Гуморалдық реттелу әртүрлі химиялық белсенді заттар қан немесе
лимфа арқылы бірнеше тіндер мен мүшелерге әсер етумен жүзеге
асырылады. Оған қатысатын заттарға зат алмасу өнімдері (метаболиттер),
тіндік гормон, медиаторлар және гормондар жатады. Гуморалдық реттеуге
қатысатын метаболиттерге - көмір, сүт, пировиноградтық және аденил
қышқылдары, аминқышқылы, нуклеотидтер, коферменттер т.б. заттар
жатады. Метаболиттер негізінде жергілікті реттеуші ретінде әсер етеді.
Мысалы, қарқынды жұмыс істеген бұлшықеттегі гиперемия құбылысы,
еттерде жиналған метаболиттердің қан тамырларын кеңейтіп, бұлшықетің
қоректі заттармен және оттегімен қамтамасыз етілуінің күшеюі нәтижесінде
байқалады. Гуморалдық реттеуге қатысатын тіндік гормондарға биогендік
аминдер (гистамин, серотонин), простагландиндер, кининдер (калликреин,
брадикинин) және т.б. жатады. Бұл заттардың көбісі реттеуші әсерлерін
тіндер жасушаларының биофизикалық қасиеттерін өзгерту (мембрананың
өткізгіштігі мен қозғыштығы), зат алмасудың қарқындылығын, жасушалар
қабылдағыштарының сезімталдығын өзгерту арқылы іске асырады. Соның
нәтижесінде жүйкелік және гуморалдық әсерлерге жасушалар сезімталдығы
өзгереді.
Организмдегі әрекеттерді реттеуге медиаторлар қатысады. Жүйке
талшықтарының соңында, түйіспелерде бөлінген біраз медиаторлар
(ацетилхолин, серотонин, катехоламиндер), оған сезімтал кабылдағыштары
бар тіндер мен мүшелерге әсер етеді. Мүндай әсерлері жүйке-бұлшықет,
жүйке мен жүйке талшықтары арасындағы және жүйке-без тіндеріндегі
түйіспелерде ылғида жүріп жатады.
Организмнің әрекеттерін реттеуде ішкі сөлініс бездерінің гормондары
ерекше орын алады. Гормондар жасушадан тыс сұйықтық арқылы
организмнің барлық учаскелеріне тасымалданып жетеді де жасушалар
қызметін реттеуге қатынасады. Негізінде гормондар жүйке жүйесінің
реттеуші қызыметін жалғастырушы және толықтырушы ретінде әсер етеді.
Жүйке жүйесі көбіне бұлшықеттер әрекеттерін реттесе, гормондар
организмдегі әртүрлі зат алмасу (метаболизм) үрдістерін қадағалайды.
Эволюциялық тұрғыдан қарағанда, жануарлардың бұлшықет жүйесі мен
қимыл-қозғалыстың қарқынды дамуына байланысты миогендік реттеу
механизмі пайда болды. Адамның дене салмағының 50% -ы еттерден тұрады.
Оның ішінде қаңқа бұлшықеті (40%), жүрек еті және ішкі ағзалардың
бірыңғай салалы еттері бар. Миогендік реттелу механизмінің негізіне қаңқа
немесе жүрек етін алдын ала шамалап созғанда, олардың жиырылу қабілеті
соншалықты күшеюі жатады. Бірыңғай салалы еттердің де жиырылу
белсенділігі оның созылу дәрежесіне тәуелді. Мысалы, біртіндеп несеп
жиналғанда қуықтың көлемі ұлғаяды, оның тонусы күшейеді, біраздан кейін
қайта қалпына келеді (бірыңғай салалы етердің иілімдік қасиеті). Бұл
қантамырлары мен ішкі қуыс мүшелердің толығуы мен тонусын
(ширақтығын), олардағы қысымды аса көп (белгілі бір шамаға дейін)
өзгертпей, реттелуге келтіреді.
Сонымен қалыпты организмдегі бүкіл физиологиялық үдерістер біртұтас
жүйкелік және гуморалдық реттелу механизмдерімен қамтамасыз етіледі.
Олардың әр қайсысының ерекшеліктері жеке физиологиялық жүйелер
қызметтерін талдауда айтылады.
ДӘРІС № 2. Қозғыш тіндер физиологиясы.
Дәрістің жоспары:
2.1. Қозғыш тіндердің физиологиялық қасиеттері.
2.2. Қозғыш тіндерді тітіркендіру заңдары.
2.3. Қозғыш тіндердің тыныштық және белсенді жағдайлары.
Достарыңызбен бөлісу: |