Реферат тақырыбы: Бастауыш сыныптағы мәтінмен жұмыс Орындаған: Менайдарова А. М. Жетекші: Сагалиева Ж. К


БАСТАУЫШ СЫНЫПТАҒЫ МӘТІНМЕН ЖҰМЫСТЫҢ ПРАКТИКАЛЫҚ-ӘДІСТЕМЕЛІК НЕГІЗІ



бет14/21
Дата25.04.2023
өлшемі1,39 Mb.
#86589
түріРеферат
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   21
БАСТАУЫШ СЫНЫПТАҒЫ МӘТІНМЕН ЖҰМЫСТЫҢ ПРАКТИКАЛЫҚ-ӘДІСТЕМЕЛІК НЕГІЗІ




    1. Бастауыш сыныптарда мәтінмен жұмыс жағдайларын диагностикалау

Оқушылардың білім, іскерлектерін тексеру, бағалау педагогикалық технологияның негізгі бөлігі ретінде диагностиканың құрамына кіреді. Оқу процесіндегі тексеру әр түрлі, көп формалы бола келіп, сан қилы әдістермен атқарылады. Педагогикалық тәжірибеде тексерудің бірнеше: алдын-ала, ағымдық, мерзімдік, тақырыптық, қорытынды және өтілген материал бойынша тексеру түрін атауға болады.

Білім алушылардың білімін тексеру түрлері

Сипаттамасы

Алдын-ала тексеру

Әдетте, бұл тексерудің түрі диагностикалық міндеттерге орай жүргізіледі. Мұндағы мақсат - білім алушылардың оқуды бастауға дейін игерген білім, ептілік, дағдыларының деңгейін, дәрежесін анықтау. Бұл жұмыс жыл басында не тақырыпты өтуден бұрын өткізіледі. Мектептің оқу пәндерінің тақырыптарын, бөлімдеріндегі өткен материалдарын есте сақтауына байланысты. Егер мұғалімдер ол туралы ақпарат жоқ болса, онда ол одан әрі оқыта алмайды, қажетті ақпаратты мұғалім бастапқы білімдерді тестілеу арқылы алып, қол жеткен деңгейді анықтайды. Бұрынғы нәтиже мен қазіргіні салыстырып, білім, іскерліктің қандай деңгейде екенін біліп, үдерістің тиімділігін талдап, өз оқушыларының жетістігіне қосқан үлесі туралы қорытынды жасайды. Алдын-ала тексеру нәтижесінің негізінде болады. Педагог оқу жұмыстарының тиімді түрлері мен формаларын таңдастырады.

Ағымдағы (күнделікті) бақылау

Оқу барысында ұйымдастырылып, білім, ептілік және дағдылардың қалыптасу дәрежесін, сонымен бірге игерілген материалдардың қаншалықты терең және берік бекігенін анықтау үшін қолданылады. Бұл бақылау үшін 6-8 тапсырма беріліп, 5-8 минут ішінде соңғы 2-3 сабақта алынған білім мен іскерліктер тексеріледі. Жұмысты ақтаған соң міндетті түрде қателері талданады. Ең басты назар оқушының қатесінің себептерін білуге аударылады. Ағымдағы тексерудің тиімділігі - білім алушылар біліміндегі кемшіліктер мен олқылықтарды дер кезінде байқап, бағдарлама ақпараттарын меңгеруде көмек көрсетуге мүмкіндік береді. Күнделікті тексерудің дұрыс жолға қойылуы білім алушылардың әр сабаққа мұқият әрі тыңғылықты дайындалып жүру жауапкершілігін арттырады.

Мерзімді тексеру



Белгілі уақыт аралығындағы жұмыстардың қорытындысын алуға пайдаланылады. Ол не тоқсан, не жыл жартысы аяғында жүргізіледі.

Тақырыптық бақылау

Тақырып, бөлім материалдары өтіліп болған соң өткізіледі. Ол үшін оның жекелеген ұғымдарын олардың арасындағы байланыстарды қалай түсінгендігін анықтауға тапсырмалар беріледі.

Қорытынды тексеру

Оқу процесінің соңғы нәтижелерін жинақтау үшін қолданылады. Қорытындыны тексеру әрбір оқу тоқсаны және оқу жылы аяғында өтеді, оқу материалы жүйеленеді және талдап қорытылады. Ол пән бойынша бүкіл білім, ептіліктер мен дағдылар жүйесін қамтиды.

Өтілген материал бойынша тексеру

Тақырып, бөлім өтіліп, біршама уақыт озған соң, қалдық білімді анықтау үшін қолданылады, мерзім үш айдан жарты жылға дейін не одан көп созылу мүмкін. Мүндай тексеру оқу процесінің тиімділігін соңғы нәтиже бойынша пайымдау талаптарына сәйкес келеді.

Педагогикалық тәжірибеде ауызша, жазбаша, тəжірибелік жəне өзіндік қадағалаулар қолданылуда.

Білім алушылардың білімін бақылаудың түрлері

Сипаттамасы

Ауызша нұсқау

Оқушыларға ауызекі сұрақ қоюмен орындалады. Ол шəкірттердің білім, ептілік жəне дағдылар деңгейін айқындауға, сонымен бірге оқушының жадығатты баяндау қисынымен танысуға, меңгерген білімдерін үрдіс-үдерістер һәм айналасында болып жатқан оқиғаларды түсіндіре алу ептіліктерін байқауға, өз пікірін білдіру мен дəйектеу жəне қателікті көзқарастарға қарсы тұрып, дəлел келтіре алу ұқыптарын анықтауға мүмкіндік береді.

Жазбаша бақылау

Жазба бақылау тапсырмаларын (жаттығулар, бақылау жұмыстары, шығармалар, істелген жұмыстар бойынша есеп беру т. б.) орындау түрінде жүргізіледі. Мұндай қадағалау əдісі барлық оқушылар білімін бір уақытта тексеруге мүмкіндік береді, алайда жазба жұмыстары көзден өткізіліп, бағалау көп уақытты талап етеді.

Тәжірибеде қадағалау

Оқу дағдылардың қалыптасуын не қозғалыс, қимыл дағдыларының орнығуын анықтауда пайдаланылады.

Өзін-өзі бақылау

Өзіндік қадағалау үшін оқушыларды өз бетінше қателіктерін байқауға, танымдық міндеттердің қате шешілу себептерін талдауға, оларды болдырмау, түзеу жəне реттеуге үйрету қажет [14].

Мен оқушылармен мәтінмен жұмыстың әртүрлі әдістерін өткізбес бұрын олардың білімдерін, жұмыс шапшаңдығын, ойлау мен талдау дағдыларын алдын-ала тексеру жұмысын жүргіземін.
Яғни, бірінші мұғалімнен google форма арқылы сауалнама алып, оның тәжірибесі мен оқушылардың мәтінмен жұмыс кездегі жұмыстарымен танысамын. Сауалнамадағы сұрақтар төмендегіндей қойылады:
1. Сіздің сабағыңызда мәтінмен жұмыс жүргізіледі ме?
2. Жеңіл деңгейдегі мәтінмен қандай жұмыс жүргізесіз?
3. Орташа деңгейдегі мәтінмен қандай жұмыс жүргізесіз?
4. Күрделі деңгейдегі мәтінмен қандай жұмыс жүргізесіз?
5. Мәтінді талдағанда жаңа технологияларды қаншалықты қолданасыз?
6. Сіз мәтінді талдау кезінде қандай жаңа технологияларды қолданасыз?
7. Мәтінмен жұмыс жүргізу барысында қандай қиындықтар кездестіресіз?
8. Оқушылар мәтінді өз бетінше талдай ала ма?
9. Мәтінді талдаған кезде топтық жұмыс жүргізуіне қалай қарайсыз?
10. Мәтінмен жұмыс жүргізу барысында оқушылардың сөздік қоры жеткілікті ме?
Одан кейін оқушылардың мәтінді түсіну деңгейлерін тексеремін. Ол үшін оларға төмендегідей мәтінді ұсынып, мәтінге сәйкес тапсырмаларды орындатқызамын.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   21




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет