Республики казахстан қазақстан республикасы денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі



Pdf көрінісі
бет125/140
Дата17.04.2022
өлшемі1,31 Mb.
#31240
1   ...   121   122   123   124   125   126   127   128   ...   140
Байланысты:
Қалыпты физиология(@kaz medical students)

механорецепторлар -  тітіркендіруші  стимулдың  механикалық  энергиясын 
қабылдауға бейімделген  
терморецепторлар – температуралық  өзгерістерді  қабылдайды;  
хеморецепторлар – химиялық заттар мен факторларға өте сезімтал ;  
фоторецепторлар – жарық энергиясын  қабылдайды;  
ауырсыну – ауыртатын тітіркендіргіштерге аса сезгіш.   
Дистантты  (қашықтықтан әсер етуші)  және контакты  (жанасқанда  әсер 
етуші) рецепторлар да болады. 
3. Құрылысы бойынша: сезгіш нейрондардың бос немесе бос емес жүйке   
    ұштары. 
     
     15.4. Қабылдағыштардың әрекеттік ерекшеліктері: 
1)  әрбір  қабылдағыш  тітіркендірудің  белгілі  бір  түрлерін  (мәселен,  жарық, 
дыбыс, ыстық, суық т.б.) ерекше сезеді; 
2)  қабылдағыштар  үйреншікті  (адекватты)    тітіркендірістерге    қозғыштығы 
өте  жоғары  (мысалы,  бір  фоторецепторды  коздыру  үшін  жарықтың  1  квант 
энергиясы жеткілікті);  
3)    қабылдағыштар    тітіркендіргіш  күшіне  бейімделу  (адаптация)  қабілеті 
бар.  Бұл  жағдайда    рецептордың  сезгіштігі  төмендеуі  немесе  жоғарлауы 
мүмкін. 
4)  қабылдағыштарда  тітіркендіргіштің  әсерінен  мембранасының  кейбір 
иондарға  (әсіресе  натрийге)  өткізгіштік  қасиетінің  өзгеруі  салдарынан 
жергілікті  ток  –  рецепторлық  потенциал  (РП)  пайда  болады.  Бұл  потенциал 


сезгіш  нейронның  денесінен  аксонға  қарай  өтеді  де,  таралатын  әрекеттік 
потенциалға (ӘП) айналады.  
      Сонымен,  талдағыштар сигналды  табу  және  ажырату  қызметін  атқарады. 
Бұл  сыртқы  және  ішкі  ортаның  әртүрлі  әсерлерін  қабылдайтын,  өңдейтін, 
қозу  толқынын  тудыратын,  оларды  ұғынуға    эволюциялық  дамуда 
бейімделген арнайы қабылдағыштар арқылы жүзеге асады.  


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   121   122   123   124   125   126   127   128   ...   140




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет