бірге судың сыртқа көп мөлшерде шығуына келтіреді. Эпифиздің гормоны –
гломерулотропин альдостеронның синтезін күшейтеді.
Жыныстық гормондар (андрогендер, эстрогендер, прогестерон) бүйрек
үсті безі қыртысының торлы зонасында түзіледі. Бұл гормондардың балалық
шақта жыныс жүйесін дамытуға әсері зор болады. Сонымен бірге, адам
қартайып, жыныс бездерінің қызметі тоқтаған кезде бүйрекүсті бездері
негізгі жыныс гормондарын түзуші ағза болып қалады. Олар ақуыз
алмасуына анаболизмдік әсер етеді: амин қышқылдарының ақуыздар
молекуласына көбірек қосылуы, оның синтезін күшейтеді.
Бүйрекүсті безінің қызметі жеткіліксіз болғанда (гипофункция) аддисон
(қола) науқасы дамиды. Оның негізгі белгілеріне - терінің қола тәрізді түсі,
қатты қажу, тәбеттің төмендеуі, лоқсу, құсу, т.б. жатады. Мұндай науқастар
салқынға, ауырсынуға және әртүрлі инфекцияға өте сезімтал болады.
Бүйрекүсті безінің қызметі шамадан тыс күшейгенде (гиперфункция)
оның гормондарының түзілуі күшейеді, әсіресе жыныс гормондары, бұл
екінші жыныстық белгілердің шұғыл өзгерістеріне келтіреді. Әйелдерде
еркектердің екінші жыныстық белгілері пайда болса, еркектерде – әйелдер
белгіліері байқалады.
Достарыңызбен бөлісу: