Реферат Тақырыбы: «Математиканы бастауыш мектепте оқыту теориясы»


Бастауыш мектепте математиканы оқыту-



бет3/3
Дата14.10.2023
өлшемі43,83 Kb.
#114041
түріРеферат
1   2   3
2.3 Бастауыш мектепте математиканы оқыту- XX ғасырдың басында орта мектептерде математиканы оқытуды кемелдендіру, жаңартуды көздеген реформа жүргізу үшін прогрессивті халықаралық қозғалыс пайда болды. Бұл қозғалыс XX ғасырдың екінші жартысында онан сайын күшейе түсті. Қазіргі кезде еліміздегі жалпы білім беру мектептерінде жүргізіліп жатқан бастауыш математика курсының реформасы осының айғағы болып табылады. Ол толассыз іске асырылып отыратын үдіс: бір реформа аяқталысымен келесісіне ғылыми практикалық дайындық басталады. Осыған байланысты әдістеме алдына жалпы мектеп үшін математикалық ақпарат жүйесін іріктеу принциптерін негіздеу және дидактикалық өңдеу, талдау міндеті қойылады.
Бастауыш математикасы пәнінде қандай ақпараттар беру керек, нені оқыту қажет деген мәселені шешумен қарбалас, оларды қандай ретпен, тәртіппен оқыту, яғни оқу курсын барынша тиімді түрде, жеткізу проблемасы шешуін табу керек. Бұл үшін отандық және шетелдік психолог, педагог және әдіскерлердің жаңа зерттеулерінің нәтижелері есепке алынады. Мысалы, психология ғылымының қол жеткен табыстары бастауыш мектеп жасындағы балалардың қазіргі математиканың кейбір идеяларын игеруге бейім келетінін ашып отыр. Бұл жағдайда бастауыш мектеп математикасының құрылымы мен мазмұнын кемелдендіруде, өзгертуге еске алынуда.
Бастауышта «Математика» пәнін оқытуда және оны жақсартуда мынадай факторларды еске алу қажет:
1) пәннің ішкі логикасы мен оны өзгерту, түрлендіру мүмкіндіктерін пайдалану;
2) курстың мазмұнын құрайтын мәселелер арасындағы барлық ішкі байланысты ескеру;
3) бұл мәселелердің мектептегі математикалық білім берудегі мәнін анықтау;
4) материалды дидактикалық өңдеу, талдау, оның ұғымдылығын, қоғамдылығын арттыру мүмкіндігін ашу.
Математика әдістемесінде оқытудың жаңа да тиімді әдістерін іздестіру проблемасының маңызы үлкен, өйткені бастауыш математика курсының жаңа мазмұны мен түзіліс жүйесі мұғалім мен шәкірттің жаң әдістерді пайдалануын талап етеді.

Қорытынды
Математика мұғалімі әрбір адамның өмірі мен ісіндегі математикалық білімнің ұлы күшін терең түсінуі керек және өз оқушыларын оған сендіруге міндетті.Математика қоғам мүшесіне тән қабілет пен творчестволық ізденіске не жаңалыққа жаны құмар азаматтарға қоршаған ортаны одан әрі жақсарту және жетілдіру сияқты қасиеттерді дарытуда ролі зор. Бұл қасиеттердің нышандары мектеп қабырғасында қалыптаса бастайды.Ғылым мен техниканың қарқындап өсуі «математикалық биология», «математикалық лингвистика», «математикалық экономика», «математикалық психология» сияқты пәндердің пайда болуына себепші болды. Математика жаратылыстану ғылымдарымен бірге, гуманитарлық ғылымдарда да қолданыс тапты.
Математиканың мектептік бастауыш курсы оқушылардың ойлау қабілеті мен жалпы білім дәрежесін дамытуда және тәрбиелеуде әрі жетекші, әрі жауапты орын алады. Математиканы бастауыш мектепте оқыту:
а)оқушыларға қоршаған ортаны танып-білудің математикаға тән құралдарын меңгеруді үйретеді;
ә)оқушылардың политехникалық білімін дамытуға және оларды практикалық дайындауға көмектеседі; оқушылардың азаматтық қасиеттерінің жан-жақты қалыптасуын қамтамасыз етеді;
б)оқушыларды математиканың практикалық қолданымымен таныстыра отырып, олардың ғылыми-техникалық прогрестің негізгі бағыттары мен маңызын түсінуіне көмектеседі;
в)оқушылардың логикалық ойлауы мен танымдық қызметтерін және кеңістік туралы түсініктерін дамытуға, творчестволық қабілеттерін қалыптастыруға ұйтқы болады;
г)оқушылардың зейіні мен байқағыштығын, ұқыптылық пен дәйектілік, дербестік пен жоспарлылық тәрізді еңбек мәдениетін дарытуға ықпао жасайды;
ғ)математика ғылымының интернационалдығы, оқушыларды пролетарлық интернационализм рухында тәрбиелеуге; математика теориялары мен олардың дәлелдемелерінің әдемілігі эстетикалық тәрбие беруге; математикалық объектілердің материялығы оқушылардың дүниеге ғылыми көзқарасын қалыптастыруға, ғылыми-атеистік тәрбие беруге қолайлы жағдай туғызады.

Пайдаланылған Әдебиеттер тізімі
1. Кененбаева М.А. «Бастауыш және негізгі мектепте математиканы дамыта оқытудағы сабақтастық мәселелері». Автореферат. - Астана, 2005 ж.
2. Оспанов Т.Қ. «Бастауыш кластарда математиканы оқыту» Алматы, 2005 ж.
3. Оспанов Т.Қ Кочеткова О.В.,. Астамбаева Ж.Қ. Жаңа буын оқулықтары бойынша бастауыш сыныптарда математика оқыту әдістемесі. - Алматы, 2005.
4. Жақыпбекова Г.Т. Математика сабағында математикалық сауаттылықты қалыптастыру. Автореферат: Алматы. 2001.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет