6. Гормондар тек ағзалардың қызметтеріне ғана емес, олардың
құрылымдарына да әсер етеді, яғни оларда құрылымдық өзгерістер туғызуы
мүмкін, кейде ағзалар тінінің өсуін күшейтіп, кейде тежейді (акромегалия,
гигантизм, нанизм т.б.).
7. Гормондар ферменттер қатарына жатпайды, яғни олар жасуша жоқ
ортада жүретін химиялық процесстерге арнайы әсер етпейді. Бірақ әртүрлі
ферменттер арқылы химиялық әсерленістердің өту жылдамдығына әсер ете
алады.
Гормондардың әсері. Гормондардың ағзаларға негізгі әсер ету механизмі
бірнеше жолмен жасалады: сұйықтық арқылы (гуморалды) тікелей тіндер
мен мүшелерге, рефлекстік (хеморецепторлардың қатысуымен) және жүйке
жүйесі арқылы.
1. Гормондардың тіндер мен ағзаларға тікелей әсерінің себебі, гормондар
мембрана арқылы жеңіл өтеді, оған қоса мембраналармен байланысқа түседі.
2. Гормондар ағзалардың қызметіне тікелей әсер етіп қоймай, олардың қан
тамырлары мен тіндердегі әртүрлі хеморецепторларын тітіркендіре отырып,
рефлекстік жолмен де әсер етеді.
3. Гормондардың ОЖЖ-і арқылы әсері жүйке орталығын құрайтын
нейрондардың тонусын жоғарылату немесе төмендету арқылы жасалады
(Гейманс тәжірибесі).
Гормондар химиялық делдал сияқты белгілі бір ақпаратты немесе
сигналды, тек соған сезімтал нысана-жасушаға жеткізеді. Мұндай
жасушалардың, гормондармен байланысатын, жоғары дәрежелі маманданған
ақуыздық қабылдағыштары бар.
Жасушаларға әсер ету механизмінің ерекшелігі бойынша гормондардың
негізгі екі түрін ажыратады.
Гормондардың бірінші түрлері жасуша мембранасы арқылы жеңіл өтеді
және олардың әсер етуіне қосымша делдал-медиатор қажеті жоқ. Оған
стероидтық және қалқанша безінің гормондары жатады.
Гормондардың екінші түрлері жасуша мембранасы арқылы нашарлау
өтеді, мембрананың бетінен әсер етеді, сондықтан олардың әсер етуіне
жасушаішілік медиаторлар (ферменттер) қажет болады (циклдық АМФ,
простагландин, кальций иондары т.б.). Бұл топқа пептидтік гормондар мен
катехоламиндер жатады.
Гормондардың осы түрлеріне сәйкес гормондық рецепциясының екі түрі
болады: жасушаішілік (қабылдағыш аппараты жасуша ішінде) және
мембраналық (байланысқан) – мембрананың сыртқы бетінде орналасқан.
Достарыңызбен бөлісу: