Байланысты: Қалыпты физиология(@kaz medical students)
Глюкокортикоидтар түзілісінің реттелуі Глюкокортикоидтардың түзілуінде
гипофиздің алдыңғы бөлігінің
гормоны кортикотропин маңызды роль атқарады. Бұл әсер тура және кері
байланыстар принциптерімен жасалады: кортикотропин осы гормонның
өндірілуін күшейтеді, ал глюкокортикоидтардың қандағы мөлшері аса көп
болса, гипофиздегі кортикотропиннің түзілуі тежеледі.
Гипоталамустың
алдыңғы
бөлімінің
ядроларында
синтезделетін
нейросекрет – кортиколиберин гипофиздегі кортикотропиннің бөлініп
шығуын жеделдетеді, ал бұл гормон глюкокортикоидтың түзілуін күшейтеді.
Сонда, «гипоталамус – гипофиздің алдыңғы бөлігі – бүйрекүсті безінің
қыртысы» атты жүйе немесе әрекеттік байланыс организмнің әртүрлі
бейімделу әсерленістерінде өте жоғары роль атқарады.