Республики казахстан қазақстан республикасы денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі



Pdf көрінісі
бет109/140
Дата17.04.2022
өлшемі1,31 Mb.
#31240
1   ...   105   106   107   108   109   110   111   112   ...   140
Байланысты:
Қалыпты физиология(@kaz medical students)

12.5. Сигналдық жүйе туралы түсінік.  
      Сигналдық  жүйе  дегеніміз  жоғары  жүйке  іс-әрекетінің  қалыптасуына 
негізі  болатын  организмнің  қоршаған  ортамен  шартты  рефлекстік 
байланыстар  жиынтығы.  Қалыптасу  мерзіміне  сәйкес  І  және  ІІ  сигналдық 
жүйе болып ажыратылады. 
      І  сигналдық  жүйе  –  қоршаған  ортаның  шындығы  туралы  (нақтылы-
бейнелі)  түсінікті  тікелей  қалыптасуын  қамтамасыз  ететін  организмнің 
сезімдік  жүйелерінің  бірлестігі.  Бұл  жүйенің  сигналына  шартты  және 
шартсыз  тітіркендіргіштер  (заттар,  құбылыстар  және  олардың  жеке 
қасиеттері  –  пішіні,  түсі,  иісі,  дыбысы,т.б.)  жатады.  І  сигналдық  жүйе  адам 
мен  жануарларға  ортақ  жалпы  қасиет  болып  саналады.  Сыртқы  және  ішкі 
ортаның  әсерлері  сезім  жүйесінің  қабылдағыштарымен  қабылданып,  әрі 
қарай  ми  сыңарларының  қыртысына  жеткізіледі,  ал  мұнда  жоғарғы  талдау 


және  сентездеу  үдерістері  жасалады,  сезіну  пайда  болады,  қажеттті  ісәрекет 
ұйымдастырылады.  Адамдарда  еңбек  ету  және  әлеуметтік  өмір сүру  кезінде 
тілмен байланысты – ІІ-ші сигналдық жүйе пайда болады.  
      ІІ  сигналдық  жүйе  –  қоршаған  ортадағы  құбылыстарды  жалпы  талдауға 
естілген,  айтылған  және  жазылған  сөздерді  түсіну  арқылы  және  дерексіз 
бейнелеуге мүмкіндік  беретін, өте күрделі ми құрылымдарының (есту, көру, 
т.б.) бірлестігі. Бұл жүйенің сигналына тілмен байланысты сөз және адамның 
сөйлеу  қабілеті  жатады.  Сөйлеумен  байланысты,  сөздің  мағынасын  түсіну, 
оларды айту, заттарды ұғынып тану және мақсатты ісәрекет атқару адамның 
ерекшелігі болып саналады.  
      ІІ  сигналдық  жүйе  ойлау  қабілеті  арқылы  қоршаған  орта  құбылыстарын 
жалпылама-дерексіз  бейнелеуге    мүмкіндік  жасайды  және  адам  өмірінің 
жоғары реттегіші ретінде І сигналдық жүйеден басым келеді, кейде тіпті оны 
тежейді.  ІІ  сигналдық  жүйенің  құрылымдық  субстраты  -  үлкен  ми  жарты 
шарлар қыртысындағы тілқозғалтқыш орталық  болып саналады. 
      Адамның  ІІ  сигналдық  жүйесі  оның  әлеуметтік  өмірімен  тығыз 
байланысты. Ол әр адамның қоғамдық ортамен өзара қатынасының нәтижесі. 
Сондықтан  екінші  сигналдық  жүйе,  әлеуметтік  себептерден  қалыптасып, 
қоғамнан тыс дамымайды. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   105   106   107   108   109   110   111   112   ...   140




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет