Республики казахстан қазақстан республикасы денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі


 Жыныстық гормондар. Менструация оралымы (цикл)



Pdf көрінісі
бет101/140
Дата17.04.2022
өлшемі1,31 Mb.
#31240
1   ...   97   98   99   100   101   102   103   104   ...   140
Байланысты:
Қалыпты физиология(@kaz medical students)

11.9. Жыныстық гормондар. Менструация оралымы (цикл) 
      Жыныс бездері (еркектерде - атабезі, әйелдерде – жұмыртқа жасушалары) 
аралас  қызмет  атқаратын  бездерге  жатады.  Сыртқы  сөліністік  қызметі  – 
жыныс  жасушаларын  (сперматозоидтар  мен  жұмыртқа  жасушалары)  жасау 
және  шығару.  Ішкі  секрециялық  қызметі  -  жыныс  гормондарының  түзілуі 
мен қанға бөлінуіне байланысты. 
      Аталық  жыныс  гормондары  –  андрогендер  атабезінің  интерстициалды 
тіндерінің  ерекше  –  Лейдиг  жасушаларынан  жасалады.  Бұл  гормонның  екі 
түрі ажыратылады – тестостерон және андростерон
      Андрогендер  жыныс  аппаратының  қалыптасуы  мен  дамуын,  еркекке  тән 
жыныстық  белгілердің  жетілуіне  ықпал  жасайды  және  жыныстық 
рефлекстердің  пайда  болуына  келтіреді.  Олар  сперматозоидтардың  дамуын  
және  қимыл  белсенділігінің  сақталуын  қадағалайды,  жыныстық  инстинкт  
пен  жыныстық  мінез-қылықтардың  қалыптасуына  келтіреді.  Ақуыздың 
түзілуін  күшейтіп  (әсіресе  бұлшыкетте),  организмдегі  майдың  мөлшерін 
азайтады, негізгі алмасу деңгейін жоғарылатады. 
      Еркектер  организмінде  андрогендерден  басқа,  ұрық  жолында  аздап 
аналық жыныс гормоны – эстрогендер де түзіліп, бөлініп шығарылады. 
      Аналық жыныс гормондары - эстрогендер (эстрон, эстрадиол) жұмыртқа 
жасушасының  фолликуласында  түзіледі.  Сол  жерде  аздап  тестостерон  да 
(аталық  жыныс  гормоны)  түзіледі.  Жарылған  фолликуланың  орнында 
дамитын сары денеде прогестерон гормоны жасалады.  
      Эстрогендер  жыныс  мүшелерінің  өсіп  жетілуіне,  екінші  жыныс 
белгілерінің  пайда  болуына  және  жыныстық  мінез-құлықтың  (әсерленістер) 
дамуына үлкен әсер етеді. Сонымен қатар эстрогендер жатыр бұлшық етінің 
жиырылу  қабілетін  күшейтеді  және  оның  окситоцинге  сезгіштігін 
жоғарылатады, сүт бездерінің өсіп дамуын жеделдетеді. 
      Прогестерон жүктіліктің қалыпты өтуін қамтамасыз етеді. Оның әсерінен 
жатырдың  эндометрий  қабатының  қалыңдап  өсуі  және    оған  ұрықтанған 
жұмыртқаның  бекітілуі  (имплантация)  жақсы  өтеді.  Сонымен  бірге 
прогестерон  жатырдың  жиырылу  қаблетін  тежеп,  оның  окситоцинге 
сезгіштігін  азайтады,  фолликуланың  дамуы  мен  жұмыртқа  жасушасының 


шығуын  (овуляция)  тежейді.  Мұндай  әсері  гипофиздегі  лютропиннің 
түзілісін басу (төмендету) есебінде жасалады. 
      Жыныс гормондарының  түзілуі аденогипофизде бөлінетін  гонадотропин 
мен  пролактиннің  бақылауында  болып  реттеледі.  Еркектерде  гонадотропин 
сперматозоидтардың  даму  мен  жетілуін  қамтамасыз  етсе,  әйелдерде  – 
фолликуланың пайда болуына келтіреді. Жыныс гормондарының (жұмыртқа 
жасушасындағы  эстроген  мен  прогестерон,  аталық  бездегі  андрогендер)  
түзілуі  мен  сөлінісі    лютропиннің    әсерінен  күшейеді.  Пролактин 
прогестеронның өндірілуін жеделдетеді. 
      Эпифиздің гормоны – мелатонин, жыныс бездерінің қызметін тежейді. 
Вегетативтік  жүйке  жүйесі  жыныс  бездерінің  қызметін  гипофиздің 
гонадотроптық гормондарының бөлінуін белсендіру арқылы реттейді.  
      Жыныс оралымының (циклдің) төрт кезеңдері болады: 
      1.  Овуляцияға  дейінгі  (5-ші  –  14-күндер  арасы).  Бұл  кезеңдегі  өзгерістер 
фоллитропиннің  әсерінен  дамиды:  жұмыртқа  жасушасында  эстрогендердің 
түзілуі  көшейеді,  бұл  жатырдың  өсуін  оның  шырышты  қабатының 
қалыңдауына келтіріп, фолликуланың жетілуін тездетеді, сосын ол жарылып 
жұмыртқа жасушасы шығады. Бұл – овуляция деп аталады.    
      2. Овуляция кезіндегі (15-ші - 28-ші күндер арасы). Бұл кезеңде жұмыртқа 
жасушасы  жұмыртқа  жолына  –  жатыр  түтігіне  түсіп,  жатыр  ішіне  қарай  
жылжиды, мұнда оның ұрықтануы мүмкін. Ұрықтанған жұмыртқа жатырдың 
шырышты  қабатына  еніп  бекітіледі  де,  әрі  қарай  жүктілік  басталады.  Егер 
ұрықтану  болмаса,  овуляциядан  кейінгі  кезең  басталады.  Фолликуланың 
орнында сары дене дамиды, ол прогестерон түзеді. 
      3. Овуляцияда кейінгі. Ұрықтанбаған жұмыртқа, жатырға түскен соң өліп 
қалады.  Прогестерон  фоллитропиннің  шығуын  азайтып,  эстрогендердің 
өндірілуін  тежелтеді.  Әйелдің  жыныс  мүшелеріндегі    өзгерістер  жойылып, 
организм  бұрынғы  қалпына  келеді.  Эстрогендердің  азаюы  нәтижесінде 
жатыр  еттері  жиырылады  да,  оның  шырышты  қабаты  сылынып  түседі 
(етеккірдің  келуі).  Біраздан  кейін  жатырдың  шырышты  қабаты  қайтадан 
қалпына (регенерация) келеді. 
      4. Тыныштық  және  овуляциядан кейінгі кезеңдер жыныс оралымының 1-
ші күнінен 5-ші күніне дейін жалғасады. 
      Жыныстық  оралым  (цикл)  27-28  күнге  созылады.  Оның  кезеңдерінің 
әрқайсысы жыныс жұмыртқаларындағы, жатырдың шырышты қабатындағы, 
қандағы,  гормондар  деңгейіндегі  белгілі  бір  өзгерістермен  және  басқа  да 
организмдегі жалпы өзгерістермен сипатталады. 
    11.10. Плацента (бала жолдасы) гормондары. Тіндік гормондар мен 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   97   98   99   100   101   102   103   104   ...   140




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет