178
ұйым стандарттары бойынша қорытынды тұжырым беретін «Ағаш материал-
дарының» стандартталуы бойынша Техникалық комитет құрылған.
Ағаш материалдарының дӛңгелек, кесілген және басқа да түрлері
сортименттерге келесі техникалық талаптардың айқындалуын анықтайды:
сүрек тұқымдастығының түрі, ӛлшемдер, номинал ӛлшемдерге шақтама және
әдіптер, сұрыптар, ӛңделу дәрежесі. Бұдан бӛлек, стандарттарда ағаш материал-
дарын таңбалау, ӛлшеу, тіркеу, қабылдау және
сақтау ережелері регламент-
теледі.
Шын мәнінде, берілген сортименттің сапа кӛрсеткіштерінің тобын
кӛрсететін
ағаш тұқымдастығының түрін таңдау, оның тағайын-далуына,
сүректен талап етілетін қасиетіне (беріктігіне, ӛңделуге икемділігіне,
биотұрақтылығына, дымқылданғыштығына және т.б.), ағаш сүрегінің қорына
және т.б. байланысты. Мысалы, сульфитті әдіспен целлюлоза ӛндіру үшін шикі-
зат ретінде шырша мен майқарағайдың аз
шайырлы тұқымдастықтарының
сүректері ғана қолданылады; қарындаш тақтайшасын дайындау үшін жақсы
«ұшталу» қасиетіне ие самырсынның жұмсақ сүрегін пайдаланады. Еменнің
биотұрақты және қатты сүрегін кӛптеген сортименттерді ӛңдеу үшін қолдануға
мүмкін болар еді, алайда салыстырмалы аз қорының себебінен оларды ең
алдымен сүргіленген шпонды, паркетті және ӛнімдердің басқа да түрлерін –
қаптауыш материалдарын дайындау ретінде пайдаланады.
Стандарттарда, үнемделуіне ықпал жасау үшін, шамшат,
самырсын және
басқа да бағалы ағаш тұқымдастықтарының сүректерін пайдалануға шектеу
қою қарастырылған.
Сортименттердің
ӛлшемдерін орнату кезінде олардың тағайын-далуын,
техникалық және экономикалық мақсатын ескереді. Мысалы, шпал сияқты
кесілген материалдың ұзындығы темір жолдың еніне сәйкес келуі қажет; таукен
ӛндірісінің тіреуіштері үшін пайдаланылатын дӛңгелек ағаш материалдарының
кеніштегі тіректері беріктік пен қаттылыққа жүргізілген техникалық есептеріне
сәйкес тағайындалады; келесі реттік сүргілеу мен сыдырудан ӛтетін дӛңгелек
сортименттердің ұзындығы құрылғының конструктивті ерекшеліктеріне
байланысты болады. Жалпы тағайындалудағы (14 см)
кесілген материал-
дарының ӛндірісі үшін қолданылатын дӛңгелек ағаш материалдарының
минималды диаметрі ағаш ӛңдеу ӛндірісінің талаптарын қанағаттандыру үшін
және шикізатты тиімді пайдалану мақсатында сәйкестендіріліп орнатылады.
Кейбір сортимент түрлері үшін жабдықтардың және білдектердің техника-
лық мүмкіндіктерін ескере отырып, номиналды ӛлшемдерден олардың ӛсуі
немесе кемуі жағына қарай ауытқуы, яғни
дәлдік шегі орнатылған.
Дӛңгелек сортименттер үшін номинал ӛлшемдерге міндетті үстемелер қою
орнатылған, яғни
әдіптер, олар сортименттің бүйір жақтарын шығару және
қысқа сортименттерге бӛлу кезінде кеміген ұзындықтың орнын толтырады.
Кесілген материалдарда әдіптер сүректі кептіру нәтижесінде орын алатын
қалыңдық пен еннің нақты ӛлшемдерінің номинал ӛлшемдерден
айырма-
шылығын ескереді. Дӛңгелек сортименттер сапасына байланысты сұрыптарға
жіктеледі, сапа сортименттің қалыңдығы мен сүрек ақауларына байланысты
179
анықталады. Сонымен қатар, кесілген материалдар үшін де бірнеше сұрып түрі
орнатылған.
Ағаш материалдарының стандарттарында
ӛңделу деңгейіне қойылатын
талаптар (дӛңгелек ағаш материалдары қабықтарынан
тазартылған немесе
тазартылмаған болуы мүмкін, кесілген материалдары кесілген немесе
кесілмеген болуы мүмкін және т.б.) кӛрсетілген, ӛңдеудің рұқсат етілген
ақауларының нормасы берілген. Кейбір сортименттер үшін стандарттарда сүрек
ылғалдылығының нормалары келтірілген.
Достарыңызбен бөлісу: