А) ескі қоныс
В) ежелгі шаһар
С) заманауи қала
D) ескі қалашық
Е) көне елді мекен
2. Омоним болмайтын сөз:
А) қазба
В) қала
С) зәйтүн
D) тұрғын
Е) сайын
Кемеңгер немесе Елбасы туралы тебіреніс Н.Назарбаев – ұлттық дәстүрде тәрбиеленген,
халқының бар қадір-қасиетін бойына жиған, тілін, тарихын, мәдениетін, әдет-ғұрпын, салт-дәстүрін жетік білетін, ұлтын жан-тәнімен сүйетін, оның мәртебесін өсіріп келе жатқан, халқының үмітін, сенімін ақтап келе жатқан ұлтжанды Азаматы; қалың елдің жанашыры; мұңдасы, тағдырласы; қорыққанға – қорған, тарыққанға – пана, зарыққанға сана бола білген өз елінің шын перзенті; алдағыны болжай білетін, ертеңгісін де оза ойлай білетін көсемі; елінің жүгін көтеріп келе жатқан қара нары; халықаралық қауымдастыққа кеңінен танылған, өркениетті елдердің басшыларымен терезесі тең, сөйлескенде сөзі асатын, егескенде еңсесін басатын, елдескенде мейірімін шашатын аузы уәлі, сөзі дуалы саясаткері.
Шынтуайтына келгенде, Нұрсұлтан Назарбаев – тарих толғатып туған ғасырдың тұлғасы, елінің жанын ұғатын, халқын замана көпірінен аман өткізіп келе жатқан қамқоршы; еліміздің дарынды ұйымдастырушысы, көреген басшысы, нарықтық экономиканың терең білгірі, аңқылдаған ақ көңіл; кекшіл емес, текшіл; жікшіл емес, көпшіл; жұртты сендіре де, иландыра да алатын, өз елім – менің өзегім дейтін Азамат...
Қазақтың құлан жортса – тұяғы тозатын, қыран ұшса – қанаты талатын ұлан-ғайыр даласы бар. Ата-бабаларымыз ақ найзаның ұшымен, ақ білектің күшімен қорғап қалған соншама алып далада, мұндай алып кеңістікте мемлекет құру қиынның қиыны еді. Бір кезде жығылған Орданы қайта тігу, құлаған туды қайта тіктеу, елдің елінің ғана, ердің ерінің ғана қолынан келетін іс еді. Бізде ондай елдің де барын, бізде ондай ердің де барын мақтаныш етеміз. Елдің аты – Қазақстан, ердің аты – Нұрсұлтан. Қазақстан, Астана, Назарбаев дейтін сөздер бір-бірінен бөлінбейтін ұғымға айналды.