Мәліметтер қорын басқару жүйесін ұйымдастыратын нақты бағдарламалық өнімдерге қысқаша тоқталайық. Жалпылама деңгей бойынша барлық мәліметтер қорын басқару жүйелерін былайша ажыратуға болады:
Кәсіби немесе өнеркәсіптік;
дербес.
Мәліметтер қорын басқару жүйесінің кәсіби (өнеркәсіптік) түрі ірі экономикалық объектілерді басқарудың аутоматтандырылған жүйелерін жасауға арналған бағдарламалық негізді береді. Оның қорында басқару кешендері мен үлкен мекемелердің, оның ішінде банктер мен тұтас өнеркәсіп салаларының ақпараттарын өңдеу құрылады. Деректер қорын басқару жүйесінің кәсіби түрінің қызметіне кіретін ең алғашқы шарттарына мыналар жатады:
өте көп қолданушылардың бір мезетте орындалатын жұмысын ұйымдастыру мүмкіндігі;
басқаратын объектінің пропорционал түрде кеңею жүйесінің өсу мүмкіндігі;
әртүрлі аппараттық және бағдарламалық платформаларға көшуі;
әртүрлі қақтығыстарға байланысты орнықтылығы, оның ішінде сақталатын ақпаратты резервтеудің көп деңгейлі жүйесінің бар болуы;
сақталған ақпараттардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету және оларға қатынауға арналған дамыған құрылымдық жүйелердің бар болуы.
Қазіргі кезде мәліметтер қорын басқару жүйесінің өнеркәсіптік түрінің даму кезеңі айтарлықтай өсіп отыр. Негізінен, 70-жылдардың аяғы мен 80-жылдардың басында үлкен есептеу машиналарының негізінде құралған аутоматтандырылған жүйелерде Adabas деген мәліметтер қорын басқару жүйесін қолданды. Ал, қазіргі кезде мәліметтер қорын басқару жүйесінің кәсіби түрінің негізгі бағдарламалық өнімдері қатарына Oracle, DВ2, Sybase, Informix, Progress бағдарламаларын жатқызуға болады.
Oracle мәліметтер қорын басқару жүйесінің негізін американдық ғалымдар Ларри Эллисон, Роберт Майнер және Эдвард Оутс қалаған. Олар Relational Softwarе Inc. Компаниясын құрып, алдарына Э. Ф. Кодд пен К. Дж. Дейттің жасаған идеялары мен жұмыстарын іске асыруды мақсат етіп қойып, солар арқылы белгілі жүйе жасауды қолға алды. Олардың жұмыстарының нәтижесі тасымалданатын мәліметтер қорын басқару жүйесінің реляционды түрі - 50Ь атты базалық тілді құрды. 1979 жылы тапсырыс берушілерге осы компания тарапынан Digital Equipment Corporation фирмасының PDP-11 мини-компьютерлеріне Oracle-дің жаңа версиясы ұсынылды. Олар бірден RSX-11, IAS, RSTS және UNIХ сияқты бірнеше операциялық жүйелерге тапсырыс берді. Кейінірек Oracle VAX VMS атты операциялық жүйесімен басқарылатын VAX компьютерлеріне ауыстырылды. Бағдарламалық кодтың басым көпшілігі ассемблер тілінде жазылды. Сондықтан жүйені жаңа платформаға ауыстыру процесі айтарлықтай қиындықтар туғызды. Oracle-дің кезекті үшінші версиясының айырмашылығы мен ерекшелігі оның толығымен Си тілінде жазылуында еді. Бұл шешім жүйенің басқа жаңа платформаларға ауысуына, оның ішінде UNIX-ке ауысуына өз септігін тигізді. Жаңа версияның (1983 жыл) негізгі ерекшелігі оның транзакция концепциясын қолдай алатынында болатын. Шамамен сол уақытта фирма жаңа атпен атала бастады. Жаңа аты - Oracle Соrporation болды. Ол мәліметтер қорын басқару жүйесін жасаушылардың үздігі болды. Oracle-дің төртінші версиясы өзі қолдайтын платформалар мен операциялық жүйелер тізімінің кеңейгендігі бойынша өзіндік сипат алды. Oracle үлкен ЭЕМ фирмасы IBM-ге (мэйнфреймдер) және MS-DOS-тың басқаруымен жұмыс істейтін дербес компьютерлерге ауысты. Осы төртінші версияда деректер қорының тұтастығын қолдайтын технолгияны дамытуда маңызды қадам жасалды. Көп қолданушылар тұтынатын жүйелер үшін Oracle-дің «оқу кезінде қайшылыққа қарсылығын» қолдайтын шешімі ұсынылды. Бесінші версиясында «клиент-сервер» архитектурасын қолдайтын мәліметтер қорын басқару жүйесі іске асырылды. Oracle-дің одан кейінгі версиялары транзакцияларды өңдеуші үлкен масштабты жүйелерді құру, енгізу/шығару жүйелерін іске асыру әдістерін өзгерту, буферге алу, қосалқы қатынауды басқаратын ішкі жүйелер, көшірме алу, қалпына келтіру мүмкіндіктерін бере алатындай күйге жетті.
Мәліметтер қорын басқару жүйелерінің кәсіби түрінің бағдарламаларына Ingres мәліметтер қорын жатқызуға болады. Ingres атты мәліметтер қорын басқару жүйесінің жобасы және тәжірибелік нұсқасы Беркли университетінде мәліметтер қоры саласында, аты әлемге әйгілі ғалымдар мен оқымыстылар арасындағы ең танымал ғалым Майкл Стоунбрейкердің басшылығымен жасалынды. Құрылған күнінен бастап Ingres мәліметтер қорын басқару жүйесі мобильдік жүйе сияқты жасалына бастады. Ол UNIX операциялық жүйесінің қолдауымен жұмыс істеді. Igres-тің бірінші версиясы 16-разрядты компьютерлерге есептелініп жасалынды және PDP сериялы машиналарда ғана жұмыс істеді. Бұл университеттерде тегін қолданылатын ең алғашқы мәліметте қорын басқару жүйесі болып табылды. Кейіннен Стоунбрейкер бастаған топ Ingres-ті UNIX BSD операциялық жүйесіне ауыстырды, бұл да сол Беркли университетінде жасалынды. 80-жылдардың басында RTI (Relational Technologyу Inc.) Компаниясы құрылды, ол Ingres жүйесінің коммерциялық версиясын жасап, оны алға қарай дамуына үлесін қосты. Қазіргі кезде Ingres-тің коммерциялық версиясы қолдау тапқан әрі дамыған, оны Computer Associates компаниясы сатып, ауқымын кеңейтуде. Бұл жүйе қазіргі кезде дамыған коммерциялық реляционды жүйе болып отыр.
Жоғарыда айтылған біржақты пікірлер (Oracle жүйесі үшін) әмбебап сипат алады және басқа бағдарламалық өнімдердің даму жолын анықтайды. Бұл қазіргі нарық жағдайында қалыптасқан үлкен бәсекелестік жағдайды туғызып отыр.
Мәліметтерді басқарудағы дербес жүйелер – жергілікті қолданушы немесе бірнеше қолданушы топтарының тапсырмаларын шешуге бағытталған және микро ЭЕМ-дерде (дербес компьютерлерде) қолдануға арналған бағдарламалар. Дербес жүйелерді анықтаушы сипаттамаларға мыналар жатады:
Эксплуатацияның қарапайымдылығы, бұл дегеніміз жұмыс істейтін қосымшаларды «жай» қолданушылардың да құра алатындығы, яғни соншалықты дағдылықтың, шеберліктің қажеті шамалы;
Аппараттық ресурстарға талаптар біршама шектелген.
Барлық аталған жүйелер өздерінің даму жолында біршама құрылымдық сипаттардан тұрады. Олардың бірнешеуіне тоқталып өтсек:
Құралдарды құру процесін, мәліметтерді манипуляциялайтын аутоматтандыратын визуальды интерфейстің бар болуы, оларға экран формаларын, шаблондардын, есептерді, сұранымдарды және т.с.с. Жатқызамыз;
Сұхбаттық режимде мәліметтер қорының объектілерін құрушы құрал-саймандардың бар болуы: Paradox-та Experts, Access-те Wizards;
Біріккен мәліметтер қорын басқару жүйесі аймағында бағдарламалық кеңейтілулерді құрудағы жетілдірілген жабдықтардың болуы: Рагаdox-та РAL қосымшасын құру, Ассеss –те VBA-ны (Visual Basic for Applications) құру;
Кейінгі жылдары кәсіби және дербес жүйелер арасында шекарасыз тенденция қалыптасты. Ең бірінші кезекте жүйені жасаушылар өз өнімдерін потенциялды нарықты барынша кеңейтуге жұмылуда.
Мәліметтер қорын басқару жүйелерін құру кезінде қолданылатын бағдарламалық жүйелерге қысқаша сипаттама.
Microsoft компаниясының бағдарламалық өнімдерін, оның ішіндегі Visual foxpro 3.0, Visual Basic 4.0, Visual С++, Access 7.0, SQL Server 6.5. Бағдарламаларын қарастырайық. Осы бағдарламалық пакеттердің ерекше белгісі болып олардың деректерді қолдану мен бірігіп жұмыс істеу сияқты интеграциялық үлкен мүмкіндіктері табылады. Өйткені бұл пакеттер бір өндірушінің өнімі. Сонымен қатар деректермен алмасуға ұқсас технология.
Visual foxpro өзіндік жоғары жылдамдығымен ерекшеленеді. Сонымен қатар диалекттері көптеген мәліметтер қорын басқару жүйелерінде орнатылған xbase және SQL-ді қолданатын дайын объектті-бағытталған бағдарламалау тілінен құралған. Объекттік модельдің жоғарғы деңгейінен тұрады. Есептеу желілерінде қолданылғанда мәліметтерді қолданушылардың қатынауының жекелеген түрін де, монопольды түрін де қамтамасыз ете алады.
Access ең танымал Microsoft Office пакетінің құрамына кіреді. Негізгі ерекшеліктері: мәліметтердің жоғарғы тұрақтылығы, меңгеруге жеңіл, кәсіпқой емес бағдарламалаушы қолдана алады, әртүрлі форматта мәліметтер қорынан есеп беру түрлерін дайындауға мүмкіндік береді. Кез келген формадағы есеп беру түрлерін әртүрлі мәліметтер үшін құруға және коммерциялық емес қосымшаларды өңдеуге арналған.
Visual Basic – бұл диалекттері Access, Visual foxpro-да орнатылған әмбебап объектті-бағытталған бағддарламалау тілі. Ерекшеліктері: әмбебаптылығы, OLE компоненттерін құру мүмкіндігі, ЭЕМ-нің аппараттық ресурстарына деген талаптары азғантай. Мәліметтерді өңдеудің үлкен интенсивтілігімен, OLE компоненттерін өңдеумен, Microsoft Office компоненттерін интеграциялаумен байланысы жоқ орташа қосымшаларды құру үшін қолданылады.
SQL Server – мәліметтер қорының сервері, «клиент-сервер» ұғымын іске асырады және көрсетілген пакеттермен әрекеттесіп жұмыс жасайды. Басты ерекшеліктері: мәліметтерді сақтауда жоғары деңгейлі болып табылады, деректерді өңдеу үшін қуатты құралдардан жабдықталған, жоғары өнімділігі. Қолданылу аймағы: үлкен көлемді мәліметтерді сақтауда, жоғары құнды мәліметтерді немесе құпиялылық режимін қадағалауды талап ететін мәліметтерді сақтауда. Көрсетілген бағдарламалық өнімдер қолданушы интерфейсін визуальды жобалау мүмкіндігінен тұрады, яғни өңдеуші дайын фрагменттерден интерфейс элементтерін құрады. Қандай да бір орындалатын жайтқа жауап ретінде олардың өзгертілуін бағдарламалайды.
II. Microsoft Access мәліметтер қорын басқару жүйесі мысалында мәліметтер қорының кестелерімен жұмыс
Кестелер – қосымшаның мәліметтерінің негізгі бөлігі сақталатын реляциялық мәліметтер қорының фундаментальді объектілері. Жеке кесте көбінесе нақты тақырыпты ақпаратты сақтайты (мысалы, компанияның жұмыскерлері немесе тапсырыс берушілер мекен жайы туралы деректер). Кестедегі ақпарат бағаналар (өрістер) мен жолдармен (жазбалармен) құрылады. Кестеге α компонент тән: кесте құрылымы және кесте мәліметтері.
2.1 Кесте құрылымы
Кесте құрылымы (сонымен қатар кесте анықтауышы деп атлады) кестені құрған кезде спецификацияланады. Кесте құрылымы кестеге мәліметтер енгізілмей тұрып жобаланып құрылып алу керек. Ол кесте қандай мәліметтерді сақтайтынын және енгізуге немесе мәліметтерді жоюға қатысты ережелерді (бизнес-ережелер немесе шектеулер) анықтайды. Кесте құрылымына кесте конструкторы терезесі арқылы қол жеткізуге болады. Ол терезені ашу үшін құрылған кесте үшін мәліметтер қорының терезесінің кестелер вкладкасын ашып кестені таңдап коструктор батырмасын басу керек.
Кесте конструкторы терезесі кестені құру кезінде кесте құрылымын анықтау үшін ғана емес, сонымен қатар кесте құрылымын өзгерту үшін де қолданылады. Ол операциялар төменде қарастырылады
Кестені құру
Кестелер қосымшаның мәліметтерінің үлкен бөлігін сақтайтын объекттер болғандықтан, кестелерді жобалауға үлкен жауапкершілікпен қарау керек. Кестелердің дұрыс құрылуы өзіне терең қарастыруды талап ететін көп аспектілерді қосады. Төменде кестелерді құрудың бірнеше базалық принциптері келтірілген.
Ақпараттың қайталанбауын болдырмау керек. Ақпараттың әр категориясына жеке кесте қолдану керек. Мысалы, қызметкерлер туралы ақпаратты сақтайтын кестеде бәлімдер сипаттамасы сақталмау керек. Мәліметтердің қайталанбауын болдырмауға мүмкіндік беретін кестелерді жобалау үрдісі қалыпқа келтіру деп аталады. Қалыпқа келтіру сонымен қатар мәліметтер кеңістігін үнемдеу мүмкіндігін береді және мәліметтердің қайталануы кезінде туатын қателерді болдырмауға көмектеседі. Access-те қалыпқа келтіру процедураларын орындауға анализ мастері көмектеседі.
Бар мәндердің ішінен оңай есептелетін мәндерді сақтамау керек. Мысалы, өнімдік сұраныстардың позицияларының суммасын сақтамау керек, оны жай формула көмегімен есептеу керек.
Өрістер үшін сәйкес мәліметтер типін таңдау керек. Ол мәліметтер қорының өлшемдерін азайтуға және операцияларды орындау жылдамдығын көбейтуге көмектеседі. Өрісті сипаттау кезінде ол үшін керекті мәліметтерді сақтауға мүмкіндік беретін ең кіші өлшемді мәліметтер типін орнату керек.
Әр құрылатын кестеге алғашқы кілттің бағанын немесе бағандар жиыньығын қосуға тырысу керек. Алғашқы кілттер кестелер арасында “бірдің көпке” байланысын орнату үшін қажет. Одан басқа көптеген мәліметтер қоры сорттау операциялары мен іздеу жылдамдығын өсіретін индексті қолдана отырып алғшқы кілтпен шектеуді қолдайды. Бірнеше өрістері бар жинақталған кілтте оған қанша өріс керек болса, сонша өрісті қолдану керек.
Алғашқы кілтті құрмау тиімді болатын арнайы жағдайлар болады. Мысалы, кейбір кестлер үшін алғашқы кілтпен байланыстырылған индкс мәліметтер модификациясы мен енгізуді төмендетуі мүмкін. Кесте жобасы дайын болғаннан кейін оны құруға кірісу керек. Кестені екі амалмен құруға болады. Жаңа мәліметтерді енгізу үшін бос кестені құруға болады. Сонымен қатар басқа көздерде бар мәліметтерді қолдана отырып кесте құруға болады.
Конструктор режимінде кестелер құру
Конструктор режимі кесте анықтауының бар және құрылатын барлық компоненттерін басқаруға мүмкіндік береді. Конструктор режимінде кесте құру үшін:
Мәліметтер қорының терезесіне өту. Басқа терезеден мәліметтер қоры терезесіне F11 пернесін басу арқылы өтуге болады.
Кестелер вкладкасын таңдап, құру батырмасын басу керек.
Жаңа кесте терезесінде конструктор элементін таңдау.
Кестеде әр өрісті анықтау. Өрістерде жазбалар бөліктерін көрсететін мәліметтері бар. Қолданушының мәліметтердің беру форматын анықтауға, үнсіздік бойынша мәндерін көрсетуге және кестенің конструктор режиміндегі өріс қасиеттері бөліміндегі өрістер қасиетінің мәндерін бере отырып сұрыптауларды және іздеу операцияларын тездетуге мүмкіндігі бар. Microsoft Access өрістер қасиеті кқру және қолданушы мәліметтерді өзгерті кезінде қолданылады. Мысалы, қолданушымен берілген өріс форматы, енгізу маскасы және жазба қасиеттерінің мәндері кесте мен сұраныстың мәліметтер қорының түрін анықтайды. Кестенің өрістеріне қосылған жаңа формалар мен есептердегі басқару элементтері базалық кестенің осы өрістерінің қасиеттерін үнсіздік бойынша мұраға қалдырады. Басқа қасиеттер өрістер мәндеріне қосылған шарттарын анықтауға және өріске мәліметтерді міндетті түрде енгізуге беруге мүмкіндік береді. Microsoft Access кестеде мәліметтердің өзгертілуін немесе әр мәліметтер енгізу кезінде осы шарттардың орындалуын тексереді. Кесте құрылымының соңына өріс қосу үшін құрылымның бірінші бос жолын таңдау керек. Құрылымның ортасына өріс қою үшін жаңа өрісті қосатын жолды таңдап, құралдар саймандарындағы Жолдар қосу батырмасын басу керек. Бағана атауы бағанасына өріс атын енгізу керек. Мәліметтер типі бағанасында керекті мәліметтер типін таңдау керек немесе сол үнсіздік бойынша баптауын (мәтіндік) қалдыру керек. Сипаттама бағанасында міндетті емес өрістің қысқаша сипаттамасын беруге болады. Сипаттау мәтіні өріске мәліметтер қосу кезінде жағдай жолында шығады, сонымен қатар кестелер объектісінің сипаттамасына қосылады. Қажет деп табылған жағдайда терезенің төменгі жағындағы қасиеттер блогында өріс қасиетінің мәнін беруге болады.
Кестенің кілттік өрістерін қою. Кестеде кілттік өрістердің болуы міндетті емес. Бірақ, егер олар анықталмаған болса, онда кестені сақтау кезінде оларды құру керек пе деген сұрақ қойылады.
Кестені сақтау үшін кесте үшін атау беріп, саймандар тақтасындағы Сақтау батырмасын басу керек.
Әрбір кесте бағаннан тұрады, әрбір бағанға жол бір атпен жасалған, бағанның бір элементі өріс деп аталды, ал жолдар жазба деп аталады. Мына мысал соны көрсетеді, желілік модельдер де және иерархиялық модельдер де реляциялыққа жасала алады.
Құрылымданған мәлімет ЭЕМ-да мәліметтер қоры ретінде сақтала алады. Мәліметтер қоры машиналық өңдеуге жиынтығы ретінде таныла алады және мәліметтерді сақтау үшін де қолданылады. Оны бір немесе бірнеше қолданушылар пайдалана алады
Мәліметтер қорына байланысты жоғарыда қарастырылған мәліметтер қоры иерархиялық, желілік және реляциялық болады.
Мәліметтер қорымен МҚБЖ деген ұғым тығыз байланысты. МҚБЖ (мәліметтер қорын басқару жүйесі) – мәліметтерді қолданатын бағдарлама, мәліметтер қорында сақталған ақпаратты сақтайды және өңдеу жасайды, іздеу жасайды, редактрлайды. МҚБЖ-де иерархиялық, желлік және реляциялық болып бөлінеді. Мәліметтерге байланысты өңделеді.
МҚБЖ-ның бірнеше түрлері бар: IMS, CETOP, ORACLE, CLIPPER, FOXPRO, ACCESS.
2.2 Формалар құру
Кесте мен сұруалар құру үшін жылдам әдіс автоформа көмегімен орындалады. Автоформа- қолданушымен диалогта жұмыс істеуге мүмкіндік беретін, формалар мастерінен өзгеше, қосымша сұраулар енгізбей- ақ форма құру құралы.Автоформаның үш түрі бар: баған типтес автоформа; лента типтес автоформа: кесте типтес автоформа.
2.3 Access құралдары көмегімен Web парақтар құру
HTML-файлын деректер қорында орындау. Деректер қоры объектісімен HTML файлға процедура болып есептеледі. Кестені (5 сурет) немесе сұранысты HTML файлына ауыстыру мынандай амалдарды орындау керек:
Автозагрузка жалауын алдын- ала сақтап алу керек, содан кейін à> Параметры вывода в формате HTML диалогтық терезе ашылады
Обзор арқылы таңдап жол ашамыз.
Internet Explorer терезінде HTML форматында дайын күйінде тұрады.
Кесте түрінде деректерге жету үшін үлкен қорда айналдыру жолағын қолданасыз, ал формада экранда барлдық өрістерді бір мезгілде шығаруға болады, бұл жұмыста жеңілдетеді. Уақыт тығыз болса, автоформа қолданылады. Парақтар немесе деректерге жету парақтары Access- тің жаңа элементі. Форма мен есептен айырмашылығы – парақтар HTML файл ретінде сақталады
Қорытынды
Сонымен, практикалық жұмыстың басты обьектісі болып мәліметтер қоры табылады . Негізінен мұндай бағдарламаны жасау- жаңа бір ғаламат жасау емес. Мұндай аутоматтандырылған жұмыс орнының қолданысқа енгеніне он жылдан астам уақыт өтті. Алайда, мұндай бағдарлама жасауды қажет еткен әрбір субьекті үшін аутоматтандырылған жұмыс орнын құруға арналған бағдарлама жасаудың өзіндік ерекшеліктері бар.
Практикалық жұмыстың практикалық қолданысқа енетін бөліміне назар аударатын болсақ, онда қолданушыны құтқаратын барлық алғышарттар қамтылғанына көз жеткізуге болады. Осы жұмыстың негізі мәліметтер қоры жайлы ақпаратты толық реттелген, электронды күйге келтірілген түрде ұйымдастыру болып табылады. Бұндағы керекті өрістерге қойылатын сұраныстар, сұрыптаулар, іздеулер қолданушы жұмысын жеңілдетеді. Сонынымен қоса, қанағаттандыратын жазбаны экспорттауға және баспаға сол күйінде жіберу мүмкіндігі берілген. Яғни, бұл практикалық жұмыста қазіргі ғылыми технологиялық прогрестің жетістіктері саналатын барлық жаңа технологиялық әдістердің жаңа қырлары ашылады.
Өз практикалық жұмысымды қорытындылай келе, мен МҚБЖ- мәліметтер қоры деген түсінікке ең алғаш рет қалыптасқан кезде ішінде тек мәліметтер сақталатын. Ал қазіргі кезде заманға сай МҚБЖ- да тек мәліметтер ғана емес сонымен қатар ақпаратта сақталады. Ол мәліметтер құрылымы және де өз алдына толы мәліметтер жиынтығы. Сондықтан әр кәсіпорын басқарушылары деректер қорын Microsoft Access қасиеттеріне сүйенгені жөн.
Қолданылған әдебиеттер
Дженнингс Р. «Microsoft ACCESS 97».Том I,II.-Санкт-Петербург,1997.
Ульман Дж. «Основы систем баз данных»- М.: Финансы и статистика, 1983.-334 б.
Демирчоглян Г. Г., «Компьютер и здоровье», Москва, Лукоморье, Новый центр, 1997г.
Робинсон С. «Microsoft ACCESS 2000».Учебный курс. –Санкт – Петербург, 2000.. П.Киммел «Программирование для Microsoft ACCESS 2000» Санкт – Петербург 2000.
.С.В.Симонович «Информатика базовый курс» Санкт – Петербург 1999.