Редакция алқасы Редакционная коллегия



Pdf көрінісі
бет15/18
Дата06.03.2017
өлшемі2,35 Mb.
#7698
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   18

 
 
 
Әдебиет: 
1.
 
Бекхожин Х. Қазақ баспасөзі тарихының очеркі (1860-1958). – Алматы: Мектеп, 1981. – 239 б. 
2.
 
Тайшыбай  З.,  Ахметова  Т.  Баспасөз  тарихы  (әдістемелік  оқу  құралы).  -  Петропавл: 
М.Қозыбаев атындағы СҚМУ, 2003. – 181 б. 
3.
 
Редакция  алқасы  Ж.  Сүлейменов,  З.  Әкімжанов,  Т.  Зікірин,  Б.  Қожахметов,  З.  Құсайынов,              
Е. Нұрақаев, С. Сауд. Дәуір-Дастан. – Петропавл: ГКП «Солтүстік Қазақстан», 2005. – 316 б. 
 
141 

4.
 
Қазақстан Республикасының Бұқаралық ақпарат құралдары туралы Заңы. Алматы. 2002. 
5.
 
Бекниязов Т. Демократиялық қоғам және баспасөз: оқу құралы. – Алматы: Қазақ университеті, 
2005. – 
149 б. 
6.
 
Нұртазина  Р.Ә.  Қазақстан  Республикасы:  БАҚ  және  саясат.  Оқу  құралы.  –  Алматы:  Бастау, 
2014. – 
320 б. 
7.
 
Момынова Б. Газет лексикасы (жүйесі мен құрылымы). – Алматы: Арыс, 2003. – 228 б. 
8.
 
Қозыбаев С., Рамазанова А., Аллаберген Қ. Әлем баспасөзі тарихынан (оқу құралы). Алматы: 
Санат, 1998. – 256 б. 
 
 
 
УДК. 691.33 
 
ЖҰМАҒАЛИ ТІЛЕУЛИННІҢ  ҚОҒАМДЫҚ-САЯСИ ҚЫЗМЕТІ 
 
Жәкежан С.А., Ибраева А.Г. 
(М.Қозыбаев атындағы СҚМУ) 
 
 
 
Жұмағали  Тілеулин  ХХ  ғасырдың  бас  кезіндегі  қазақ  арасында  саусақпен 
санарлықтай ғана арнаулы білімі бар сауатты дәрігер ғана емес, халықтың ойын оятып, 
оқу  -өнерге,  мәдениетке  үндеген  саналы  күрескер,  қаламын  сан-салаға  тербеген 
сындарлы  жазушы,  жастардың  жан-ашыр  ұстазы  -  салиқалы  ағартушы  да  болған 
азамат.[1] 
Жұмағали  Тілеулин  сол  кездегі  Ақмола  облысы,  Көкшетау  оязы,  Айыртау 
болысының  Қарашоқ  деген  жерінде  ауқатты  отбасының  шаңырағында  1890  жылы 
дүниеге келген. Қазір бұл жер Солтүстік Қазақстан облысының Ғ. Мүсірепов ауданына 
қарайды.  Жұмағалидың  әкесі  Тілеулінің  кіндігінен  бес  ұл  тараған.  Соның  үлкені 
Шәймерден өз заманының озық ойлы адамдарының бірі болады. Ол осы өңірге «лөктір 
Құсайын»  деген  есіммен  атағы  шыққан  атақты  емші,  әрі  педагог  Құсайын 
Темірбековпен  дос  болған.  Құсайын  өзінің  ауылы  Қараталда  екіжылдық  орыс-қазақ 
мектебін  ашқан  адам.  Шәймерден  ауыл  молдасынан  сауатын  ашқан  зерек  інісі 
Жұмағалиды сол мектепке оқуға береді. Кейін, мектепті жақсы бітірген алғыр баланы 
Құсайын  1884  жылы  өзі  бітірген  Омбының  әскери-фельдшерлік  мектебіне  оқуға 
түсіреді. Бұл 1910 жылы болған оқиға еді, арада үш жыл өткенде, 1913 жылы Жұмағали 
бұл  мектепті  ойдағыдай  бітіріп,  фельдшер  мамандығын  алып  шығады.  Содан 
Қызылжар  қаласындағы  ояздық  ауруханаға  дәрігер  болып  орналасады.  Осы  жылы  ол 
өзінің ұстазы Құсайын Темірбековтің қызы Райханға үйленеді. 
Айта  кететін  жәйт,  Құсайынның  мектебінде  қазақтың  талай  талантты  жастары 
сауатын ашқан. Соның бірі – атақты режиссер, жазушы Шахмет Құсайынов. Райхан да 
әкесінің  мектебінде  оқыған,  көзі  ашық  қыз  болады.  Артынан  ол  Қызылжардың 
медбикелер мектебін бітіреді. Жұмағалимен екеуінің кіндігінен Ерік, Әзиз және Серік 
есімді үш ұл өмірге келеді.[2] 
Жұмағали  Тілеулин  Қызылжар  ауруханасында  1913  жылдан  1918  жылға  дейін 
дәрігер  болып  істеген.  Сондықтан  оны  Қызылжардың  қазақтар  арасынан  шыққан 
алғашқы дәрігерлерінің бірі деп айтуға толық негіз бар. 
Омбыда оқыған жылдары ол көркемсөзбен де айналысып, «Айқап» журналы мен 
«Қазақ»  газетіне  денсаулық  сақтау  мен  білім  алудың  пайдасы,  ағымдағы  мәселелер 
жөнінде  танымдық,  ағартушылық  мақалалар  беріп,  халқының  көзін  ашуға  жаны 
шырқырай  ұмтылып  жүреді.  Бұл  ісін  ол  Қызылжарда  қызмет  істеген  жылдары  да 
жалғастырып,  газет  арқылы  қазақтың  талай  жақсылары  мен  жайсаңдарына  да  таныс 
 
142 

болады.  Оның  қарапайым  халыққа  барынша  түсінікті  тілмен  жазылған  медициналық 
мақалалары  күні  бүгінге  дейін  құндылығын  жоймаған.  Мәселен,  1915  жылғы 
«Қазақтың»  №99  санында  шыққан  «Науқас  һәм  оның  емделуі»  деген  мақаласында: 
«Науқас  деген  нәрсе  –  дене  мен  науқастың  себебінің  соғысуы.  Бұдан  мұрат:  денеге 
біртүрлі  микроб  кірсе,  сол  кірген  жерінде  керекті  тамақ  тапса,  бір  минөтте  сансыз 
болып  көбеймекші,  одан  қанға  қосылып  (нағыз  күн  көретін  жері),  дененің  һәр  бір 
клеткаларын  жауламақшы.  Бұған  қарсы  дене  де  қарманып,  белгілі  қанның  ақ  шаригі 
«
фагоцит»,  тағы  да  өзге  клеткалар  мұнымен  жауласпақшы.  Бұл  уақытта,  кәдімгі 
патшалардың  соғыс  уақытында  арнаған  шығыны  сияқты,  бұл  ағзалардың  да  шығыны 
көбеймекші:  өйткені,  соғыстың  әскері  –  клетка,  фагоциттерді  артық  тамақтандыру 
керек.  Патша  соғысында  шығынның  көбейгені  –  патшалықтың  денесі  болған  қара 
халыққа  тынышсыз  тиіп,  шаруа  бұзылып,  халық  нашарланып,  бұрынғы  тұрмысы 
бұзылады. Мұнда да сол, дене бір суып, бір қызып, сау халін жойып, ауруға шалынуы 
осы секілді», деп түсіндіреді. 
Омбыда  оқып  жүрген  жылдарында  Жұмағали  Мағжанмен  де,  Міржақыппен  де 
танысып, дос болады. Бұл достық олардың өмірлерінің соңғы күніне дейін жалғасқан. 
1909 жылы Жақаңның Уфадағы  «Шарх» баспасынан атақты  «Оян, қазақ!» кітабының 
шыққаны  белгілі.  Патшаның  басқыншылық,  отарлау  саясатын  әшкерелеген  бұл 
кітаптың  мазмұнын  артынан  білген  жандармерия  оны  қуғынға  салып,  айналымнан 
алады.  Автордың  өзі  де  қуғын  көріп,  бой  жасырынуына  тура  келеді.  Сонда  Жақаң 
Қызылжарға  келіп,  жеке  адамдардың  аудармашылық  жұмыстарымен  және  қазақ 
балаларына  орыс  тілінен  сабақ  берумен  айналысады.  Осы  кезде  ол  Жұмағали 
Тілеулинмен  де  танысқан.  Жұмағали  Жақаңның  «Оян,  қазақ!»  кітабының  қазақ  үшін 
маңызды екенін тереңнен түсініп, оның 1 мың данасын өзінің басын қатерге тігіп патша 
жендеттерінен  жасырып  қалатыны  да  бар.  Артынан,  1917  жылы  патша  құлап, 
бостандық келгенде бұл туралы Жақаңның өзі «Қазақ» газетіне жазған. [3] 
Жұмағали  Тілеулин  ақындықтан  да  құралақан  болмаған.  Оған  1911  жылы 
«Айқап»  журналының  үшінші  нөміріне  шыққан  «Жас  туғандарымызға»  деген  өлеңі 
куә. Бұл ұзақ өлең: 
Құрметті кейін келер жастарымыз,  
Көсем боп өз бетіңмен басталыңыз.  
Қор болған тұқымыңа жәрдем үшін  
Қосылсын әр уақытта бастарыңыз, 

деп  басталады.  Оның  негізгі  мазмұны  жастарға  халықты  мешеуліктен  құтқару 
үшін  оқу-білімді  игеруге,  ұйқыдан  оянып,  алға  кеткен  халықтардың  өнерін  үйренуге 
шақыруға саяды. Жұмекеңнің ағартушылық қызметіне толық тоқтала кететін болсақ, ол 
Кеңес  өкіметі  жылдарында  да  медицина  саласында  халыққа  аса  қажетті  мақалалар 
жазып тұрған. Осы тақырыпқа қазақ тілінде бес кітап жазып шығарған, оларды да айта 
кететін  болсақ,  «Денсаулық»  (Орынбор,  1923  ж.),  «Гигиена»  (Орынбор,  1924  ж.), 
«Жұқпалы  науқастар  мен  оларға  қарсы  қолданылатын  шаралар»  (Мәскеу, 
«Центргосиздат  народов  СССР»,  1926  ж.),  «Қотыр  науқасы  және  онымен  күресу» 
(
Мәскеу,  «Центргосиздат  народов  СССР»,  1926  ж),  «Гигиена»,  екінші  сатылы 
мектептерге  арналған  оқулық  (Қызылорда,  Казмембаспа,  1927  ж.).  Сонымен  қатар, 
Жұмағали д-р Глобаның «Көз ауруы», д-р Муралевичтің «Мерез ауруы», Е.Клотованың 
«Қолдағы  хайуандардан  адамға  жұғатын  науқастар»  атты  кітаптарын  қазақшаға 
аударып, Мәскеуден бастырып шығарған. Медицина саласына сол жылдары ана тілінде 
Жұмағалидай көп пайдалы ақпарат әкелген адам кемде-кем шығар. [1] 
1917  жылы  Жұмағали  Тілеулин  Омбы  қаласында  болған  Ақмола  облысы 
қазақтарының  арасында  «Алаш»  партиясын  құру  съезіне  қатысады.  Әрине,  ұлтының 
жоғын жоқтаған партиядан озық ойлы азаматтың шет қалуы мүмкін де емес еді. Съезде 
 
143 

Жұмағали партияның облыстық комитетіне мүше болып сайланады. Осы съезден кейін 
ол  Әлихан  Бөкейхановпен  де  жиі  араласып,  пікірлес  болады.  Ол  екеуінің  таныстығы 
бұдан  көп  бұрын  басталған  еді.  Әлекең  1917  жылы  Минскіден  патшаның  құлағанын 
айтып,  Алаштың  біраз  азаматтарына  жеделхат  жіберген  еді  ғой.  Соның  бірі  осы 
Жұмағали Тілеулин болған. 
Жұмағали  «Алаш»  партиясының  жұмысына  белсене  араласып,  оның  тезірек 
құрылып, қанат жаюына көп жәрдем еткен. 1917 жылдың қараша айында ол партияның 
Қызылжар қаласындағы ояздық комитетінің ашылуына да мұрындық болып, өзі оның 
басшыларының  бірі  болып  сайланады.  Одан  сол  жылдың  аяғында  Орынбордағы  ІІ 
Жалпықазақ  съезіне  Ақмола  облысы  делегациясының  құрамында  қатысып,  сөз 
сөйлейді. 
Кеңес  өкіметін  құрған  ұрдажықтар  өздерінен  басқаша  ойлайтын  жанның  бәрін 
жау  көрген  ғой.  Қолдарына  билік  тиіп,  күшейе  бастаған  кезден-ақ  олар  «Алаш» 
партиясының мүшелерін де қуғынға салады. 1918 жылдың 12 ақпанында Қызылжардың 
ояздық  денсаулық  сақтау  бөлімінде  қызмет  істеп  жүрген  Жұмағалиды  да  тұтқынға 
алады.  Бар  жазығы  –  «Алаш»  партиясының  мүшесі  болғандығы.  Түрмеде  жатқан 
досына  Мағжанның  «Г…ға»  деген  тақырыппен  Жұмағалиға  арнаған  өлеңі  осы  кезде 
шыққан: 
Мейірімсіз тағдыр құрған торға түсіп, 
Жапанда жатыр едік біз оққа ұшып. 
Кеудеден таза ыстық қан сорғалап, 
Қайырымсыз қара алқын жерді құшып. 
Айрылып алтын ерік, ар-намыстан, 
Қайрылмай қанат ағып бақ құсы ұшып. 
Тас жүрек, көңілі қара жауыз жаудың 
Қолынан құлдық, қорлық уын ішіп

деп келеді де заңғар ақын өлеңінің соңында үлкен көрегендік жасап: 
Ардақты ер! Ұмытылмас еткен ісің, 
Күні ертең айбынды алаш жинап есін, 
Көксегеннен көп заманнан тілегіңді 
Жарыққа шығаруға жұмсар күшін, 

деп қорытынды жасайды. [1] 
Бірақ  ұрдажықтар  «Алаш»  партиясына  жарияланған  амнистияға  сәйкес 
Жұмағалиды  ұзамай  босатады.  Осы  кезден  ол  Қызылжар  қаласында  білім  беру, 
денсаулық  сақтау  салаларында  түрлі  қызметтер  атқарады.  1930  жылы  оны  тағы  да 
ұстап, қамайды. Кінәсі сол баяғы «алашордашыл» болғандығы. Бірақ бұл жолы да ұзақ 
ұстамай, екі айдан соң қоя береді. Осыдан кейін Жұмағали Петропавлдың медициналық 
техникумына мұғалім болып орналасады. Бұл жерде де ұзақ істетпей, 1931 жылы тағы 
да  қамайды.  Сөйтіп,  бұл  үшінші  рет  тұтқындау  болады.  Өкіметті  тек  қана  өздеріне 
берілген,  айтқанын  екі  етпей,  «ләббай,  тақсырлап»  тұрған  шолақ  белсенділерден 
құруды мақсат еткен ұрдажық билік өзіндік ойы бар жандардан өлердей қорқушы еді. 
Сондықтан да оларды тұтқындап, атып, асудан жаңылған емес. Жұмағалиды бұл жолы 
этаппен  Алматыға  айдап,  сонда  бір  жыл  түрмеде  тергеуде  ұстап,  1932  жылдың  сәуір 
айында Мұхамеджан Тынышбаев бастаған қазақ зиялыларымен бірге соттап, Воронеж 
облысына  жер  аударады.  Бұл  жерде  мамандығы  бар  Жұмағали  Белоозер  аудандық 
ауруханасына  дәрігерлік  жұмысқа  орналасады.  Сол  кезде  оның  отбасы  тағдырдың 
жазуымен  Қырғызстан  астанасы  Фрунзе  қаласына  қоныс  аударған  болатын.  Жер 
аударылған  мерзімі  біткен  соң  Жұмағали  да  сол  жерге  сұранып  келеді.  Мұнда  ол 
Қырғызстанның  Новотроицкое  ауылында  аудандық  аурухананың  меңгерушісі  болып 
істейді.  Бірақ  ұзамай  37-нің  зұлматы  басталып,  есіл  ерді  тағы  да  тұтқындайды.  Бар 
 
144 

кінәсі  сол  –  «Алаш»  партиясының  мүшесі  болғандығы.  Тіпті  осы  үшін  бірнеше  рет 
түрмеге  отырғандығы,  сотталғандығы  да  еске  алынбайды.  Жоғарыдан  түсірілген 
тапсырмаға  (разнарядкаға)  сәйкес,  «шпиондық  ұйымға»  мүше  болғандығы  үшін 
«үштік» 1938 жылдың 17 ақпанында Фрунзе қаласының түрмесінде атқызады… Сөйтіп, 
өз халқына қарлығаштың қанатымен су сепкендей пайдасын тигізіп жүрген есіл ер ит 
қорлықпен өмірден өткен еді. 
Әрине,  Түркістан  әскери  округінің  әскери  трибуналы  оны  қылмысы  жоқ 
болғандығы  себепті  1958  жылдың  20  наурызында  ақтаған.  Бірақ  оның  есіл  ерге  де, 
«халық жауының отбасы» деген жаман атақ алып, 20 жыл бойы жазықсыз қуғын көрген 
балашағасына да еш пайдасы болған жоқ. Жан жары Райхан 1955 жылы ұзақ жылдық 
қуғынға  шыдамағаннан  жүрегі  жарылып  өмірден  озады.  Үлкен  ұлы  Ерікті  еңбек 
армиясына  алған.  Одан  1945  жылы  «ауырып  өлді»  деген  «қара  қағаз»  келеді.  Екінші 
ұлы Әзизді сыныққа сылтау тауып, айып батальонына жіберіп, соғысқа салған. Ол сол 
жерден  хабарсыз  кеткен.  Жұмекеңнің  1926  жылы  туған  кіші  ұлы  Серік  қана  баянды 
өмір  сүріп  келеді.  Ол  биология  ғылымдарының  докторы,  қазір  Алматы  қаласында 
тұрады. Оның Данияр деген ұлы, Ерік деген немересі бар. [1] 
2005 жылы петропавлдық өлкетанушы Қайролла Мұқанов «Жумагали Тлеулин – 
деятель  «Алаш-Орды»  деген  орыс  тілінде  кітап  шығарды.  Онда  Алаш  арысының 
тағдыры біршама толық берілген. 
Ұлтының  қамын  жегені  үшін  арманда  кеткен  есіл  ердің  есімін  еске  алып 
отыратын бір ескерткіш керек-ақ. Сондықтан, Жұмағалидың қазақтан шыққан алғашқы 
дәрігерлердің бірі, әрі өзі сабақ берген орын ретінде есімін Петропавлдың медициналық 
колледжіне берсе, ердің атын шын ескергеніміз болар еді. Сонда біз ұлы Мағжанның 
«Ардақты ер! Ұмытылмас еткен ісің…» дегенін де ақтаған болар едік. 
 
 
 
Әдебиет: 
1.
 
Муканов  К.  Жұмағали  Тілеулин.  Документальная  биография.  -  Алматы:  Издательский  дом 
«Жибек жолы», 2005. - 216 с. 
2.
 
Т. Қажыбаев. Алаштың бір арысы. Арқа ажары. 2003. 26 сәуір. 
3.
 
Г. Дулатова. Мәңгілік мирас. Қазақ әдебиеті. 2003. 7 ақпан. 
 
 
 
ӘОЖ 94(574) 
 
ҚЫЗЫЛОРДА ҚАЗАҚ АКСР-НЫҢ АСТАНАСЫ 
 
Қарабала С. 
(М.Қозыбаев атындағы СҚМУ) 
 
 
 
Қазақ  халқының  егемендік  алуымен  қатар  еліміздің  рухани  өміріне  жаңаша 
өзгерістер  ене  бастайды.  Халыққа  білім  беру,  ғылым  мен  мәдениеттің  дамуы  жаңа 
белестерден көріне бастайды. 
«Біздің  мақсатымыз»  -  деп  жазады  елбасы  Н.Ә.  Назарбаев,  -  ғылымды  жаңадан 
жасап, оны еш нәрсеге жарамай қалған, ескірген идеялардан тазартуға тиіспіз. Әсіресе, 
мұны қоғамдық ғылымдар саласына қолдануымыз керек»
 
[1]. Міне осыған байланысты 
халқымыздың жүріп өткен жолын жаңаша көзқараспен жазуға және қазақ тарихындағы 
 
145 

«ақтандақтардың» орнын толтыруды қажет деп есептейді. Отан тарихында әлі тарихи 
тұрғыдан  өз  бағасын  алмаған  мәселелер  аз  емес.  Соның  бірі  1925  жылы,  Ақмешіт 
қаласының  Қазақ  АКСР-ның  астанасы  болды.  Қазақстан  астанасын  Орынбордан, 
Ақмешітке көшіруде Мәскеулік билік өзара байланысты бірнеше маңызды мақсаттарды 
көздейді.  Біріншіден,  Қазақстан  территориясын  толық  біріктіріп,  оның  шекарасын 
белгілеу. Екіншіден тұңғыш қазақ атын енгізіп, Ақмешіт қаласын АКСР-ның астанасы 
ету.  Үшіншіден,  Қазақстанда  халық  шаруашылығын  өркендету.  1924  жылы  Орта 
Азияда ұлттық мемлекттік шекараларды белгілеу нәтижесінде Өзбекстан, Түрікменстан 
республикалары,  Қырғыз,  Тәжік  автономды  облыстары  құрылғаны  белгілі.  Осы  шара 
негізінде  Түркістан  республикасы  құрамына  кіретін  қазақтар  қазақ  автономды 
республикасына қосылып, ұлт біртұтастығын қамтамасыз етуге мүмкіндік болады, жер 
көлемі өседі. Кеңестік кезеңде, яғни Қазақ Автономды Кеңестік Республикасын құруға 
дайындық  және  ол  құрылғаннан  кейінгі  алғашқы  жылдары  Қазақстанның  әкімшілік-
саяси  орталығы  ретінде  талаптарға  басқалардан  гөрі  Орынбор  қаласы  сай  келген  еді. 
Алайда территорияның ұлғаюы мен әсіресе шығыс, оңтүстік облыстардың қашықтығы, 
республикалық,  орталық  органдардың,  ондағы  жергілікті  халықтардың  шаруашылық, 
мәдени  өміріне  басшылық  жасауын  толық  қамтамасыз  ете  алмады.Астананың  бір 
қиырда  орналасуы  Қазақстан  өкіметінің  де  жергілікті  жерлердегі  партия  кеңес, 
шаруашылық ұйымдарымен тығыз байланысына едәуір қиындық келтіреді, сондықтан 
астананы ауыстыру қажеттігі туындайды. 
Орталық  Атқару  Комитеті  төрағасының  орынбасары  қызметтерінде  ширығу, 
шыңдалу  мектебінен  өткен  Сұлтанбек  Қожанұлы  межелеу  коммиссиясының  мүшесі 
ретінде  маңызды  мәселенің  барысына  белсене  араласады.  Әуелгі  кезекте  елдің 
астанасын «отар қала – Орынбордан» (өз сөзі) қалың қазақтың ортасына көшіру қажет 
екендігін ресми мәжіліс мінбелерінен сөйлеген сөздерінде, сондай-ақ баспасөз бетінде 
жариялаған  мақалаларында  қозғайды.  С.  Қожанов  «Еңбекші  Қазақстан»  газетінде 
Қазақсан  астанасын  Орынбордан,  Ақмешітке  көшіруге  және,  Ақмешітке  Қызылорда 
атын  беруге  өзіндік  ұтымды  пікір  білдіреді  [2].  Осындай  пікір  қатарында                                    
С. Сәдуақасов, Т. Жүргеновте болды. Мемлекеттік коммиссия ретінде, Ақтөбе, Ақмола, 
Шымкент,  Әулиеата,  Ақмешіт  қалаларын  атайды.  Біріншіден  Сырдария  губерниялық 
партия    конференциясында  республика  астанасы  ретінде  Ташкент  қаласы  алынады. 
Республиканың астанасына, Ақмешіт қаласы ұсынылғанда, ең басты дәлел ретінде онда 
Орынборға қарағанда қазақтардың көп тұратыны жөнінде пікірлер айтылады. Орынбор 
– 
Ташкент  темір  жолы  республиканың  жаңа  астанасын  Ресей  орталығымен, 
Қазақстанның  батыс,  оңтүстік  аудандарымен  және  Орта  Азия  республикаларымен 
байланыстыратын. Оның үстіне, Ақмешіт болашағына үлкен үміт күттіретін суармалы 
егістің орталығында орналасқан. Бүгінгі көзқараспен қарағанда республика басшылары 
С.Қожанов,  С.Сәдуақасов  астананы  көшіру  мәселесіне  ұлттық  мүдде  тұрғысынан  
келген  деп  айтуға  болады.  Оның  үстіне  Ресей  аумағындағы  Қазақ  АССР-ының 
астанасы  Орынбормен  қарым-қатынас  жасаудың  қиындығы  келелі  істерге  кедергі 
келтіретінін  атап  өтеді.  Көзі  ашық,  көкірегі  ояу  қазақ  зиялылары  Т.  Рысқұлов,  С. 
Мендешов, Н. Нұрмахов, С. Қожанов, С. Сәдуақасов т.б.   дербес Қазақ Республикасын 
құруды жақтайды. Түркістан мен Қазақстан Республикаларының ішкі мүмкіншіліктерін 
сан қырынан талдап – таразылаған мемлекет қайраткері Сұлтанбек Қожанов астананы 
Орынбордан  қазақтың  қалың  ортасына  көшіруді  қызу  қолдайды.  Себебі,  «Мемлекет 
астанасының  жұртшылығына  сүйеніп  істемесе,  бас  хүкіметтің  ісі  оңбайды»,  -  деп 
түйген. Бұл жайында баспа сөз бетінде мәселе көтереді. 
Жаңа  астана  туралы  ойларын  «Ақжол»  газетінде  жарияланған  «Кешіктірмей 
келісу  керек»  (1924  ж.),  «Іс  жүзінде  орындау  керек»  (1924  ж.),  «Қазақтың  кіндігі 
жоқтықтан қазақтың киіз ауылында болса да, қазақ жұртшылығына жуық болуы керек, 
 
146 


деп  жазады  мақала  беттерінде.  С.  Қожанов  «Ақжолдың»  1924  жылғы  17 
желтоқсандағы санында. – Қазақ астанасы болуға Орынбор қаласы шетте болғандықтан 
ғана  жарамайды  емес,  қазақ  қаласы  болмағандықтан,  қазақ  ұлт  мемлекетінің 
ұлтшылдығына орда болуына қисыны жоқтықтан жарамайды. 1925 жылдың ақпанында 
Қазақ  Орталық  Атқару  Комитеті  (КазЦИК)  Президиумы  республика  астанасын 
Орынбор қаласынан, Ақмешіт қаласына көшіру жайлы қаулы қыбылдайды, ал 6 сәуірде 
Орынбор губерниясы Қазақ автономиясы қүрамынан шығарылады. Перовск станциясы 
темір  жол  жұмысшыларының  бастамасы  бойынша  Қазақстан  өкіметін,  Ақмешітке 
көшіру үшін үш күн ішінде «Қызыл паровозды» жөндеуден өткізіп, Орынборға жіберді. 
Қазақ  АССР-і  Кеңестерінің  Ү  съезі  делегаттары  және  өкімет  мүшелері  бар  поезы 
Орынбордан республиканың жаңа астанасы, Ақмешітке 1925 жылдың наурыз айының 
аяғында  аттанды.  Съезд  делегаттарының  ішінде  мәдениет,  өнер  қайраткерлері  Иса 
Байзақов,  Александр  Затаевич,  Әміре  Қашаубаев,  Сәбит  Мұқанов,  Сәкен  Сейфуллин, 
Қажымұқан  Мұңайтпасов  болатын.  Құрамында  Қазақ  АССР-і  Кеңестерінің  Ү  съезі 
делегаттары  бар  өкімет  поезын  жол  бойында  Сексеуіл,  Арал,  Қазалы,  Жосалы 
станцияларының  жұртшылығы  қарсы  алып,  көп  адам  жиналған  митингілер 
ұйымдастырылды.  Ақмешіт  станциясында  орасан  зор  митингі  болып  өтті.  Оны 
Ташкенттен келген Сырдария облыстық партия комитетінің хатшысы Әбілқайыр Досов 
ашты.  Өкімет  делегациясын  Қазақстанның  жаңа  астанасының  жұмысшылары  мен 
интеллигенциясы қызу құттықтады [4].  
Қала  жастары  атынан,  ақын  Әбділдә  Тәжібаев  сөз  сөйледі.  Ірі-ірі  мекендерде 
өткен  митингіден  жол  бойы  еңбекшілерімен  жүздесуге  Қазақ  өлкелік  партия 
комитетінің  екінші  хатшысы  Сұлтанбек  Қожанов  пен  Республика  Орталық  атқару 
комитетінің төрағасы Жалау Мыңбаев кезектесіп сөз сөйледі. Сонымен, 1925 жылдың 
15 сәуірінде, Ақмешіт қаласында бүкіл Қазақстан еңбекшілері өкілдерінің басын қосқан 
Қазақ  АССР  Кеңестерінің  Ү  съезі  салтанатпен  ашылды.  Бес  күнге  созылған  съездің 
негізгі  құжатының  бірі  қырғыз  халқының  тарихи  дұрыс  атын  қалпына  келтіруі  еді. 
Яғни, Кеңестердің бүкіл қазақтың Ү съезі «бұдан былайғы жерде «киргиз» деген атау 
«қазақ"  деп  аталсын»  деп  қаулы  қабылдады.  Сонымен  бірге  съезд  «Киргиз 
Республикасын!  «Қазақ  Республикасы»  деп  атауға,  ал  оның  астанасы,  Ақмешітті 
Қызылорда деп атауға қаулы қабылдады [5]. 
Қызылорданың Қазақстан астанасы болуымен тарихтың жарқын беттері ашылды. 
Бұл  кезде  қаланың  тұрғыны  22  577-ге  жетті.  Дәл  осы  жылдары  жарқыраған  электр 
жарығы іске қосылды. Астана мәртебесіне қол жеткізгеннен соң түрлі мекемелер мен 
өндіріс  орындарының  іргетасы  қалана  бастады.  Біртіндеп  кондитерлік  фабрика,  ет 
комбинаттары, сыра зауытымен бірге басқа да артелдердің қатары көбейді. Қызылорда 
астана  болған  жылдары  орта  оқу  және  арнаулы  оқу  орындары,  өнеркәсіп  және 
ауылшаруашылық мекемелерімен қоса орталықтан ғылыми-зерттеу ғимараты қазақтың 
эпидемиология және гигиена институтының негізінде егу лабораториясы дүниеге келді 
[6].  Сондай-ақ  ең  алқашқы  рет  қазақтың  ғылыми  —  зерттеу,  жер  қыртысын  зерттеу, 
қазақтың мал дәрігерлік — бактериологиялық және басқа да институттары өз жұмысын 
осы қалада бастаған болатын. Сауатсыздықты жою үшін, әрине, газет — журналдардың 
рөлі  зор  екендігін  ұққан  ұлттық  кадрлар  оны  ә  дегеннен-ақ  қолға  алды.  Сол  кезде 
Қызылорда  «Еңбекші  қазақ»  (Егемен  Қазақстан)  «Советская  степь»,  кейінірек 
«Казахстанская  правда»  деп  аталатын  республикалық  газеттер  мен  басқа  да 
журналдарды шығарып тарата бастады. Осы өмірдің туын желбіретуге қоғамдық-саяси 
қызметті  қоса  арқалаған,  ел  көшіне,  өмір,  ағымына,  халық  тағдырына  қабырғасы 
қайыса  қам  жеген  дарынды  жазушылар  мен,  ақындар-де  білек  түріп  араласты.  Сәкен 
Сейфуллин,  Бейімбет  Майлин,  Ілияс  Жансүгіров,  Сәбит  Мұқанов,  Сабыр  Шәріпов, 
Қалмахан Әбдіқадыров, Әбділда Тәжібаев, Асқар Тоқмағанбетовтың шығармалары осы 
 
147 

Қызылордада  жарық  көрді.  Сонымен,  Қызылорда  саз  балшықтан  салынған  бейнесін 
бұзып,  қос  қабатты,  әсем  үлгідегі  үйлермен  қатарын  түзеп,  сол  кездегі  мөлшермен 
қыруар  қаржы  бөлініп  жатты.  Сөйтіп  қалада  қазақтың  ұлттық  нақыштарымен 
әспеттелген  әсем  үйлер  салына  бастады.  Республика  астанасының  Қызылордада  болу 
кезеңінде  өнеркәсіп  пен  мәдени  салалар  біршама  дами  түсті.  Жергілікті  өнеркәсіп, 
тұрғын  үйлер,  мәдениет,  денсаулық  сақтау,  білім  беру  объектілері  бой  көтерді.  Осы 
кезеңде республика үкіметі Голощекиннін басшылығымен Қазақстан республикасының 
астанасын  басқа  қалаға  көшіру  туралы  мәселені  жандандыра  түсті.  1927  жылдың 
наурызында  Қазақстан  Орталық  Атқару  Комитеті  мен  Халық  Комиссарлар  Кенесі 
Қазакстан  астанасын  Алматы  қаласына  көшіру  туралы  қаулы  кабылдады.  Осы 
құжаттың  негізінде  Қазақ  АССР  Кеңесінің  VІ  съезі  1927  жылғы  3  сәуірінде  болған 
мәжілісінде  оны  бекітті.  Түркістан  —  Сібір  темір  жолының  іске  қосылуы  астананың 
Ақмешіттен Алматыға көшуін тездетті. 
Қазақ  өнерінің  қара  шаңырағы  –  осы  күнгі  Қазақтың  Мемлекеттік  М.  Әуезов 
атындағы академиялық драма театры алғаш рет өз шымылдығын Қызылорда қаласында 
1926  жылдың  қаңтар  айында  ашты.  Бұл  –  даусыз  ақиқат.  Алайда  театр  тарихына 
қатысты ресми мәліметтерде, баспасөз бетіндегі ақпараттарда ұйымның ашылған күні 
мен алғашқы сахналанған қойылымы туралы түрлі деректер кездеседі. 
Театрдың  ресми  сайтындағы  «Театр  жайлы»  деген  айдарда  М.  Әуезов  театры 
көркемдік  жетекшісінің  әдеби  кеңесшісі  Әлия  Бөпежанова  былай  жазады:  «Қазақтың 
Мемлекеттік М. Әуезов атындағы академиялық драма театры – тұңғыш ұлттық мәдени-
сахналық мекеме. 1925 ж. соңында сол кездегі астана Қызылордада ұйымдастырылды. 
Театр  шымылдығы    ресми  түрде  1926  ж.  10  қаңтарда  Қ.Кемеңгеровтің  «Алтын 
сақинасымен»  ашылды,  13  қаңтарда  М.  Әуезовтің  «Еңлік-Кебек»  трагедиясы 
қойылды».
 
1926  ж.  31  қаңтарда  болған  Ұлт  театрының  ресми  ашылуында                              
Қ.  Кемеңгеровтің  “Алтын  сақинасы”  ойналды».
 
Театрды  ұйымдастырған  Смағұл 
Садуақасұлы,  театрдың  тұңғыш  директоры  болған  Дінше  Әділұлы,  оның  ресми 
ашылуында  ойналған  алғашқы  қойылым  авторы  Қошке  Кемеңгерұлы  қуғын-сүргінге 
ұшыраған соң, олардың есімдері көп уақыт театр тарихынан өшірілді. Кеңестік кезеңде 
жазылып қалған ескі дерек әлі күнге дейін жөнделмей келеді. 
Біз бұл жерде ұлы жазушы Мұхтар Әуезовтің театр өнерінің тарихындағы орнын 
еш төмендетпейміз. Қазақ театрының, қазақ драматургиясының қалыптасуына, дамып 
өркендеуіне  Мұхтар  Әуезов  ұлы  еңбек  сіңірді.  Біз  тек  шындықтың  айтылғанын 
қалаймыз.  Біле  білсек,  Мұхтар,  Қошке,  Смағұлдар  –  ниеттес,  қаламдас,  дос  болған 
адамдар. Олар да ақиқаттың бұрмаланбағанын тілер еді деп білеміз. 1927 жылы жарық 
көрген  «Әдебиет тарихы» кітабында М.  Әуезов:  «Тарихтың дәл суретімен толығырақ 
танысамын  деген  кісі  болса…  Қошмұхамбет  Кемеңгерұлының  «Қазақ  тарихынан» 
еңбегін қарап өтсін дейміз»,- деп жазады [7]. 
1937  жылы  Қиыр  Шығыстағы  Корей  педагогикалық  институтының  Сыр  өңіріне 
көшірілуі  негізінде  іргетасы  қаланып,  бүгінгі  күні  еліміздегі  іргелі  жоғары  оқу 
орындарының  біріне  айналған  Қорқыт  Ата  атындағы  Қызылорда  мемлекеттік 
университеті  тарихы  тереңнен  сыр  шертетін  білім  ордасы.
 
1937-
1941  жылдар  – 
Қызылорда  педагогикалық  институтымен  бірге  мұғалімдер  институты  қатар  жұмыс  
істеді.
 
1952 жыл – Қызылорда педагогикалық институтына Н.В. Гогольдің есімі берілді. 
1992 жыл – Н.В. Гоголь атындағы Қызылорда педагогикалық институты Қорқыт Ата 
атындағы Қызылорда педагогикалық институты болып аталды. 
Елжандылық, ұлтжандылық қасиеттер ұрпақ бойына туған топырақ, алтын бесік, 
өскен ортадан даритыны анық. Елбасы Н.Ә. Назарбаев  «Алаштың Анасы» деп атаған 
Сыр  өңірі  ежелден  Орталық  Азиядағы  мәдениет  пен  ғылымның  дамыған  аймағы 
 
148 

болған.  Бұған  облыс  аумағындағы  Шірік  Рабат,  Сығанақ,  Жанкент  қалаларының  өз 
заманында мемлекетіміздің астаналары болғаны дәлел. 
Кеңестік  кезеңде  қолға  алынған  өңіріміздің  тарихы  мен  мәдениетін  зерттеу 
жұмысы  Тәуелсіздік  жылдары  жаңа  мазмұнда  жалғасты.  Елбасының  тікелей 
бастамасымен  қабылданған  «Мәдени  мұра»  мемлекеттік  бағдарламасы  аясында 
университет  төл  тарихымызға  қатысты  мұраларды  зерттеп-зерделеу,  жинақтау, 
насихаттау  ісіне  барынша  атсалысуда.  2001  жылдан  Аралдың  кепкен  табанындағы 
Кердері  мекенін  зерттеу,  2005  жылдан  Ресей  ғылым  академиясының  Н.Н.  Миклухо-
Маклай  атындағы  Этнология  және  антропология  институты,  Ә.  Марғұлан  атындағы 
Археология  институтымен  бірлесіп  жүргізілген  Арал  өңіріндегі  көне  және  ортағасыр 
ескерткіштеріне  археологиялық  қазба  жұмыстарының  нәтижелері  ғылыми  айналымға 
қосылды.  Осы  әріптестіктің  арқасында  бүгінгі  күні  университетте  археологтар 
мектебінің негізі қаланды. Өңіріміздің тарихы мен мәдениетін зерттеу жұмыстарын бір 
жүйеге  түсіру,  ғылыми  жаңалықтарды  оқу  үдерісіне  енгізу  мақсатында  «Археология 
және этнография» ғылыми зерттеу орталығы құрылды. Сонымен қатар, Сыр өңіріндегі 
тарихи-мәдени мұраларды түбегейлі зерттеу, Қазақстан тарихы пәнін оқытудағы өзекті 
мәселелерді  шешуге  атсалысу  мақсатында  «Еуразиялық  өркениет  және  Сыр  өңірі» 
ғылыми-зерттеу орталығы ашылды. 
Қазақстанның тарихи даму барысында бірнеше қала Астана қызметін атқарған. 
1924-
1928  жылдары  Қызылорда  (Ақмешіт)  осы  рөлді  атқарған.  Сырдария  өзені 
бойында  орналасқан,  ерте  заманнан  отырықшы,  қала  мәдениеті  жан-жақты  дамыған, 
рухани мәдениеті терең сақталған аймақ. Ол 1853 жылға дейін Ақмешіт, ал 1853-1925 
жылдар аралығында Перовск деп аталған. 1925 жылы Қызылорда  болып өзгертілген. 
 
 
 

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   18




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет