Реферат пәні: Ежелгі дәуірдегі қазақ әдебиеті


Жұмыстың мақсаты мен міндеттері



бет2/6
Дата29.01.2023
өлшемі82,63 Kb.
#63521
түріРеферат
1   2   3   4   5   6
Жұмыстың мақсаты мен міндеттері . Ахмет Йүгінеки еңбектерінде қозғаған тақырыптары мен мәселелерін анықтау. Осы мақсатқа жету жолында мына міндеттерді атқару көзделеді:
- А.Йүгінекидің өмірі мен шығармашылығы жайлы деректерді анықтау;
- А.Йүгінекидің «Ақиқат сыйы» еңбегіндегі қозғалған мәселелерге тоқталу;
- Ахмет Йүгінеки еңбектерінде қозғаған тақырыптары мен мәселелерін саралау
Зерттеу жұмысының теориялық-әдіснамалық негізі ретінде Ахмет Йүгінеки, Н.Келімбетов, Т.Кәкішұлы, Қыраубаева А т.б. сынды отандық ғалымдардың еңбектеріндегі Сүлеймен Бақырғани жайлы,оның еңбектеріне байланысты қорытындылар мен тұжырымдар басшылыққа алынды.
Зерттеу жұмысының дереккөздері. Зерттеудің материалы ретінде Ахмет Йүгінекидің Ақиқат сыйы (ауд. Ә.Құрышжанов, Б.Сағындықов) атты еңбегі қолданылды.
Зерттеу жұмысының әдіс-тәсілдері. Зерттеу барысында тақырыптың мазмұнын ашуда жүйелеу, топтау, танымдық тұрғыдан талдау тәсілдері қолданылды.
Зерттеу жұмысының құрылымы. Реферат кіріспеден, төрт бөлімнен, қорытынды және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.














ІІ. Негізгі бөлім

2.1. Ахмет Йүгінеки және оның «Ақиқат сыйы» кітабы


Ислам дәуірінің этикалық, моральдық, дидактикалық мәселелерін зор білгірлікпен жырлаған сөз зергерлерінің бірі Ахмет Йүгінеки еді. Ахмет Йүгінеки (Ахмет Махмұдұлы Жүйнеки) XII ғасырдың орта кезінде өмір сүрген аса көрнекті ақын, есімі кезінде бүкіл ұлан-ғайыр Қарахан мемлекеті түркілеріне мәшһүр ғұлама- ақын болған. Ақынның туған жері Түркістан қаласының маңындағы Жүйнек (Югнак) деген елді мекен болса керек. Алайда Югнак деп аталатын қоныс басқа жерлерде де болуы мүмкін деген жорамалдар да бар [1, 7]. Ислам дәуірінің атақты ақыны Ахмет Йүгінекидің бізге жеткен жалғыз туындысы - «Хибатул-хақайық» («Ақиқат сыйы») деп аталады.
Ахмет Йүгінекидің өмірі мен ақындық қызметі жайында мәлімет жоққа тән. Әйтсе де ақын дастанда өзі туралы кейбір деректер берген. Сондай-ақ дастанды ертеректе көшірген хуснихатшылар да (каллиграф) шығарманың авторына қатысты мәліметтерді өз тарапынан қосып жазған. Мәселен, «Хибатул-хақайықтың» XV ғасырда көшірілген алғашқы қолжазба нұсқаларының бірінде Ахмет Йүгінеки туралы мынадай өлең жолдары бар:
Ахмет Әдіб - атым, үлгі - сөзім,
Қалады мұнда сөзім, кетем өзім,
Күз келер, жаз да кетер, өмір де өтер,
Сонымен жұмылар да екі көзім.
Ей, досым, жадуым кітап түркішелеп,
Мейлің сөк, мейлің қала ерекше елеп.
Артымда ат қалсын деп жаздым мұны,
Ғажайып таңсық сөзбен ерекше елеп. [1, 87-88]
Бұл өлеңдерден біз ақынның шын аты Әдіб Ахмед екенін (Ахмет Йүгінеки - лақап аты), әкесінің есімі Махмұд болғанын аңғарамыз. Болашақ ақын анасынан көзі соқыр болып туған:
Көрмеген туа біте Әдіб көзі,
Тұрады он төрт баптан осы сөзі.
Жүк болса піл көтермес алтын-күміс,
Соған тең осы аз ғана сөздің өзі. [1, 88]
Дастанның өзі көне түркі тілінде жазылса да, ақын шығармасының атын «Хибатул-хақайық» деп әдейі арабша қойған сияқты. Бірқатар қолжазбалар бұл шығарманың атын «Айбатул-хақайық», ал кейбіреулерінде «Атебатул-хақайық» («Шындық қақпасы») деп жазылған.
«Ақиқат сыйы» дастанының қазақ тіліндегі прозалық және поэтикалық аудармасын жасағандар Ә. Құрышжанов пен Б. Сағындықов болды. «Ақиқат сыйы» -дидактикалық сарында жазылған шығарма. Дастан сюжетке құрылған емес. Шығарманың әрбір тарауында белгілі бір мәселе жөніңде әңгіме болады, автор оқушысына тиісінше ақыл-кеңес беріп отырады. Бұл дастан өзінің көтерген тақырыбы мен идеялық мазмұны жағынан ақын өмір сүрген қоғамдағы моральдық ұғымдар мен мінез-құлық нормаларының жиынтығы болып келеді. Адам қалай өмір сүру керек? Ақын осы сауалға өзінше жауап іздеп, дидактикалық сарында оқушысына өсиет-уағыз айтады. Мәселен, шығарманың авторы оқушысына: адам адал өмір сүруі тиіс, сараң болмауы керек, жомарт жанды, білімді кісіні қадірлеуі қажет, жақсыдан - шарапат, жаманнан - кесапат деген сияқты ғибрат айтады. Сол кездегі шығыстың классикалық әдеби дәстүріне сәйкес, автор «Ақиқат сыйы» дастанын Алланы, Пайғамбарды және төрт сахабаны (пайғамбардың серіктері) мадақтаудан бастайды. Ақын бұл дастанды Ыспаһсалар деген бекке арнап жазғанын оқушысына ескертеді. Тегінде ақын өз дастанын арнап отырған адамы сол кездегі көрнекті мемлекет қайраткерлерінің бірі болса керек.
Дастан 254 бәйіттен тұрады. Мұның бәрі 14 тарауға бөліп берілген. Ахмет Йүгінеки ислам дәуірі әдебиетінің көркемдік дәстүрін негізге ала отырып, дастанның алғашқы тарауын (1-10-бәйіттер) қайырымды, мейірімді Аллаға, екінші тарауын (11-19-бәйіттер) құдайдың жердегі өкілі Мұхаммед пайғамбарға арнайды. Содан кейін, үшінші тарауда (20-33-бәйіттер) ақын осы кітаптың жазылуына себепші болған Ыспаһсалар бекті мадақтайды. Дастанның негізгі идеясын айту бесінші тараудан (40-62 бәйіттер) басталады деуге болады. Мұнда ақын білімнің пайдасы мен надандықтың зияны туралы жырлайды. Алтыншы тарауда (63-86-бәйіттер) тілді тыйып сөйлеу - әдептілік пен тәртіптіліктің шарты екендігі туралы айтылады. Дастанның жетінші тарауында (87-110-бәйіттер) өмірдің өзгеріп тұратындығы, дүниенің құбылмалылығы жайында сөз болады.Ал сегізінші тарауында жомарттық пен сарандылық,тоғызыншы, оныншы жіне одан кейінгі тарауларда түрлі моральдық-этикалық мәселелер туралы дидактикалық мазмұнда уағыз-өсиет айтылады. [2,217 бет.]


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет