Реферат тақырыбы: Жоғары сынып оқулықтарында берілген туындыларға проблемалық сұрақ тапсырмаларын түзу


Әдебиетті оқытуда проблемалық әдісті қолдану



бет3/4
Дата26.11.2022
өлшемі27,21 Kb.
#52809
түріРеферат
1   2   3   4
2.2 Әдебиетті оқытуда проблемалық әдісті қолдану
Әдетте оқушыларға жартылай таныс немесе бұрын өтілген тақырыпқа қатысты қалыптасқан кейбір түсініктеріне сүйене отырып игерілетін тақырыптар болады. Ондай тақырыптарды оқушылардың өздігінен жұмыс жүргізуі негізінде меңгертуге болады. Бұл үшін оқушыларға олардың шамасы жетерліктей лайықталған сұрақтардан құралған проблемалар тізбегі ұсынылады. Сұрақтардың шешімін табу барысында жаңа материал оқушы алдында тұтас не жартылай ашылады да, сөйтіп мұғалім баяндауға тиіс уақыт мөлшері оқушының үлесіне тиеді әрі материал тиісті көлемде меңгеріледі. Оқушы білімі тиянақтылығының басты шарты – материалды меңгертуде оқушыны ойланта отырып, қадам жасату болып табылады. Оқушының өзіндік қадамы, өзіндік ойының қалыптасуы оны шығармашылық жұмысқа жетелейді.
Мектепте әдебиетті оқытуда проблемалық жағдаяттың өзіндік белгілеріне тоқталатын болсақ, ең алдымен, оқушыны проблемаға деген субъективтік көзқарас пен объективтік мазмұнды айыруға, образды түсіндірудің ерекшелігін ажырата білуге дағдыландыру қажет болады. Танымдық әрекеттер сапындағы ой – қарама-қарсы процестердің санадағы сәулесі, болмыс суретінің экспозициясы. Олай болса, ой проблемалық жағдаяттың (қарама-қарсы ұғымдардың) сәулесі. Проблемалық жағдаят міндетпен анықталатын болса, ой сол міндеттің экспозициясы, міндеттің өзі емес, хабаршысы, кіріспесі болғаны. Міндетіміз – шығармашылық тапсырма. Ойды бейнелейтін айшықты (образды, бейнелі) сөздер тіркесе келіп, поэтикалық образ құрайтыны белгілі. Мысалы, Абайдың «Адасқан күшік секілді, ұлып жұртқа қайтқан ой» деген өлең жолдарын ойда синтездепажыратып, көз алдымызға елестетейікші. Мұнда ой символмен бейнеленген. Оқушыларға осы елесті суретке айналдырыңдар деп тапсырған болсақ, олар шамамен: «...Көшкен ауыл орны. Иесіз жұрт. Сол жұртта қалған жалғыз жан иесі көштен адасып, қайтып оралған күшік. Ол иесін іздейді, таба алмайды. Қолынан келері – ұлу» деп бейнелеген болар еді. Ал енді «Ой қалайша ұлып, жұртқа қайтады?» деген сұрақты қоя отырып, оқушыларға проблемалық жағдаят туғызамыз. Берілген жауаптарды тыңдай келе, осы ұлан-ғайыр сурет, жиынтық ой тұжырымы сан түсті бояу, алуан қырлы поэтикалық образға айналып, екі-ақ жолмен берілген. Немесе, Абай «Көңілдің жайлауынан ел кеткен бе?» деген жолдар арқылы да терең мағына білдірген. Бұл жерде де жоғарыдағыдай тапсырма беріп, суреттеп жазуды тапсырамыз.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет