Республики казахстан қазақстан республикасы денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі



Pdf көрінісі
бет80/140
Дата17.04.2022
өлшемі1,31 Mb.
#31240
1   ...   76   77   78   79   80   81   82   83   ...   140
Байланысты:
Қалыпты физиология(@kaz medical students)

 
 
Дәріс № 9. Вегетативтік жүйке жүйесінің (ВЖЖ) физиологиясы 
Дәрістің жоспары: 
9.1. ВЖЖ-нің морфологиялық және физиологиялық ерекшеліктері. 
9.2. Вегетативтік жүйке жүйесі бөлімдерінің қызметтері. 
      9.1. ВЖЖ-нің морфологиялық және физиологиялық ерекшеліктері 


      Вегетативтік  жүйке  жүйесі  (ВЖЖ)  –  ішкі  ортаның  тұрақтылығын 
(гомеостазды)  қамтамасыз  етуге    келтіретін,  ішкі  ағзалар  мен  жүйелер, 
тамырлар  саңылауы,    зат  пен  энергия  алмасу  және  т.б.  қызметтерді  ретеуші 
орталық  жүйке  жүйесінің  бір  бөлігі.  Алғашқы  рет  ВЖЖ-сі  туралы  түсінікті 
1801 жылы француз дәрігері А. Биша енгізген.  ВЖЖ-сі организмнің сыртқы 
(экстра-)  және  ішкі  (интра-)  мүшелік  реттеу  қызметтерін  қамтамасыз  етеді 
және ол үш бөлімнен тұрады: 1) симпатикалық; 2) парасимпатикалық;  
3) метасимпатикалық (А.Д. Ноздрачев). 
      ВЖЖ-нің морфологиялық ерекшеліктері:  
1.  Симпатикалық  және  парасимпатикалық  бөлімдерден  тұратын  ВЖЖ-нің 
нейрондары  ОЖЖ-нің  кейбір  бөлімдерінде  ғана  орналасқан.  Мысалы, 
парасимпатикалық бөлімнің орталық нейрондары ортаңғы (бас жүйкесінің ІІІ 
жұбы)  және  сопақша  мида  (бас  жүйкелерінің  VII,  IX  және  X  жұптары), 
жұлынның  сегізкөз  (сакральдық)  бөлімінде  (S

–  S
4
),  ал  симпатикалық 
бөлімнің    жұлындағы  орталығы
_
  оның  бүйір  ашасында  кеуде-бел 
сегменттерінде (С
8
 - Th
1
 - L
2
) орналасады. 
2.    ВЖЖ-нің  рефлекстік  доғасының  соматикалық    рефлекстік  доғасынан 
айырмашылығы  бар.  Оның  эфференттік  бөлімі  қос  нейронды.  Бірінші 
нейронның  денесі  орталық  (сопақша)  ми  мен  жұлын  орталығында,  екіншісі 
шеткі  ганглийлерде  (түйіндерде)  орналасқан.  Парасимпатикалық  жүйке 
жүйесінің  ганглийлері  –  ағзалар  маңындағы  немесе    ішіндегі 
интрамуральдық  түйіндер,  ал  симпатикалық  түйіндері  омыртқалар  бойымен 
тізбектелген  (превертебральдық)  және  одан  алысырақ  орналасқан 
(паравертебральдық)  түйіндер  болып  ажыратылады.  Орталықта  орналасқан 
нейрондардың  талшықтары  (аксондары)  преганглийлік  (ганглийге  дейінгі) 
талшықтар  деп  аталады.  Олар  жүйкелік  серпіністерді  орталықтан  ганглийге 
дейін  жеткізеді.  Екінші  нейрондардың  жүйке  талшықтары  серпіністі 
ганглийден  шыққан  соң  белгілі  бір  ағзаға  апарады,  олар  постганглийлік 
(ганглийден  кейінгі)  талшықтар  деп  аталады.  Сөйтіп,  симпатикалық  жүйке 
жүйесінің  доғасында  қысқа  преганглийлік  және  ұзын  постганглийлік 
талшықтар  болады,  ал  парасимпатикалық  бөлімінде  –  ұзын  преганглийлік, 
қысқа постганглийлік талшықтар болып келеді. 
      ВЖЖ-нің  қыртысасты  орталығы  гипоталамус  ядроларының    маңында 
орналасады  (алдыңғы  тобында  –  парасимпатикалық,  артқы  тобында  – 
симпатикалық  бөлім).  Қыртыс  деңгейіндегі  орталығы  сенсомоторлық 
аймақта (Бродман бойынша 6,8 алаңдар) жатады. ВЖЖ-нің осындай күрделі 
құрылымы болғандықтан ішкі ағзалар қызметі біздің санамызға жетпейді. 
3. 
Вегетативтік 
жүйке 
талшықтары 
соматикалық 
талшықтармен 
салыстырғанда әлдеқайда жіңішке. Преганглийлік жүйке талшығы миелинді, 
оның  диаметрі  3,5  мкм.  Постганглийлік  талшық  миелинсіз,  диаметрі  0,5-2 
мкм. Парасимпатикалық постганлийлік талшықтар өте қысқа болады.  
4.  Әрбір  ағза  симпатикалық  және  парасимпатикалық  жүйкелермен 
қамтылған.  Асқорыту  жүйесінің  жасушалары  тіпті  үш  түрлі  мүшедентыс– 
симпатикалық  (адренергиялық),  парасимпатикалық  (холинергиялық)  және 
метасимпатикалық  жүйкелерімен  нервіленген (иннервация). Бірақ кейбіреуі, 


мысалы,  қуық  көбіне  парасимпатикалық  жүйкемен  нервіленген,  ал  мына 
мүшелер – тер бездері, түкті тұрғызатын еттер, көкбауыр, бүйрекүсті безі тек 
қана симпатикалық жүйкемен қамтылған. 
      ВЖЖ-нің физиологиялық ерекшеліктері: 
1.  Вегетативтік  жүйкелер  эфференттік  жүйкелерге  қарайды.  Олар  қозуды 
орталықтан шеткі орналасқан ағзаларға жіткізеді (орталықтан тепкіш немесе 
эфференттік  жүйкелер).  Бірақ  олардың  ішінде      афференттік  жүйкелер 
(мысалы,  кезбе  жүйкесінің  90%-ы)  болады.  Бұл  жүйке  талшықтары  қозуды 
ағза  қабылдағыштарынан  орталыққа  жіткізеді  (орталыққа  тепкіш  немесе 
афференттік жүйкелер). 
2.  ВЖЖ-нің  қозғыштық  (қозу)  қабілеті  соматикалық  жүйке  жүйесімен 
(СЖЖ)  салыстырғанда әлдеқайда төмен, ал хронаксиясы, қозу табалдырығы, 
керісінше  жоғары.  Мысалы,  ВЖЖ-нің  хронаксиясы  –  3-8  с,  ал  СЖЖ-де  – 
0,04-0,75  с;  ВЖЖ-нің  лабилдігі  –  10-15  Гц,  ал  СЖЖ-де  –  500-1000  Гц. 
Осыған байланысты ВЖЖ-нің рефрактерлік (қозбаушылық) кезеңі өте ұзақ.  
3. Вегетативтік жүйкелердің көбі  «В»  және «С»  талшықтарына жатады.  «В» 
тобына  жататын  миелинді  талшықтарының  қозу  өткізу  жылдамдығы  3-18 
м/с, ал миелинсіз «С» тобына қарайтын талшықтарда – 0,5-3 м/с болады. 
4.  ВЖЖ-нің  түйіспелерінде  қозу  медиаторлардың  көмегімен  өтеді. 
Парасимпатиқалық  жүйке  жүйесінің  барлық  жерінде  (пре-  және 
постганлийлік 
талшықтарының 
ұштарында) 
ацетилхолин 
бөлінеді. 
Симпатикалық  постганглийлік  жүйкелер  ұшында  бөлінетін  медиаторларға  – 
адреналин  (90%),  норадреналин  (7%)  және  дофамин  (3%)  жатады.  Ал 
симпатикалық  преганглийлік  талшықтарының  ұштарында  ацетилхолин 
бөлінеді.  Сонымен  бөлінетін  медиатордың  табиғатына  қарай  вегетативтік 
жүйкелер  холинергиялық    (ацетилхолин)  және  адренергиялық  болып  
ажыратылады. Холинергиялық жүйкелер тобына: 1) парасимпатикалық және 
симпатикалық преганглийлік жүйкелер; 2) парасимпатикалық постганглийлік 
жүйкелер;  3)  симпатикалық  преганлийлік  тер  бездерінің  жүйкелері  жатады. 
Адренергиялық  жүйкелер  қатарында  барлық  постганглийлік  сипатикалық 
жүйкелер болады.    
      Симпатикалық медиатор – адреналинге сезімтал α- (α
1
, α
2
) және β- (β
1
, β
2

адренорецепторлар  болады.  Бұл  рецепторлардың  әсерін  тоқтататын 
фармакологиялық  заттарға  (блокатор)  фентоламин  және  пропранолол 
қарайды.  Парасимпатикалық  медиатор  –  ацетилхолин  постсинапстық 
мембранада орналасқан М- және N- холинорецепторлармен байланысып әсер 
етеді.  Ацетилхолин  шамадан  тыс  көбірек  бөлінетін  болса,  оны  ыдырататын 
фермент  ацетилхолинэстераза  (АХЭ)  бар.  М-холинорецептордың  блокаторы 
– атропин.  


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   76   77   78   79   80   81   82   83   ...   140




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет