Реферат Тақырыбы: Микроклиматтық еңбек шарттарының гигиена нормаларына әсері Пәні: Еңбекті қорғау Тексерген


Гигиена және еңбек қорғау бойынша негізгі заңдық құжаттар



бет5/14
Дата05.04.2023
өлшемі50,48 Kb.
#79599
түріРеферат
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14
Гигиена және еңбек қорғау бойынша негізгі заңдық құжаттар

Еңбекшілердің денсаулықтарын қорғау, еңбектің қауіпсіз жағдайларын қамтамасыз ету, кәсіби ауруларды және өндірістік жарақаттарды жою мемлекеттің әлеуметтік саясатының негізгі түрлерінің бірін құрайды.


Еңбекшілердің еңбекке және демалысқа, әлеуметтік сақтандыруға, тегін медициналық көмекке, еңбек пен денсаулықты қорғауға құқықтары ҚР Конституциясында бекітілген. Денсаулықты қорғауға деген құқық, тегін білікті медициналық көмектен өзге, «қауіпсіздік техникасын және өндірістік санитарияны дамытумен және жетілдірумен: кең ауқымды профилактикалық шаралар өткізумен; қоршаған ортаны сауықтыру жөніндегі шаралармен; оқумен және еңбекке баулуымен байланысты емес балалар еңбегіне тыйым салуды қоса отырып, өсіп келе жатқан ұрпақтың денсаулығы туралы ерекше қамқорлықпен; ауруға шалдығудың алдын алуға және оны төмендетуге, азаматтардың белсенді өмірін қамтамасыз етуге бағытталған ғылыми зерттеулерді өрістетумен қамтамасыз етіледі». Конституция – нақтылы құжаттар осыған қарай құқықтық негізделген .
ЕТЗН-де санитарлық-эпидемиологиялық қызметтің мемлекеттік сипаты және барлық мемлекеттік ұйымдар мен кәсіпорындардың, мекемелердің және халықтың денсаулық қорғау жөніндегі шаралардың орындалуы үшін жауапкершілігі ерекше атап көрсетілген.
Заңдардың негізінде қаулылар, нормалар, стандарттар және басқа да заңдық құжаттар жасалады және қабылданады.
Еңбекті қорғау және гигиена бойынша іс-әрекетті реттеп отыратын заңдардың сегіз деңгейі бар:
I – ж о ғ а р ғ ы д е ң г е й –бұл біздің еліміздің мемлекеттік биліктің жоғарғы ұйымы –ҚР Жоғарғы палатасы қабылдаған заңдары (ҚР Конституциясы, Еңбек туралы заңдардың негіздері және Еңбек туралы және денсаулық сақтау туралы заңдардың Кодексі)
II – д е ң г е й –ҚР президенті және ҚР Министрлер Кабинеті бүйрықтары,қаулылары.
III - д е ң г е й – тек ҚР Министрлер Кабинет3нің «Мемлекеттік санитарлық қадағалау туралы Ережені» бекітетін қаулы. Әдетте, Министрлер Кабинетінің денсаулық сақтау жөніндегі қаулыларын ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің бұйрықтарымен қосарландыра қайталанып отырады.
IV - д е ң г е й–бұл Құрылыс істері жөніндегі мемлекеттік комитет және басқа министрліктер, оның ішінде ҚР Денсаулық сақтау министрлігі бекіткен құрылыс нормалары мен ережелері (ҚНжЕ), санитарлық нормалар (СН), нормативтік құжаттар.
V – д е ң г е й - ҚР Министрлер Кабинетінің Мемлекеттік стандарттар комитетінің құжаттары.
VI - д е ң г е й–ҚР Денсаулық сақтау министрлігі және басқа ведомстволар бекіткен ведомствоаралық заңдық құжаттар.
VII - д е ң г е й–Денсаулық сақтау министрлігі бұйрықтары секілді ведомстволық құжаттар «Санитарлық-эпидемиологиялық станциялар туралы ережені бекіту туралы» бұйрық, «Жұмысқа орналасар кезінде міндетті алдын ала тексерулерді және еңбектің зиянды және қолайсыз жағдайларының әсеріне ұшырап отыратын еңбекшілерді мерзімді медициналық тексерулерді жүргізу туралы» бұйрық, сондай-ақ ҚР ДСМ бекіткен сан көптеген нұсқаулар, әдістемелік ұсыныстар және хаттар, гигиеналық талаптар.
VIII – д е ң г е й–халықаралық конвенциялар, шарттар, декларациялар, ережелер және келісімдер.
Өздерінің қызметінде санитарлық-эпидемиологиялық қызмет органдарына көбінесе III – VII-деңгейлердегі заңдық құжаттарға арқа сүйеуге тура келеді.
Н. Ф. Измеров және Ю. Г. Широков «Халықаралық еңбек ұйымы Энциклопедиясында» жылы атап көрсеткеніндей, іс-тәжірибеде өндірісте еңбек жағдайларын сауықтыру жөніндегі іс-әрекетті реттеп отыратын ресми құжаттардың үш тобымен істес болуға тура келеді. 1-ші топқа өндірістің барлық салаларына қатысты бар республикалық нормативтік құжаттар: санитарлық нормалар, ережелер, Шектеулі-жол берілетін концентрациялар, Шектеулі-жол берілетін деңгейлер,ҚДӘШ (ОБУВ)және т.б., сондай-ақ құрылыс нормаларында және ережелерінде, ЕҚЖС стандарттарында және ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің негіз қалаушы құжаттарында бар (мысалға, жұмысқа тұрған кездегі алдын ала және мерзімді медициналық тексерулер туралы) және кейбір өзге директивалық құжаттарда бар заңдық талаптар жатады.
2-ші топты өндірістің жекелеген салаларына арналған санитарлық ережелер мен стандарттар құрайды
3-ші топқа белгілі бір мәселелер бойынша ғылыми зерделеулердің нәтижесі болып табылатын және құрамында еңбек жағдайларын сауықтыру бойынша нақтылы талаптар мен ұсыныстар бар, сан көптеген және өзінің мазмұны бойынша әр алуан нормативтік-әдістемелік құжаттар жатады.
Республикалық заңдық құжаттармен қатар, халық шаруашылығының әртүрлі салаларында еңбекті қорғау және гигиена бойынша 1200 астам ведомстволық нормалар, талаптар, ережелер қолданылады.
Еңбекті қорғау жөніндегі салалық ережелерді және нормаларды салалық кәсіподақтардың орталық комитеттерімен бірлесе (немесе келісе) отырып, тиісті министрліктер (ведомстволар) мен мемлекеттік қадағалау органдары (Мемлекеттік тау-кен – техникалық қадағалау) бекітеді. Бұл құжаттар сондай-ақ белгіленген ретпен санитарлық-эпидемиологиялық қызметпен келісіледі.
Құрылыс нормалары мен ережелері (ҚНжЕ) қалалар мен елді мекендерді, кәсіпорындарды, ғимараттарды, құрылыстарды, құрылғыларды және инженерлік жабдықты жобалауға және тұрғызуға, олардың сметалық құнын анықтауға негізгі талаптарды белгілейді.
ҚНжЕ төрт бөлімнен тұрады: I –жалпы ережелер; II –жобалау нормалары; III –жұмыстарды жасау және қабылдау ережелері; IV – сметалық нормалар мен ережелер. Әр бөлім осылар өз бетінше басылып шығарылатын жекелеген тарауларға бөлінеді.
Еңбек гигиенасы жөніндегі санитарлық дәрігерлер Құрылыс нормалары және ережелерінің келесі тарауларын бәрінен де кеңінен қолданады: «Өнеркәсіп кәсіпорындарының бас жоспарлары»; «Өнеркәсіп кәсіпорындарының өндірістік ғимараттары»; «Табиғи және жасанды жарықтандыру»; «Ауаны жылыту, вентиляциялау және кондиционерлеу», «Шудан қорғау»; «Әкімшілік ғимараттар мен бөлмелер»; «Ауылшаруашылық кәсіпорындарының бас жоспарлары»; «Құрылыс салып біткен кәсіпорындарды, ғимараттарды және құрылыстарды пайдалануға қабылдау», «Кәсіпорындарды, ғимараттарды және құрылыстарды тұрғызуға жобалау-смета құжаттарының құрамы, оларды жасап шығару, келісу және бекіту реті туралы нұсқау» .
Құрылыс нормалары және ережелерінен өзге, жобалаудың жекелеген мәселелері бойынша технологиялық жобалау нормалары, өнеркәсіп кәсіпорындарын жобалаудың санитарлық нормалары және т.с.; өнеркәсіптің жекелеген салаларының кәсіпорындарын, сондай-ақ әртүрлі мақсаттағы, конструкциядағы және инженерлік жабдықтағы ғимараттар мен құрылыстарды жобалаудың нормаларын және ережелерін белгілейтін нұсқаулар және т.б. шығарылады.
Еңбек қауіпсіздігі жүйесінің стандарттары (ЕҚЖС). Әлемдік стандарттау тәжірибесінде алғаш рет (70-ші жылдардың басынан бастап) біздің елімізде, осымен еңбек қауіпсіздігінің жалпы да, жеке де талаптары мерзімі шектелген, стандарттардың арнайы жүйесі жасалған. Осы стандарттар жүйесінің міндеті жобалаушылар үшін орындауға міндетті болатын, өндірістік жабдықтарға, өндірістік үрдістерге қауіпсіздіктің жалпы талаптарын, жұмыс істеушілерді қорғау құралдарына талаптарды, қауіпсіздікті бағалау әдістерін белгілеу болып табылады. Өлшеу әдістеріне қойылатын талаптарды, қауіпті және зиянды қасиеттерге ие заттармен жұмыс істеген кездегі қауіпсіздік талаптарын белгілейтін стандарттар бар. Мысалға, «Жұмыс аймағының ауасы. Жалпы санитарлық-гигиеналық талаптар», «Зиянды заттар. Классификациясы және қауіпсіздіктің жалпы талаптары», «Биологиялық қауіпсіздік. Жалпы талаптар»; «Діріл. Жалпы қауіпсіздік талаптары»; «Шу. Жалпы қауіпсіздік талаптары» және т.б.
Басқа стандарттардың орындалуына секілді, Еңбек қауіпсіздігі жүйесінің стандарттарының талаптарының орындалуына бақылау жасалуын ҚР Мемлекеттік стандарт комитеті қамтамасыз етеді. Еңбек қауіпсіздігі жүйесінің стандарттарының Мемлекеттік стандарттары салааралық сипатқа ие, олардың талаптарының орындалмауы заңмен қудаланады. Мемлекеттік стандарттар оқтын-оқтын қайта қарастырылуға және дәлдеп отырылуға тиіс (әр 5 жыл сайын).
Санитарлық нормативтер еңбек гигиенасы жөніндегі заңдардың аса маңызды негізі және еңбек гигиенасы жөніндегі санитарлық дәрігердің іс-әрекет етуіне басшылық болып табылады. Санитарлық нормативтердің қатарына зиянды химиялық заттардың (өнеркәсіп уларының) шектеулі-жол берілген концентрациялары, әртүрлі физикалық факторлардың (шудың, дірілдің, ионданушы және ионданбайтын сәулеленулердің, адамның жылу күйінің және т.с.) шектеулі-жол берілетін деңгейлері жатады.
Бірыңғай және анық, дәл ойластырылған әдістемелік қағидалар бойынша (әртүрлі жаруаларға жасалған эксперименттерде анықталатын өзгерістердің шектілігі және гигиеналық маңыздылығы, медициналық талаптардың техникалық талаптардың алдында басымдылығы және т.б.) жасалатындықтан және заңдық ретпен бекітілетіндіктен (жалпы деңгейде және кей кездері ЭӨК аясында), еңбек гигиенасы жөніндегі санитарлық нормативтер әлемдегі ең прогрессивті, сан көптеген және ғылыми негізделген нормативтер болып табылады.
Қазіргі таңда, жаңа химиялық заттардың үнемі енгізіліп отырғандығына қарамастан, біздің елімізде өнеркәсіпте бәрінен кең қолданылатын 1,5 мыңнан аса зат, яғни олардың көпшілік бөлігі нормаланған. Қазіргі уақытта қолданылып отырған ШЖбК тізіміне қосымша, ҚР бас санитарлық дәрігері жыл сайын улы газдардың, булардың және шаң-тозаңның (аэрозольдардың) жаңа ШЖбК-ның қосымша тізімдерін бекітіп отырады.
Сондай-ақ өнеркәсіпте қолданылатын физикалық факторлардың көпшілігіне шектеулі-жол берілетін деңгейлерге нормативтер бар.
Өнеркәсіпте пайда болып отырған жаңа зиянды факторларға нормативтерді негіздеп беру үшін үнемі зерттеулер жүргізіліп отырады, нормалау мен бақылаудың жеделдетілген әдістері жасалуда.
Өнеркәсіптің белгілі бір салаларының кәсіпорындарын жобалауға және пайдалануға, жаңа техниканы, жаңа технологиялық процестерді және т.с. пайдалануға арналған санитарлық ережелер, санитарлық талаптардың енгізілуі үшін жауапты инженерлік-техникалық жеке тұлғалар үшін де, оларды жүзеге асырудың уақтылығына, толықтығына және тиімділігіне бақылау жасауды жүзеге асырып отыратын, еңбек гигиенасы жөніндегі дәрігер үшін де еңбек жағдайларын сауықтыру жөніндегі ақпараттың ең толық көзі болып табылады.
Жалпы (салааралық сипаттағы) мәселелерді реттеп отыратын санитарлық ережелер бар, мысалға, технологиялық процестерді ұйымдастырудың санитарлық ережелері және өндірістік жабдыққа қойылатын талаптар, діріл туғызатын, жұмыс істеушілердің қолына берілетін құралдармен, механизмдермен және жабдықпен жұмыс істеген кездегі және жұмыс орындарының жалпы вибрациясы шектеу жөніндегі санитарлық нормалар мен ережелер, жұмыс орындарындағы шудың жол берілетін деңгейлерінің санитарлық нормалары, майлайтын-салқындататын сұйықтықтарды өндіру және пайдалану жөніндегі санитарлық ережелер және т.б.
Ескертуші және ағымдағы санитарлық қадағалаудың өткізілуін қара және түсті металлургияның, пайдалы қазбаларды шығарудың және т.с. өнеркәсіптік нысандарын тұрғызуға және пайдалануға арналған санитарлық ережелер аса жеңілдетіп отырады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет