2. Энергетикалық қызметі – глюкозаның негізгі бөлігі бірнеше
өзгерістерден өткеннен кейін Кребс цикліне қосылып, АҮФ-тың синтезіне
жұмсалады. Көмірсулардың 90%-нан көбі энергияның өндірілуіне кетеді.
Көмірсулардың организмге қажеттілігі тәулігіне 400-500 г болады, дене
жүктемесі өскен сайын оның мөлшеріде ұлғаяды. Қан плазмасының
құрамындағы
глюкозаның
мөлшері
гомеостаздың
өте
маңызды
көрсеткіштерінің бірі болып саналады. Әдетте тамақтанудан 3-4 сағат өткен
соң қандағы глюкозаның мөлшері 3,5-5,8 ммоль/л болады. Оның мөлшері
көбейіп 8-10 ммоль/л жетсе, несепте глюкоза пайда болады (глюкозурия).
Көмірсулар ағзаға полисахаридтер түрінде түседі (өсімдіктерден -
крахмал, жануарлардан - гликоген). Гликоген – көмірсулардың қоры
(депосы), ағзаның барлық жасушаларында кездеседі, бірақ гепатоциттер мен
миоциттерде көбірек болады. Қандағы глюкозаның азаюы аштық сезімнің
пайда болуына, ойлық және физикалық жұмыс қабілеттілігін төмендеуіне
келтіреді. Ағзаға көмірсулардың тағаммен көп келуі семіздіктің дамуына
(атеросклерозға), қант диабетінің себебі болуы мүмкін.
Тағамдармен бірге ағзаға қорытылмайтын көмірсулар (балласты заттар,
тағамдық талшықтар), өсімдік қабығында болатын полисахаридтер
(целлюлоза, пектиндер) түсуі керек. Олар ағзадан улы заттарды
(токсиндерді), канцерогенді, холестеринді шығаруға қатысады, ішектің
сөлініс және қозғалыс қасиеттерін күшейтеді.
Көмірсу алмасуының реттелуі. Алғашқы рет көмірсу алмасуына жүйке
жүйесінің әсерін ашқан К.Бернар (1849) болатын. Ол тәжірибеде сопақша
мидың 4-ші қарыншасын инемен тітіркендіргенде қандағы қант мөлшерінің
ұлғаюын (гипергликемия) анықтаған. Оның механизмі симпатикалық жүйке
жүйесінің қозуымен байланысты деп есептеген. Гипергликемиялық жағдайда
қалыпты организмде ұйқы безінен (Лангерганс аралшықтарында) инсулиннің
бөлінуі күшейеді, ол глюкозаның жасушалар ішіне қарай өтуін белсендіреді.
Инсулин көмірсу алмасуына анаболиялық әсерін тигізетін жалғыз ғана
гормон. Ол он шақы рет жасуша мембранасы арқылы глюкозаның
тасымалын жоғарылатады. Бауырда инсулин гликогеннің синтезін күшейтеді,
ал амин қышқалдарынан глюкозаның пайда болуын тежейді.
Қандағы глюкозаның мөлшері азайғанда (гипогликемия) гликогенолиз
(гликогеннің глюкозаға айналуы) үдерісі жеделдейді, бұл глюкагон және
адреналин гормондарының ықпалдарынан белсендірілетін фосфорилаза
ферментінің
көмегімен
жасалады.
Симпатикалық
жүйке
жүйесі
диссимиляция үдерісін күшейтіп, қандағы глюкоза мөлшерін көбейтеді, ал
парасимпатикалық – анаболизмді күшейтеді (ағза жасушаларының
глюкозаны пайдалануына әсер етеді).
Достарыңызбен бөлісу: