығы пәні бойынша бір нұсқада 4 мәтін және олардың мазмұны мен тілдік бағдар бойынша құрастырылған, бір ғана дұрыс жауабы тест тапсырмалары ұсынылады. Мәтіндерді мұқият оқыңыз, тапсырма шарттары мен талабына қарай дұрыс жауап беру қажет.


1-тапсырма. Мәтінді көшіріп жазыңыз. Заңгер, кішкентай, уақытында сөздеріне дыбыстық талдау жасаңыз.




Отанына адал қызмет ету – әрбір адамның қасиетті парызы. Мен де өз еліме пайдалы қызмет еткім келеді. Елімнің өркендеуіне өз үлесімді қосқым келеді. Бірақ елімнің болашағы үшін кім болғаным дұрыс? Соңғы кезде елімізде қылмыс өршіп кетті, сондықтан да заңгер болсам ба екен? Әлде адам жанын емдейтін психолог болсам ба екен?
Кейде тіпті ұшқыш та болғым келеді. Ұшақпен көк аспанда зымырап, құсша қалықтап ұшқым келеді. Асыққан жолаушыларды қажетті жеріне дәл уақытында жеткізгім келеді. Көпшіліктің алғысына бөленгенге не жетсін, шіркін! Мен әлі кім болатынымды шешкен жоқпын. Анам да, ұстазым да: “Сен әлі кішкентайсың ғой, көзқарасыңды әлі талай өзгертесің. Мамандықтың жаманы жоқ, ең бастысы адал азамат болу керек”, – дейді. Иә, мамандықтың бәрі жақсы. Үлкейгенде бір емес, бірнеше мамандықтың иесі болғым келеді. Себебі, “Ер жігітке жетпіс өнер де аз”,- деген ғой аталарымыз. Ал сенің болашақта кім болғың келеді, замандасым?



  1. Кейіпкердің кім болғысы келеді?

А) заңгер
В) психолог
С) ұшқыш
Д) кім болатынын шешкен
Е) әртүрлі мамандықтың иесі

  1. Мәтінге тақырып таңдаңыз.

А) Менің таңдаған мамандығым
В) Бүгінгі оқушы ертеңгі маман
С) Мамандығың өмірілік серігің
Д) Болашақта кім болғың келеді
Е) Мамандықтың бәрі жақсы

?! 1-тапсырма. Мамандық таңдаудағы ең керекті де басты факторларды атап көрсетіп, төмендегі диаграмманы толықтырыңыз.



* * * * * * *




Қазақ халқында бірінші туған баласы –“тұңғыш”, ең соңғы баласы –“кенже”, ал басқа балалары “ортаншы” деп аталады. Қазақ – балалары есейіп өз алдарында отау тігіп, үйленген кезде әрқайсысына өз үлесін (мұрасын) береді. Қазақы отбасында дәстүр бойынша кенже ұл ата-анасының қолында қалады. Кейін “қара шаңырақтың” иесі болады. Қазақ – қыздары тұрмыс құрғанда, қыздарына киім-кешек, төсек-орын, жасау береді. Ал тұңғыш ұлы мен ортаншы ұлдарына енші беріп, бөлек шығарады. Тұңғышы мен ортаншы ұлдарының үйлері отау үй деп аталады. Ата-анасының үйі үлкен үй немесе қара шаңырақ деп аталады. Бөлек шыққан ұлдары мен ұзатылған қыздары ата-анасын құрметтеп, тиісті сыбағасын әкеліп тұрады. Атасының батасын алып, анасының алғысына бөлену – бала үшін үлкен мәртебе әрі бақытқа бастар жол. Тіпті ата-анасы көз жұмған соң да, қара шаңырақты қадір тұтып, қасиеттеп сый-сияпат әкеліп тұруды ұмытпайды.
Дәстүрлі қазақы отбасын ынтымақ пен береке билеп тұрады. Ата-анасы балаларының көзінше керілдесіп жатпайды. Әрқашанда бір-бірін сыйлайды. Әйелі күйеуін отбасының пірі тұтып, балаларының алдында әкесінің мерейін көтеріп отырады. Балаларын әкесіне қолқанат болуға баулиды. Отағасы да де өз кезегінде балаларына үйдің берекесін келтіріп, ажарын енгізіп отырған аналарын әрқашанда сыйлауды, құрметтеуді үйретеді. Ата-ананың мейірімі мен ыстық ықыласына шомылып өскен бала ешқашанда ата-анасынан безбейді. Қайырымды да адал, отбасы мен достарына сыйлы жан болып өседі.

  1. Мәтінге ат қойыңыз.

А) Біздің отбасымыз
В) Мерейлі отбасы
С) Дәстүрлі қазақ отбасы
Д) Қазақ халқының дәстүрі
Е) Туыстық атаулар

2. Сөйлемді толықтырыңыз.


Тұңғыш ұл – ... иесі
А) қара шаңырақтың
В) кішкентай үйдің
С) киіз үйдің
Д) отау үйдің
Е) үлкен үйдің

3. Дұрыс жауабын таңдаңыз.


Қазақ қызы ұзатылғанда ... береді.
А) көрпе жастық
В) төсек орын
С) киім кешек
Д) жасау
Е) жауаптардың бәрі дұрыс

4. Сөйлемді толықтырыңыз.


Қазақтарда ұлдары өз алдына отау тіккенде, оларға өз ... береді
А) тиісті сыбағасын
В) төсек-орнын
С) бар дүние-мүлкін
Д) еншісін
Е) 3,4 жауаптар дұрыс

* * * * * *




Менің мектеп табалдырығын аттауым Қазақстан тәуелсіздігін жариялаған жылмен тұспа-тұс келді. Еркін ел атанған еліммен мен де бірге есейіп, ұстаз болу үшін білім нәрінен сусындау үстіндемін.
Қазіргі шат тұрмыс, жарқын болашақ іргетасы оңайлықпен қаланбағанын білемін. Алыс ауылдарды былай қойғанда, аудан орталығының өзінде жарық болмай, ауыз су беру доғарылып тұрды. Менің әке-шешем де екі қолдарына жұмыс табылар жерге қоныс аударуды ойлады. Соны естіген Ресейдегі жақындары өз орталарына шақырды. Бірақ жеме-жемге келгенде өздері әбден сіңісіп кеткен, қатты бауыр басып қалған, біздің кіндік қанымыз тамған ортаны қимады.
Бүгінде жоғары оқу орнында білім алудамын. Егіндібұлағыма оралып, жерлес шәкірттеріме орыс тілі мен әдебиетінен сабақ берсем деймін. Боса болмасын қазақ тіліне бала кезімнен жетіктігім тұрғылықты халқы қалың ортамен біте қайнастырарына шүбәм жоқ.
Биыл менің өмірімде ұмытылмас оқиға болды. Қарағанды облысының 70 жылдығы мерекесіне арналған салтанатты жиында Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың алдында сөз сөйлеу құрметі тиді. Мінберге көтерілер сәтте жүрегімді толқыныс биледі. Мемлекет басшысының біздерге, жастарға, жан-жақты қамқорлығына шексіз алғысымды, еліміз өсіп-өркендеуіне замандастарым қосатын үлесті еселей түсу орайындағы ойымды қазақша жеткізуге талпындым. Қанша айтқанмен, Қаз дауысты Қазыбек бидің ізі қалған топырақ тумасы емеспін бе, залдағылар ду қол шапалақтауынан сөзімнің құлақ түрдіргеніне масаттанып қалдым.
Мемлекеттік тілді білуім – менің ең үлкен мақтанышым. Соның арқасында болашағыма жол ашықтығына қуанамын. “Екі кісі сыйласса, бір кісіге орын бар”, дейді қазақ. Тілін сыйлаған, құрметтеген адамға халық құрметі алабөтен екенін білемін. Сондай көңіл шуағына бөленушілердің көп болуын тілеймін.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   57




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет