Байланысты: Қалыпты физиология(@kaz medical students)
Талдағыштың өткізгіш бөлімі Өткізгіш бөлімі - қабылдағыштардан келетін ақпаратты өңдеуде
өткізгіш жолдарының мәні зор. Барлық талдағыштардың өткізгіш бөліміне
орталыққа тебетін жолдар мен олар байланысатын орталық ядролар жатады.
Мысалы, жұлынның өткізгіш жолдары, таламустың әртүрлі ядролары мен ми
қыртысының белгілі аймақтары. Сонымен қатар торлы құрылым, лимбиялық
жүйе және мишық қатысады. Сезім жүйесінің афференттік жолдары
арнамалы және бейарнамалы болып екіге бөлінеді. Арнамалы жүйеге тек бір
ғана сезімді жеткізетін (сипап сезу, көру, есту) құрылымдар жатады.
Бейарнамалы жүйе – бірнеше сезімдерді қабылдап өткізетін жолдар (торлы
құрылым, таламус ядролары). Бұл жүйе ми қыртысының барлық
аймақтарымен шашыраңқы байланыс жасайды.