Республики казахстан қазақстан республикасы денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі



Pdf көрінісі
бет15/140
Дата17.04.2022
өлшемі1,31 Mb.
#31240
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   140
Байланысты:
Қалыпты физиология(@kaz medical students)

      1.2. Физиологиялық зерттеу әдістері.  
      Физиологияның  ғылым  ретінде  дамуына  және  шектес  ғылымдардың 
жетістіктеріне  сәйкес  ертеден  келе  жатқан  зерттеу  әдістерінің  екі  түрі  бар: 
бақылау және тәжірибе. 
      Бақылау  әдістері  –  әр  түрлі  физиологиялық  құбылыстарды  жеке 
мүшелер  мен  толық  организмде  ұзақ  уақыт  бақылауға  болады.  Бірақ  бұл 
әдістер  бойынша  алынған  мәліметтердің  механизмін  түсіндіру  қиындау 
болады. 
      Тәжірибелік зерттеу әдістерін өткір және созылмалы деп екіге бөледі. 
      Өткір  тәжірибе  әдістері  –  әр  түрлі  жануарларға  наркоз  беріп,  дене 
бөлімдерін  немесе  жеке  ағзаларды  тіліп  ашу  (вивисекция)  арқылы  көрінетін 
қызметтерін  механикалық  және  электрлік  аспаптармен  тіркеу.  Тіркелген 
қызметтерді  тәжірибеден  кейін  талдау  мүмкіндігі  болады  (қан  кысымның 
қисығы,  миограмма,  пневмограмма,  кардиограмма,  т.б.).  Сонымен  қатар, 
физиологиялық  кызметтердің  өзгерістерін  байқау  немесе  тіркеу  үшін 
көптеген  тітіркендіру  амалдары  қолданылады.  Олар  механикалық  (кесу, 
түйреу),  биологиялық  (егу,  уландыру),  химиялық  (түздар,  қышқылдар, 
дәрілер),  физикалық  (дыбыс,  сәуле,  температура,  электр  ағыны,  т.б.) 
түрткілер болып ажыратылады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   140




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет