Байланысты: Қалыпты физиология(@kaz medical students)
11.7. Бүйрекүсті бездерінің гормондары. Минералокортикоидтар мен жыныстық гормондары Минералокортикоидтар бұйрекүсті безінің шумақты зонасында пайда
болады және олар минералдық алмасуға қатысады. Бұл топқа альдостерон мен дезоксикортикостерон жатады. Бұл гормондар бүйрек түтікшелерінде
Na
+
иондарының қайта сіңуін күшейтеді, ал К
+
иондарының
қайта сіңуін
азайтады, бұл қан мен тінаралық сұйықтықтағы
Na
+
иондарының мөлшерінің
жоғарылауына келтіріп , осы ортадағы осмостық қысымды көтереді.
Нәтижесінде, организмдегі судың мөлшері көбейеді және қан қысымы
көтеріледі.
Минералокортикоидтар капиллярлар мен сірнелі қабықтардың өткізгіштік
қабілетін жоғарылату арқылы қабыну реакцияларының айқын көрінуіне
келтіреді. Олар қан тамырларының тонусын реттеуге қатысады. Мысалы,
альдостерон қан тамырларының қабырғасындағы бірыңғай салалы еттердің
тонусын күшейтіп, қан қысымын көтереді. Альдостерон деңгейі азайғанда,
қан қысымы төмендейді (гипотония).