Гормондардың жіктелуі. Әсер ету орнына байланысты гормондар екі
топқа бөлінеді:
1) эффекторлық гормондар – эффекторлық жасушаларға әсер етеді (мысалы,
организмдегі зат алмасуды реттеуге қатысатын инсулин – бауыр
жасушасындағы гликогеннің түзілуін, глюкоза мен басқа заттардың
мембрана арқылы тасымалын күшейтеді және ақуыздың синтезделуін
жоғарылатады);
2) троптық гормондар – басқа ішкі сөлініс бездеріне әсер етіп, олардың
қызметтерін реттейді. Мысалы, АКТГ бүйрекүсті безі қыртысының
гормондарының түзілуін реттейді, ал ТТГ – қалқанша безіне әсер етеді.
Химиялық табиғаты мен құрылымына байланысты гормондар үш топқа
бөлінеді:
1) белоктық – полипептидті қосылымдар (соматотропин, инсулин, глюкагон);
2) амин қышқылының туындалары (тироксин, катехоламиндер: адреналин,
норадреналин);
3) стероидтар (кортикостероидтар, жыныс гормондары).
Гормондар әсер ету нәтижесіне қарай
қоздырушы және
тежеуші болып
ажыратылады.
Барлық гормондарға тән қасиеті, олардың жартылай тіршілік кезеңі
салыстырмалы аз болады – 30 мин шамасында. Сондықтан олар ылғида
түзілісте және сөліністе болып, тез әсер етіп, жедел жылдамдықпен жойылуы
керек. Тек осындай жағдайда ғана олар реттеуші ретінде тиімді қызметін
атқара алады.
Ішкі сөлініс бездерінің физиологиялық рөлі (маңызы) – олардың реттелу
мен интеграция механизмдеріне, бейімделуге, ішкі орта тұрақтылығын
сақтауға әсер етуімен тығыз байланысты.
Достарыңызбен бөлісу: