Байланысты: Қалыпты физиология(@kaz medical students)
стереотип немесе жүйелілік құбылысы болып саналады. Бұл шартты
рефлекстер жүйесіне қарағанда, мидың күрделі анализдеу және синтездеу іс-
әрекеті нәтижесінде қалыптасады. Сыртқы ортада организмге жүйелі және
дәлме-дәл бір ізгілікпен белгілі бір мерзімде әсер ететін тітіркендіргіштер
кездеседі. Мұндай әралуан тітіркендіргіштердің өзгерместен реттеліп
жасалатын ықпалын сыртқы стереотип (таптаурын) деп атайды. Осындай
тітіркендірудің әрқайсысы ми қыртысындағы тиісті қозу және тежелу
арқылы организмнің белгілі әсерленісін туғызады. Сондықтан сыртқы
стереотипті тітіркенуге сәйкес, мида осы сияқты әрекеттік қатынастың бірізді
өзгерісі пайда болады. Олар сол тәртіппен бірнеше рет қайталанған жағдайда,
біртұтас біріккен тізбекті рефлекстер жүйесіне айналады. Мұндай қозу мен
тежелудің мидағы бекітілген белгілі бірізді қалыптасуы жылжымалы (динамикалық) стереотип деп аталады.
Табиғи жағдайда динамикалық стереотип адам иен жануарлардың әртүрлі
әдеттері мен дағдыларын, мінез-құлығының белгілі жүйесін құрайды. Олар
өте қиын құралады, алайда кейін тым берік сақталады. Егер олар бұзылса,
жоғары жүйке қызметінің әрекеттік ауытқулары (невроздар) пайда болады.