Реферат Тақырыбы: Минералды тыңайтқыштардың, пестицидтердің жəне басқада агрохимикаттардың



Pdf көрінісі
бет3/7
Дата05.12.2023
өлшемі258,46 Kb.
#134518
түріРеферат
1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
Топырақтану сөж

Қоршаған ортаның ластануы
– адамға және 
табиғи экожүйеге зиянды әсер ететін физикалық-химиялық және 
биологиялық заттардың қоршаған ортаға нұқсан келтіруі. 
Табиғат құбылыстары мен заңдылықтарына қайшы келетін және 
оның қалыпты жағдайына нұқсан келтіретін сандық, сапалық 
және құрамдық өзгерістердің барлығы қоршаған ортаның 
ластануына алып келеді. Қоршаған ортаның ластануы кейде 
табиғат құбылыстары әсерінен, негізінен адам әрекетінен пайда 
болады. Қоршаған ортаның ластануы табиғи 
және антропогендік болып бөлінеді. Табиғи ластану күшті табиғи 
процестер салдарынан (жанартау атқылауы, сел жүру, топан 
су басу, өрт, т.б.), антропогендік ластану адамның шаруашылық 
іс-әрекетінің салдарынан қалыптасады. Антропогендік ластануға 
өндірістік, тұрмыстық қалдықтар мен әр түрлі улы заттардың 
қоршаған ортаға белгілі мөлшерден тыс шығарылуы, табиғи 
нысандарды орынсыз пайдалану жатады. Семей сынақ 
алаңында болған ядролық жарылыстар, Арал өңірінің 
экологиялық жағдайлары (қ. Арал экологиясы), т.б. қоршаған 
ортаға нұқсан келтірудің айқын мысалы болып саналады. 
Ластанудың салдарынан зиянды және улы заттардың мөлшері 
көбейіп, қоршаған ортаның экологиялық тепе-теңдігі бұзылады. 
Тіршілік ортасы мен орнына қарай: ғарыштық, атмосфералық, 
гидросфералық, т.б.; ерекшеліктеріне қарай:

физикалық (электрмагнитті, радиоактивті, сәулелі, 
жарықты, жылулы) 

химиялық (мұнай, ауыр металдар және олардың тұздары 
мен тотықтары) 



биологиялық (микробты, бактериялық, вирусты) 

механикалық ластану (агенттердің өз арасындағы ластану, 
мысалы, қоқыс) болып бөлінеді. 
Ластану көздеріне қарай:

өндірістік 

көліктік 

ауыл шаруашылық 

тұрмыстық, т.б. болып ерекшеленеді. 
атмосфералық ауа, су, топырақ- қоршаған ортада көп ластанады. 
Ауаны негізінен: жылу электростанциялары, түсті және қара 
металлургия өнеркәсіптері, зауыттар, ал ауылды жерлерде ауа 
мен топырақты, көбінесе, мал және құс өсіретін шаруашылықтар, 
ет және сүт өндіретін кәсіпорындар, сондай-ақ, егістік жерлерге 
қолданылатын улы химикаттар, пестицидтержәне минералды 
тыңайтқыштар ластайды.
Автокөліктер- Ірі қалаларда негізгі ластану көзі болып табылады, 
себебі олар шығарған газдардың құрамында көп мөлшерде 
зиянды заттар (көміртек және азоттың тотықтары, көмірсутектер, 
қорғасынның токсиндік байланыстары, канцерогенді заттар, т.б.) 
кездеседі. Мысалы, бір жеңіл автокөлік ауаға сағатына шамамен 
6 — 10 м2 улы газ бөліп шығарады. Қоршаған ортаның ластану 
дәрежесі әр түрлі қалыптар (стандарттармен) мен нормативті 
көрсеткіштер арқылы бақыланады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет