Байланысты: Қалыпты физиология(@kaz medical students)
1.3.Физиологиялық қызметтердің реттелу механизмдері. Организмдегі іс-әрекеттердің реттелуі деп оның әртүрлі тіршілік
жағдайларындағы қажеттілігіне сәйкес, пайдалы нәтижеге жету мақсатында
жасушалар, тіндер, мүшелер қызметтері қарқындылығының бағытталған
өзгерістерін айтады. Физиологиялық реттелудің негізі болып ақпаратты
өткізу және өңдеу үрдістері саналады. Ақпараттарды материалдық
тасымалдаушыларына физикалық және химиялық сигналдар, электрлік
импульстер, молекулалардың формасы мен концентрациясы және т.б.
жатады. Организмдегі физиологиялық әрекеттерді реттейтін жалпы жүйесі
үш деңгейлі көпсатылы (иерархиялық) құрылымнан тұрады (Б.И.Ткаченко
және басқалар, 2009).
Бірінші деңгейдегі реттеуші, немесе жергілікті өзін-өзі реттеуші,
физиологиялық көрсеткіштердің тұрақтылығын, зат алмасу қажеттілігіне
сәйкес, қамтамасыз ететін салыстырмалы дербес (автономды), жергілікті
жүйелерден тұрады. Өздігінен реттеліс – тіршілік үшін маңызды үрдісті
белгілі бір тұрақты жағдайда сақтау қабілеті. Гомеостаз, изотермия,
изоосмия, изоволемия, изогидрия т.б. өзін-өзі реттеу арқылы сақталады.
Гомеостаз деп организмнің ішкі ортасының және физиологиялық іс-
әрекетінің салыстырмалы тұрақтылығын айтады (К.Бернар).
Екінші деңгейдегі реттеу жүйесіне организмнің ішкі ортасы өзгерістеріне
байланысты байқалатын бейімделу реакциялары қарайды. Үшінші деңгейдегі
реттеу жүйесі сыртқы және ішкі орта өзгерістерін бағалайды, организмнің
тіршілік жағдайын оңтайлы ету мақсатында I-II деңгейлік жүйелер
қызметтерін үйлестіреді.
Тұтас
организмдегі
өтетін
әрекеттердің
реттелуі
үш
түрлі
механизмдермен қамтамасыз етіледі: жүйкелік, гуморалдық (сұйықтық) және
миогендік.
Организмнің тіршілік әрекеттерінің реттелуінің жүйкелік механизмі импульстерді, жылдам (80-120 м/с) және қуаты басылмай, өткізетін жүйке
талшықтары арқылы реттелуші мүшелерге жеткізеді. Жүйке жүйесі негізгі
үш бөлімнен тұрады: сезімтал (афференттік), орталық (біріктіруші) және
қозғалтқыш
(эфференттік
немесе
моторлық).
Сезімтал
бөлімінің
кабылдағыштары қоршаған орта мен организмнің жағдайы туралы алуан
түрлі ақпараттарды қабылдайды. Орталық бөліміне – бас миы мен жұлын
кіреді. Бас миының қабылданған ақпаратты сақтау, талдау жасап, организмге
қажеттерін таңдап алып, жауап ұйымдастыру қабілеті өте зор. Сонан кейін
қабылданған және орталықта талданған ақпарат қозғалтқыш бөлімге беріледі
де белгілі әрекет пайда болады. Жүйкелік меңгерудің негізін рефлекс құрайды. Рефлекс – ішкі және сыртқы ортаның өзгерісіне организмнің
орталық жүйке жүйесі арқылы беретін жауабы. Жауап беру әсерлері мүшелер
қызметтерін қоздыруға немесе тежеуге келтіреді. Қандай да болсын рефлекс
арнаулы рефлекстік доға арқылы жүзеге асырылады.