Реферат пәні: Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар Тақырыбы: Операциялық жүйелер



бет3/8
Дата14.09.2022
өлшемі62,9 Kb.
#39011
түріРеферат
1   2   3   4   5   6   7   8
2.4. ОЖ-нің негізгі функциялары:

  1. Пайдаланушы мен компьютердің программалық-аппараттық құралдарының арасында интерфейс орнату;

  2. Аппараттық қамсыздандыру мен программалық қамсыздандыру арасындағы интерфейс орнату;

  3. Программалық қамсыздандырудың әр түрінің арасында интерфейс орнату.

  4. Компьютер мен қолданушы арасындағы қарым-қатынасты жүргізу;

  5. Мәліметтерді енгізу-шығару және басқару;

  6. Компьютердің барлық аппараттық құралдарының жұмысымен келісілген ресурстарды басқару;

  7. Үрдістерді басқару, яғни бағдарламаларды орындау, олардың компьютер құрылғысымен, деректермен өзара әрекеттесуін орындау;

  8. Нақты қарапайым командаларды – ақпаратты өңдейтін операцияларды орындау;

  9. Орындау үшін бағдарламаны іске қосу;

  10. Басқа құрылғылар жұмысын бағдарламалық қолдау.

Барлық операциялық жүйелер пайдаланушылармен жұмыс істеудің пакеттік және диалогтық режимдерін қамсыздандырады.



  1. Пакеттік режимде – операциялық жүйенің берілген командалар тізбегін автоматты түрде орындайды.

  2. Диалогтық режимде – операциялық жүйе пайдаланушының командасын күтеді де, арнайы команда алған соң орындап, жауап қайтарады да, келесі команданы күтеді. Операциялық жүйе процессор үзілісі мен BIOS үзілісіне негізделген. ОЖ-нің жұмысты үзіп, әрекеттерге жауап бере алуын диалогтық режим деп атайды.

Пайдаланушы интерфейсі 2 түрге бөлінеді:



  1. Графикалық емес ОЖ-де командалық жол интерфейсі қолданылады. Мұнда негізгі басқару құрылғысы – пернетақта. Басқару командалары командалық жолдарға енгізіледі, мұнда командаларды редакторлеуге де болады. Команданың орындалуы Enter пернесін басқаннан кейін жүзеге асады. IBM PC компьютерінің командалық жол интерфейсін MS-DOS операциялық жүйесі атқарады.

  2. Графикалық ОЖ-де интерфейстің күрделірек түрі жұмыс істейді. Мұнда басқару органы ретінде пернетақтадан басқа – тышқан манипуляторы бар. Графикалық ОЖ-нің жұмысы экранның басқару элементтерінің активті және пассивті түрлерінің өзара әрекеттесуіне негізделген.

Активті басқару элементі ретінде тышқанның меңзері болады. Пассивті басқару элементі ретінде – қосымшаларды басқару элементтері (батырмалар, шарт белгілер, ауыстырғыштар, жалаушалар, ашылатын тізімдер, меню жолдары және т.б.) болады. Барлық операциялық жүйелер автоматты түрде жүктеледі.


Операциялық жүйені жазудың екі жүйесі бар — тұрақты сақтауыш құрылғыға барлық жүйені жазу және қатқыл дискіден операциялық жүйенің қалған бөлігінің тек жүктеу программаларын ғана жазу.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет