Байланысты: Қалыпты физиология(@kaz medical students)
Шартты рефлекстің қалыптасу механизмі.
Шартты рефлекстің пайда болу механизмінің негізіне үлкен жарты
шарлар қыртысындағы уақытша жүйкелік байланыстың тұйықталу принципі
жатады.
Уақытша байланыс дегеніміз – шартты және шартсыз тітікендіргіштерді
ұштастырғанда пайда болатын, әртүрлі ми құрылымдары арасындағы белгілі
қарым-қатынасын
қалыптастыратын
мидың
нейрофизиологиялық,
биохимиялық және құрылымдық өзгерістерінің жиынтығы. И.П.Павловтың
пікірі бойынша, уақытша байланыс ми қыртысының шартты тірікендіруді
қабылдайтын талдағыш орталығы мен шартсыз тітіркендіруді қабылдайтын
өкілдік орталығы арасында тұйықталады. Уақытша байланыстар ми қыртысы
деңгейінде қалыптасады. Физиолог Э.А.Асратянның пікірі бойынша, шартты
рефлекстер ми қыртысында және оның астындағы орталықтар арасындағы
көптеген тура және кері байланыстар арқылы тұйықталады. Бұл
байланыстың тұйықталуы зерде механизмдері мен ми қыртысы
орталығындағы үстемдік (доминанттық) ошақтың пайда болуына тәуелді
(А.А.Ухтомский).