кейін байқалады. Эстрогендер сүт безінің өзектерінің дамуына, ал
прогестерон оның альвеолаларының жетілуіне келтіреді. Босанған әйелде
пролактиннің бөлінуі күшейіп, емшектен сүт көп шығады (лактация), сүттің
сапасы, майлылығы, дәмі артады. Сонымен қатар, пролактин сары дененің
ұзақ уақыт қызмет атқаруын және ондағы прогестерон гормонының бөлінуін
қолдайды (лютеотроптық әсері).
Аденогипофиздің троптық (бағыттаушы) гормондары:
1. Тиреотропин (ТТГ) – қалқанша
безіне таңдаулы әсер етіп, оның
сөліністік қаблетін күшейтеді. Егер тәжірибеде жануардың гипофизін алып
тастаса, оның қалқанша безі семіп қалады (атрофия). Ал осы жануарға
тиреотропин егілсе, біраздан кейін қалқанша безінің қызметі қалыпқа келеді.
Тиреотропин шектен тыс көп бөлінсе (гиперсекреция) гипофиздік
гипертиреозға әкеліп соғуы мүмкін.
2. Адренокортикотропин (АКТГ) – бүйрекүсті безінің қыртысында пайда
болатын глюкокортикоидтардың түзілуін, қанға шығуын үдетеді. Адамның
әртүрлі қал-күйінің өзгерістерінде (ашулану, қайғы, қиналу, күйзеліс) оның
күш-қуатын
жігерлендіріп,
төзімділігін
күшейтеді
(мобилизация).
Кортикотропин ақуыздың синтезін тежейді және ыдыратады, бұл жағынан ол
өсу гормонына қарама-қарсы (антогонист) әсер етеді. Сонымен қатар,
кортикотропин дәнекерші тіндердің негізгі заттарының дамуына кедерғі
жасайды, гиалуронидаза ферментінің белсенділігін басып, капиллярлардың
өткізгіштігін төмендетеді, яғни қабынуға қарсы әрекет жасайды. Бұл
гормонның сөлінісі тәуліктік ырғаққа (ритмге) тәуелді: таңға қарағанда,
кешкі мезгілде көбірек бөлінеді.
3. Гонадотропин (ГТГ) екі түрлі гормоннан тұрады: фоллитропин (ФСГ,
фолликулстимуляциялаушы) және лютропин (ЛГ, лютеиндеуші); екеуіде
әйелдер мен еркектерде болады.
Фоллитропин – аналық бездің фолликуласын ұлғайтып, онда гормондар
түзілуін үдетеді, қандағы эстрогендерді көбейтеді және аталық бездегі
сперматогенезді тездетіп, сперматозоидтардың өсуін жеделдетеді.
Лютропин – жыныс бездерінен (аналық және аталық) тестостерон мен
прогестерон гормондарының түзіліп бөлінуін күшейтеді. Әйелде аналық
жасушаның пісіп жетілуімен безді жарып шығуын (овуляция) тездетеді, оның
орнында пайда болған сары дененің қызметін жақсартып, онда
прогестеронның түзілуіне ықпал жасайды. Ер адам организмінде лютропин
аталық жыныс громоны – андрогеннің түзілуін қолдайды.
Аденогипофиздің троптық грмондарының өндірілуі гипоталамусте
бөлінетін либерин және статиндер арқылы, эфференттік гормондардың
қатысуымен (кері байланыс принципі бойынша) және вегетативтік жүйке
жүйесімен реттеледі.
Достарыңызбен бөлісу: