Реферат Тақырып : Адамның шығу тегі териясы және адамзаттың алғаш пайда болған жері мәселесі



бет2/5
Дата12.05.2023
өлшемі38,25 Kb.
#92044
түріРеферат
1   2   3   4   5
Негізгі Бөлім

    1. Адамның шығу тегі

Адамнын шығу тегі мен тарихи даму кезеңдерін, нәсілдік ерекшеліктерін зерттейтін ғылым саласы антропология деп аталады. Адам мен жануарлардың дене құрылысында көптеген ұксас белгілер бар. Швед ғалымы К.Линней өзінід "Табиғат жүйесі" атты еңбегінде адам мен маймылды сүтқоректілер класының өкілі ретінде бір туыска жатқызған (1735). XIX ғасырдың бас кезіыде француз галымы Ж.Б.Ламарк адамның жерде жүруге бейімделген маймыл тектес ата-тектен шықкандығын айтты. Ағылшын ғалымы Ч.Дарвин 1871 ж."Адамның шығу тегі ж\е жыныстық сұрыпталу" атты еңбегінде: "Адам — тіршіліктің тарихи даму сатысындағы ең жоғары әрі соңғы буыны" деп көрсетті. Ол: "Адам мен адам тәрізді маймылдардың арғы ата тегі бір»— деген тұжырым жасады. Адамның жануарлар дүниесі жүйесіндегі алатын орны. Адамның жануарлар дүниесінің өкілі екендігі оның ұрықтык дамуы кезіндегі калыптасатын белгілерінен айкын көрінеді. ұрықтың алғашқы даму кезеңі — зигота бір клеткалы қарапайымдыларға ұқсаса, дамуының келесі бластула кезеңі вольвокске ұқсайды. Ұрық біртіндеп күрделеніп гаструлаға айналғанда, денесі екі қабаттан түратын ауыз қуысы ж\е ішек қуысы бар гидрага ұқсайды. Міне, осылай даму барысында ұрықтың құрылысы күрделеніп, мүшелер жүйесі калыптаса бастайды. Адам ұрығының дамуының алғашқы кезеңінде барлык хордалылар (желілілер) типінің өкілдеріндегі сияқты ұрыктық арқа жағында жүйке түтігі, оның астында хорда (желі), ал хорданың астын ала ас қорыту мүшелері орналасады. Ас корыту мүшелерінің алдыңғы кеңейген жұткыншақ бөлімнің екі бүйірінде көптеген желбезек саңылаулары болады. Адам хордалылар типінің ішіндегі омырткалылар тип тармағына жатады. Өйткені даму барысында омыртка жотасы, екі қолы мен аяқтары қалыптасып, денесінің бауыр жағында жүрек, жүйке түтігінің алдыңғы жағынан мидың бес бөлімі түзіледі.
Адам сүтқоректілер класына жатады. Себебі алдыңғы мидың көлемі ұлғайып, құрылысы күрделенеді, балаларын сүтпен асырайды.тістері (азу тіс, ит тіс ж\е күрек тістер), дене қуысындағы көкет, құлак қалканы мен ортаңғы құлақтағы үш дыбыс сүйектері (төс, үзеңгі, балға) тек сүтқоректілерге тән белгілер екенін керсетеді. Адамның да ұрығы анасының жатырында дамып жетіледі, ұрықтың қоректенуі ұрықжолдасы (плацента) арқылы жүреді. Адамның қолындағы бас бармактың қалған 4 саусаққа карама-қарсы орналасуы ж\е саусактарда жалпақ тырнақтың болуы, бұғана сүйектерінің жақсы жетілуі, сәбилердегі сүт тістердің кейінірек тұрақты тістермен алмасуы адамның приматтар отрядына, оның ішіндегі адам тәрізді маймылдар отряд тармағына жататынын көрсетеді. Адам осы отряд тармағының тартанаулы маймылдар тобына жатады. Бүл топтан адамдар түқымдасы бөлініп шыгып, өз алдына адамдар туысын құрайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет