Реферат жоспары : Соқтығысулар жөнінде ұғым Соқынның түрлері Серпімді және серпімсіз соқтуғысулар


Серпімді жəне серпімсіз соқтуғылар



Pdf көрінісі
бет2/4
Дата07.11.2022
өлшемі0,87 Mb.
#48186
түріРеферат
1   2   3   4
Серпімді жəне серпімсіз соқтуғылар 
Өзара әрекет кекзінде бөлшектердің ішкі энергиясының өзгеру сипатына 
байланысты соқтығысулар процесін серпімді және серпімді емес деп екі 
топқа бөлу қолайлы .Осыған сәйкес соқтығусудың екі шекті түрі бар : 
- Абсолют серпімді ; 
- Абсолют серпімді емес . 
Абсолют серпімді емес соққы 
Абсолют серпімсіз соққы-соққы нәтижесінде екі дене тұтас дене сияқты бірге 
қозғалады. Абсолют серпімсіз соққыны көрсету үшін бір-біріне қарама-қарсы 
келе жатқан екі шардың қозғалысын қарастырамыз 
Абсолют серпімді емес екі дененің соқтығысуын қарастырайық. Соқтығысуға 
дейін денелер массалары мен жылдамдықтарын оларға сәйкес m (1) m(2) 
,және V(1) V(2),деп белгілейік. Соққыдан кейін екі дене де бірдей 


жылдамдықпен қозғалады. Қарастырылып отырған жүйеге импульс сақталу 
заңын қолданып, соқтығысудан кейінгі 
(1) 
жылдамдықты табуға болады.Өзара әрекет серпімді емес болса, механикалық 
энергияның бір бөлігі ішкі энергияға ауысады. Осы түрленген энергия 
бөлігінің шамасын есептейік. Соққыға дейін жүйенің кинетикалық энергиясы 
аддитивтік шама болғандықтан, 
(2) 
теңдігімен анықталады. Осыған және (1)-ге сәйкес соққыдан кейін 
(3) 
Механикалық энергияның шығыны (2) және (3)-ке байланысты 
(4) 
формуламен есептеледі. Мұнда (V(1 )-(V 2) – денелердің соққыға дейін 
салыстырмалы қозғалысының жылдамдығы. Сонымен, (4)-ке қарағанда 
жылуға айналатын механикалық энергия бөлігінің шамасы 
(5) 
эффективтік масса мен V = V1-V2 салыстырмалы жылдамдыққа тәуелді. 
Жайшылықтағы серпімді емес денелердің соққысы сипаттамалары 
бойынша абсолют серпімді мен серпімді емес соқтығысулардың арасында 
жатыр. Мұндай процестер үшін энергияның сақталу заңын бұрынғы түрде 


қолдануға болмайды. Соқтығысудан кейін өзара әрекеттескен денелердің 
жылдамдықтары бірдей емес. Осындай ерекшеліктер серпімді емес денелер 
соқтығысуларын зерттеуге, мысалы, өзара әрекеттен кейін денелер 
жылдамдықтарын есептеуге қосымша қиындықтар тудырады. 
Жалпы серпімді емес соқтығысулар есептерін шешуге денелердің 
салыстырмалы жылдамдықтары үшін қорытылған белгілі Ньютон қатысын 
қолдануға болады. И.Ньютон дәлелдегендей, заты белгілі денелердің 
серпімді 
емес 
соққылары 
кезінде 
соққыға 
дейін 
және 
кейін 
жылдамдықтардың қатынасы тұрақты шама. Осыған байланысты серпімді 
емес соқтығысуларды соққыдан кейін салыстырмалы жылдамдықтың 
(6) 
қалпына келу коэффициентімен сипаттау қабылданған. 
Қалпына келу коэффициенті әрқашан бірден кіші е < 1 . Оның кейбір 
мәндерін И.Ньютон тапқан: мысалы, шыны үшін e=15/16, темір үшін – 5/9, 
және т.с.с. Абсолют серпімді соққы процесінде e=1,0; абсолют серпімді емес 
соққыда e=0,0. Егер қарастырылып отырған процесс үшін e коэффициенті 
белгілі болса, дененің соққыдан кейінгі жылдамдығын, энергия шығынын 
есептеуге мүмкіндік бар 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет