Республики казахстан қазақстан республикасы денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі



Pdf көрінісі
бет112/140
Дата17.04.2022
өлшемі1,31 Mb.
#31240
1   ...   108   109   110   111   112   113   114   115   ...   140
      Май (липидтер) алмасуы.  Май және май тәрізді қосындылар  липидтер 
негізінде бұл бейтарап майлар (үшглицеридтер), фосфолипидтер, холестерин, 
май  қышқылдары.  Майлар  май  қышқылы  мен  глицериннен  синтезделеді, 
кейде амин қышқылдары мен моносахаридтерден де жасалады. 
      Май 
әртүрлі  қызметтер  атқарады:  пластикалық,  энергетикалық, 
қорғаныштық және қор ретінде. 
1.  Пластикалық  қызметі  –  май  жасуша  протоплазмасының  ядросы  мен 
мембранасының құрамына кіреді  (құрылыс материалы), кейбір биологиялық 
белсенді  заттардың  синтезделуіне  қатысады,  мысалы,оған  гормондар, 
простагландин, А, D, E витаминдері, тромбопластин және миелин жатады. 
2. Энергетикалық ролі – адам (жануар) ағзасы үшін май негізгі энергия көзі. 
Ересек адамда тәулігіне  60-100 г май  (тоң май, сары май мен өсімдік майы) 
керек. 1 г май тотыққанда, 9,3 ккал (38,39 кДж) жылу бөлінеді, сондықтан да 
май көбінесе энергия ретінде жұмсалады. 
3.  Қорғаныштық  қызметі  –  дененің  кейбір  жерлеріне  жиналған  май  бірқатар 
ағзаларды  (бүйрек,  құрсақтың  ішкі  беті,  тері  астындағы  май,  т.б.)  ұрылу-
соғылудан, бүкіл денені суық тиюден (жылу өткізбейді) қорғайды. Ағзасында 
майы  қор  болып  жиналатын  жануарлар  (итбалық,  кит,  ақ  аю,  т.б.)  суыққа 
төзімді  келеді.  Майлар  ішкі  ағзалардың  механикалық  бекітілуін  қамтамасыз 
етеді және ретсіз қозғалудан сақтайды. 
4.  Майлар  ағзадағы  знергия  мен  судың  қоры  (депосы)  болып  саналады. 
Майдың  қоры,  үшглицеридтер  түрінде,  бауыр  жасушаларында  және  май 
тіндерінде  болады.  Дені  сау  адам  салмағының  10-20%-ы  май  қорынан 
тұрады.  Сондықтан,  тағаммен  келген  энергия,  шығындалған  энергиядан 


басым  болса,  дене  салмағы  ұлғаяды  да  семіздік  дамиды.  Жүкті  әйелдің 
ағзасында майдың қоры, ұрықтың туу  уақытына дейін сақталуы мен емізуге 
қажет энергия береді.  
      Майлардың  биологиялық  құндылығы.  Әр  түрлі  майлардың  биологиялық 
құндылығы  олардың  құрамындағы  қаныққан  және  қанықпаған  май 
қышқылдарының  ара  қатынасына  байланысты.  Ал  бұл  ара  қатынас  тағам 
құрамындағы  жануар  мен  өсімдік  майлары    мен    А,  D,  E  витаминдері 
болуына  тәуелді.  Тағам  құрамындағы  ауыстырылмайтын  факторлар  -  линол 
мен  линолен  қышқылдары,  қанықпаған    май  қышқылдарына  жатады,  себебі 
олар  ағзада  синтезделмейді.  Май  қышқылдары  жасуша  мембранасының 
өткізгіштігі  мен  оның  ферменттерінің  белсенділігін  күшейтеді,  сонымен 
қатар 
простагландиндердің 
түзілуіне 
материал 
ретінде 
қатысады. 
Ауыстырылатын  май  қышқылдарына  ағзаның  өзінде  синтезделетін 
қышқылдар:  қаныққанға  –  пальметинді,  стеаринді,  ал  қанықпағанға  – 
олеинді, арахидонді май қышқылдары қарайды. 
      Организмдегі  майдың  жетіспеуінен  (әсіресе  ауыстырылмайтын  май 
қышқылдары)  тері  мен  шаштар  зардап  шегеді,  атеросклерозға  келтіретін 
гиперхолестеринемия  дамиды.  Ал  ағзаға  тағам  құрамындағы  майдың 
мөлшері  көп  болуы  семіздікке  келтіреді.  Семіздік  жүрек-қан  тамырлар 
ауруларына  (инфаркт,  инсульт,  т.б.)  себепші  факторлардың  бірі  болып 
саналады.  
      Май  алмасуының  реттелуі.  Адреналин,  норадреналин,  тироксин,  өсу 
гормоны,  глюкагон,  глюкокортикоидтар  ағзаның  май  қорынан  майдың 
шығарылуын  мобилизациялайды.  Сондықтан,  физикалық  ауыртпалық  және 
күйзеліс жағдайында, қанға катехоламиндер мен глюкокортикоидтар түсуінің 
нәтижесінде,  организмдегі  майлардың  шығындалуы  бірнеше  есе  күшейеді. 
Бұл  үдерістер  гипоталамуста  орналасқан  арнайы  орталықтың  бақылауында 
болады.  Гипоталамус  денеге  вегетативтік  жүйке  жүйесі  мен  гормондар 
арқылы  әсер  етеді.  Симпатикалық әсерлер  үшглицеридтердің  ситезін тежеп, 
олардың  ыдырауын  күшейтеді.  Ал  парасимпатикалық  орталық,  керісінше, 
майдың жиналуына келтіреді. 
      Көмірсу  алмасуы.  Көмірсулар  ағзаға  полисахаридтер  (өсімдіктің 
крахмалы,  жануардың  гликогені)  түрінде  кіреді.  Олардың  гидролизден 
кейінгі  соңғы  өнімдері  глюкоза  (80%),  сонымен  бірге  галактоза  және 
фруктоза,  бірақ  олар  қанға  сіңірілген  соң  тез  уақытта  глюкозаға  айналады. 
Сөйтіп,  көмірсулар  тасымалының  жалпы  соңғы  өнімі  глюкоза  болып 
саналады. 
      Көмірсулардың  атқаратын  қызметі.  Организмде  көмірсулар  пластикалық 
және көбіне энергетикалық қызметтерін атқарады. 
      1.  Пластикалық  ролі  -  глюкоза,  галактоза  және  басқа  қант  өнімдері  қан 
плазмасындағы  гликопротеиндер  құрымына  кіреді,  сонымен  бірге  олар 
нуклеин  қышқылдарымен  (ДНК,  РНК)  бірігіп,  жасуша  мембранасының 
рецепторлық  қызметіне  қатысады.  Көмірсулардан  ауыстырылатын  амин- 
және май қышқылдары синтезделеді. 


      2.  Энергетикалық  қызметі  –  глюкозаның  негізгі  бөлігі  бірнеше 
өзгерістерден  өткеннен  кейін  Кребс  цикліне  қосылып,  АҮФ-тың  синтезіне 
жұмсалады. Көмірсулардың 90%-нан көбі энергияның өндірілуіне кетеді. 
      Көмірсулардың  организмге  қажеттілігі  тәулігіне  400-500  г  болады,  дене 
жүктемесі  өскен  сайын  оның  мөлшеріде  ұлғаяды.  Қан  плазмасының 
құрамындағы 
глюкозаның 
мөлшері 
гомеостаздың 
өте 
маңызды 
көрсеткіштерінің бірі  болып  саналады. Әдетте  тамақтанудан  3-4  сағат  өткен 
соң  қандағы  глюкозаның  мөлшері    3,5-5,8  ммоль/л  болады.  Оның  мөлшері 
көбейіп 8-10 ммоль/л жетсе, несепте глюкоза пайда болады (глюкозурия).  
      Көмірсулар  ағзаға  полисахаридтер  түрінде  түседі  (өсімдіктерден  - 
крахмал,  жануарлардан    -  гликоген).  Гликоген  –  көмірсулардың  қоры 
(депосы), ағзаның барлық жасушаларында кездеседі, бірақ гепатоциттер мен 
миоциттерде  көбірек  болады.  Қандағы  глюкозаның  азаюы  аштық  сезімнің 
пайда  болуына,  ойлық  және  физикалық  жұмыс  қабілеттілігін  төмендеуіне 
келтіреді.  Ағзаға  көмірсулардың  тағаммен  көп  келуі  семіздіктің  дамуына 
(атеросклерозға), қант диабетінің себебі болуы мүмкін. 
      Тағамдармен бірге  ағзаға  қорытылмайтын  көмірсулар  (балласты  заттар, 
тағамдық  талшықтар),  өсімдік  қабығында  болатын  полисахаридтер 
(целлюлоза,  пектиндер)  түсуі  керек.  Олар  ағзадан  улы  заттарды 
(токсиндерді),  канцерогенді,  холестеринді  шығаруға  қатысады,  ішектің 
сөлініс және қозғалыс қасиеттерін күшейтеді. 
      Көмірсу  алмасуының  реттелуі.  Алғашқы  рет  көмірсу  алмасуына  жүйке 
жүйесінің  әсерін  ашқан  К.Бернар  (1849)  болатын.  Ол  тәжірибеде  сопақша 
мидың  4-ші  қарыншасын  инемен  тітіркендіргенде  қандағы  қант  мөлшерінің 
ұлғаюын  (гипергликемия)  анықтаған.  Оның  механизмі  симпатикалық  жүйке 
жүйесінің қозуымен байланысты деп есептеген. Гипергликемиялық жағдайда 
қалыпты организмде ұйқы безінен (Лангерганс аралшықтарында) инсулиннің 
бөлінуі күшейеді, ол глюкозаның жасушалар ішіне қарай өтуін белсендіреді. 
Инсулин  көмірсу  алмасуына  анаболиялық  әсерін  тигізетін  жалғыз  ғана 
гормон.  Ол  он  шақы  рет  жасуша  мембранасы  арқылы  глюкозаның 
тасымалын жоғарылатады. Бауырда инсулин гликогеннің синтезін күшейтеді, 
ал амин қышқалдарынан глюкозаның пайда болуын тежейді.  
      Қандағы  глюкозаның  мөлшері  азайғанда  (гипогликемия)  гликогенолиз 
(гликогеннің  глюкозаға  айналуы)  үдерісі  жеделдейді,  бұл  глюкагон  және 
адреналин  гормондарының  ықпалдарынан  белсендірілетін  фосфорилаза 
ферментінің 
көмегімен 
жасалады. 
Симпатикалық 
жүйке 
жүйесі 
диссимиляция  үдерісін  күшейтіп,  қандағы  глюкоза  мөлшерін  көбейтеді,  ал 
парасимпатикалық  –  анаболизмді  күшейтеді  (ағза  жасушаларының 
глюкозаны пайдалануына әсер етеді). 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   108   109   110   111   112   113   114   115   ...   140




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет