174
4. Айтарлықтай кең тараған шашыраңқы-түтікшетті
жапырақшалы тұқым-
дастарды және олардың қолданылу салаларын атаңыз.
5. Қызыл және қара деген атаулармен қандай ағаштардың түрлері танымал.
ІІ БӚЛІМ
ОРМАН САЛАСЫНДАҒЫ ТАУАР АЙЫРЫМЫ
9 Тарау
ОРМАН ӚНІМДЕРІНІҢ ЖІКТЕЛУІ ЖӘНЕ СТАНДАРТТАУ
9.1 Орман ӛнімдерінің жіктелуі
Орман ӛнімдері деп ағаш діңін, тамырын және желектерін механикалық,
механика-химиялық және химиялық жолмен ӛңдеу арқылы алынатын тауарлар
мен материалдарды атау қабылданған. Тауарлардың кӛпшілік бӛлігі ағаш
дайындамалары ағаш ӛңдеу ӛндірісінде іске асырылады:
ағаш кесуші, ағаш
ӛндеуші, целлюлоза-қағаз, гидролизді және орман химиялық ӛнеркәсібіне;
орман тауарларының екінші бір бӛлігі халық шаруашылығының басқа сала-
ларына және экспортқа бағытталады. Барлық
орман шаруашылығының тауар-
ларын жеті топқа бӛлуге болады.
І. Ағаш материалдары. Бұл топқа негізінен ағаш діңінен механикалық
ӛңдеу жолымен алынатын тауарлар кіреді. Сонымен қатар,
жанармай отыны
түрінде ғана пайдалануға жарамды іскерлік сүрек пен отынды дайындайды.
Тӛмен сапалы іскерлік ағашты технологиялық шикізат деп атайды.
Сонымен қатар, ағаш дайындамаларының (бұтанақтар, бұталар және т.б.)
және ағаш кесінділерінің (тақтайшалар, ағаш үгінділері және т.б.) қалдық-
тарынан да негізінен химиялық ӛңдеу үшін пайдаланылатын ағаш материал-
дарын алады.
Механикалық ӛңдеу әдісі бойынша алынатын
ағаш материалдарын алты
топқа бӛлген дұрыс: 1) дӛңгелек (қимасы дӛңгелек пішінге ие шыбықты
кӛлденеңнен бӛлшектерге кесу арқылы алады); 2) кесілген ағаш материалдары
немесе кесілген ӛнімдер (ағашты бойлай арамен кесу немесе фрезерлеу арқылы
ӛңдеп, материалдарды пішу); 3) аршылған (ағашты спираль бойынша аршу
арқылы алады); 4) сүргілеу (ағашты бӛліктің жазық
бетін қалыптасты-ратын
пышақпен кесу арқылы алады); 5) жарылған (ағашты талшықтарының бойымен
сына тәрізді аспаптың кӛмегімен бӛлу арқылы алады); 6) ұсақталған ағаш
(кескіш машинаның, фрезерлі агрегаттардың, уатқыштың, балғалы диірменнің,
жоңқалайтын станоктардың және ұсақтайтын құралдардың кӛмегімен ағашты
арнайы ӛңдеу арқылы,
сонымен қатар, қарапайым аралау және фрезерлеу
үрдістері кезінде алынады).
175
Белгілі
бір
тағайындалудағы
ағаш
материалдарының
түрлерін
с о р т и м е н т деп атау қабылданған.
Орманды таксациялау (латыншадан аударғанда
taxation – бағалау)
міндеттерінің бірі кӛшет отырғызуды сортименттеу,
яғни іскерлік және отын
сүрегінің қорларын және бӛлек сортименттердің шығысын бекіту.
Достарыңызбен бөлісу: