Реферат тақырып : «Құқыктың қайнар көздерінің түсінігі, белгілері,түрлері»



бет2/8
Дата22.04.2022
өлшемі50,73 Kb.
#31939
түріРеферат
1   2   3   4   5   6   7   8
Негізгі бөлім

Құқықтың қайнар көздері

Еліміздің тəуелсіздігін анықтаудың стратегиялық міндеттерінің біріне – бұрынғы ұлттық əдет-ғұрып тарихындағы тəуелсіз рухта қалыптасқан құқық туралы ғылыми пікірлердің, қазіргі кездегі құқықтың қайнар көздері туралы ғылыми-теориялық пікірлермен тікелей байланыстылығын айқындау.«Құқықтың қайнар көзі» туралы сөз болғанда, оның пайда болуы мен əрекеті туралы факторларға көңіл аударылады. Сол арқылы нормативтік белгілердің өмірге келудегі негізгі процестерін жəне мемлекет белгілеген бəріне бірдей тəртіп жолын түсіндіруге болады. Қысқаша айтқанда «құқықтың қайнар көздері» заңды істерді шешудегі тəжірибеден нені басшылыққа алатынымызды анықтауға қажет. Бұл заң нормаларын бекітудің сыртқы көрінісі, нысаны əдісіƏдет мемлекеттіліктің пайда болған кезінде, қоғамдық қатынастарды əмбебап жəне тиімді реттейтін құрал болды. Сол салада əдет құқығына айналды, яғни оларды дəстүрлік пайдалану нəтижесінде көпшілікке міндетті ұйғарымға айналды жəне мемлекеттік билікпен санкция беріліп ресми қолданыла бастады. Тек солар ғана көне құқықтың ескерткіші ретінде қалды. Оларға мынандай құқықтық жинақтар жатады: «Қасым ханның қасқа жолы», Есім ханның ескі жолы», Тəуке ханның « Жеті жарғысы».

Қазақ халқының əдет-ғұрып құқығы, басқа халықтардың құқығы секілді, үстем таптың еркін білдіретін, мемлекеттік билік рұқсат еткен жəне қоғамдық қатынастар мен тəртіпті қолдау үшін мəжбүрлі түрде іске асырылатын үстем таптың мүддесіне тиімді заңнамалық ғұрыптардың жиынтығы ретінде саналады. Қазақ əдет-ғұрып құқықтарын патриархальдық-феодальдық қатынастарды сақтау үшін, хандар, сұлтандар, билер жəне феодальдық-рулық ақсүйектердің басқа да өкілдері бекіткен жəне қолдануға рұқсат берілген Қазақ құқығында қылмыстық құқық пен басқа да (азаматтық) құқықтарды айырып қарауға болмайды, себебі, қазақтың əдет-ғұрып құқығы, басқа барлық халықтардағы сияқты, ежелден келе жатқан құқық бастауының барлық салаларының бірегей негізі – қайнар көзі болып есептеледі.

Қазақтың əдет-ғұрып нормаларының қайнар көздерінің біріне, шариғат заңдарын жатқызғанды дұрыс деп есептеймін. Себебі, ХУ ғасырдың орта шенінде, қазақтың рулары мен тайпаларында ислам діні тарай бастады жəне сол дінге сенетіндерге табиғи ықпал етті, яғни, қазақтың əдет-ғұрып нормалары оның кейбір мазмұндарын қабылдауға тура келді. Сондықтан, құранда: (Ей момындар! Кісі өлтіргендерден қан қарызын алу сендерге парыз етіледі: азамат үшін азамат, құл үшін құл, əйел үшін əйел өлтіріп қан қарызы алынады) делінген жəне ислам діні заңының ықпалы, неке жағынан да бейнеленеді. Сондықтан, біздің ойымызша, Тəуке ханның «Жеті жарғысында» «Бір еркектің төрт əйел алуына болады» деген жəне ондағы кісінің өкімі туралы қанға-қан, жанға-жан қағидалары да ислам дінінің ықпалы деп тұжырымдауға болады.Қазақтың əдет-ғұрып құқығының жиынтығы – қондырманың идеологиялық бөлімінің бір нысаны ретінде патриархальдық-рулық қатынастардың біршама қалдықтарын сақтай отырып, қазақтың феодальдық қоғамының базисінің өз болмысына сəйкес құқықтық көзқарастар мен құқықтық мекемелерді туғызды. Феодальдық мемлекетке байланысты əдетғұрып құқығы да мəні жағынан, соған байланысты дамыды. Мысалы, патриархальдық-рулық қатынастарға тəн əдет-ғұрып: қанды кек, құн төлеу, барымта, қалың мал беру, көп əйел алу, қызды алып қашу т.б. əдет-ғұрып құқығының нормасына кіргенін айтсақ жеткілікті сияқты.

Қазақтың əдет-ғұрып құқығының төмендегідей негізгі үш қйнар көзден тұратындығын Т.М. Күлтелеевтің зерттеулерінен айқын көруге болады:

А) əдет-ғұрып («əдет» немесе «заң»);

Б) билер сотының тəжірибелері («бидің билігі»);

В) билер құрылтайының ережесі («Ереже»)

Тəуке ханның құқықтық нормалары басқа да заңдық əдеттер,заңдылық күші болса да, билер сотының тəжірибесіне байланысты тоқтаусыз өзгертіліп жəне толықтырылып отырған. Осыған орай орыстың белгілі ғалымы Рудаков.Қазақтың жəне басқа да халықтардың əдетғұрып құқығын зерттеу кезінде айтқан мынадай маңызды пікірге қосылуға болады: «Судебная практика прзнается до некоторой степени источником права там, где суды руководятся писаным законом, где суд связан положительным правом, а жизнь потепенно переходит к новым формам, будет порождать новые отношения и создавать новые интересы, столкновение которых будет находиться в суде, там судевная практика может явиться огромной паравотворящей силой»

Сонымен қатар, атақты билердің соттық шешімдері, басқа сондай, соған ұқсас істерді шешуге үлгі болып, заңдылық күшке ие болған. Мысалы, Төле бидің «Шідер» деген билік шешіміне көңіл аударайық. Төле би аттың аяғындағы шідерді ұрлағаны үшін, ұрыға шідердің үш тармағын үш атқа салдырып «енді осы үш атты үш жаққа ұрып айда, егер аттар шідерді үзіп босанып кетсе, айыптан азатсың, ал шідер үзілмесе үшеуін біріктіріп ұстаса, онда ол үш тармақты шідер емес, үш ердің қызметін атқарғаны. Онда бір тармағы үшін бір бесті айып төлейсің» деген шешім шығарған. Халық есінде бұл билік «Тұсау ат сақтайды, ат ер сақтайды, ер ел сақтайды» [4] деген мақалмен сақталған.Билердің шешімдері ХІХ ғасырдың екінші жартысына дейін ешқандай құжатталмаған, кейін билік кітабы ашылып, онда арнайы түрде, билердің билік шешімдерінің мазмұндары жазылатын болған.Солкездегі«Ережелер»шынмəнінде,тұрақтыəрекеттегі заң ретінде болды. «Ереженің» құқықтың қайнар көзі ретіндегі маңызы сонда, ол қазақтың əдет-ғұрып заңдарындағы өзгерістерді, оның көне нормаларымен салыстырғанда дұрыс көрсеткен жəне қазақтың əдет-ғұрып құқығына орыс құқығының ықпалын айқындаған. Яғни, біз тұрақты түрде «Ережені» қазақтың əдет-ғұрып нормаларының маңызды қайнар көзі ретінде əрқашанда көңіл аударғанымыз жөн сияқты.«Ережені» жазу Тəуке ханның тұсында басталып əрі қарай жалғасын тапқан. Ол билердің арасындағы өте күрделі мəселелерді шешу үшін дайындалып келісім-шарт ретінде болған. Ондай «келісімдер» ХУІІІ ғасырда жəне ХІХ ғасырдың бірінші жартысында да тəжірибеде қолданылған. Біздің ойымызша, бұларға қосымша, шариғатты да қайнар көздерге жатқызуға болады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет