Рабочая учебная программа «Технология және оқыту әдістемесі»


тақырып. Матаны көркем безендіру. Батик



бет8/16
Дата01.12.2022
өлшемі50,33 Kb.
#54152
түріРабочая учебная программа
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   16
2.2.5 тақырып. Матаны көркем безендіру. Батик.
Тоқыма бұйымдарын көркемдеп өңдеуге әшекейлеудің қолданылуы. Карнавал костюмдерін, қуыршақ киімдерін, қуыршақ театырының бутафориясын мектеп спекталі костюмдерін безендіру.
Металдарды әшекейлеуге керекті материалдар мен құралдар.
Тапсырма: дастарханды бояумен әшекейлеу.
2.2.6 тақырып. Матаға аппликация жасау. Құрақ өнері
Қағаздарға, маталарға аппликация жасау техникасы. Маталардан жасалынған аппликация бұйымдарын астарға бекіту тәсілдері.
Бастауыш сыныптардағы матадан аппликация дайындау әдістемесі.
Оқу еңбегіне шамамен алынған нысандар: Кілемшелер, карнавал костюмдері үшін бөлшектер, қуыршақ киімдері, жұмсақ ойыншықтар, ұлттық бас киімдер кестелеу, оюлармен әшекейлеу: тақия, сәукеле, қалпақ.
2.3 тақырып. Әртүрлі металдармен жұмыс.
2.3.1 Ағаш. Ағаш өңдеу өнеркәсібі. Ағашты қолмен өңдеу құралдары мен әдістері.
Ағаш – Қазақстанның орман байлығы. Ағаш материалдарын дайындау, өңдеу өнеркәсібі. Ағаштарды қолмен және машинамен өңдеудің әдістері. Ағаштарды өңдеудегі еңбек құралдарының құрылысы және қолдану ерекшеліктері. Ағаш өңдеу өндірісінде еңбекті ұйымдастыру. Ағаштардың негізгі тектері. Ағаш материалдарының ассортименті. Аспаптар мен жабдықтар күту және сақтаудың тәртіптері. Ағаштарды өңдеу кезіндегі қауіпсіздік ережесі. Ағаштарды қолмен өғдеудегі тәсілдері.
2.3.2 тақырып. Үшқат (фанер) және оның түрлері. Үшқатты өңдеуде қолданылатын құралдар, фанермен жұмыс.
Үшқатты алудың әдістері, қасиеттері. Үшқатты пышақпен кесу, қыл арамен аралау, айналама кескішпен ойып алу.
Ағаш бұйымдарын өңдеу: шыны ұнтағы желімдеген түрпімен өңдеу, күйдіру, жылтырату, бояу, балауыздау, лактау.
Тапсырма: Ағаштарды өңдеу туралы әдебиеттерге шолу.
2.3.3 тақырып. Металдар мен қортпалар. Қарапайым шеку, қолданылатын құралдар және шеку жұмысын орындау үлгісі.
Металдар және оның халық шаруашылығындағы маңызы. Металдарды шекудің маңызды түрлері. Металдарды өңдеудің жаңа әдістері.
Мектептегі еңбек сабағында және сабақтан тыс жұмыстарда қолданылатын металдар мен қорытпалар. Металл қабықтары мен сымдарды өңдеудің негізгі операциясы мен тәсілдері: белгі салу, қайшымен кесу, егеумен егеу, жону, тістеп үзу, қию, бұрау, бұрғылау, қарапайым нақыштап бедерлеу. Медалл бұйымдарын өңдеу. Металдармен жұмыс жасау кезіндегі қауіпсіздік техникасы.
Тапсырма: Металдарды өңдеу туралы әдебиеттерге шолу. Металдар мен қортпалар коллекциясын құрастыру.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   16




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет