52
алғашқы және соңғы жылдық қабат аймағының құрылымында күрт ӛзгеріс
байқалатын ағаш тұқымдастарының сүрегі (балқарағай, қарағай, емен, шаған
және т.б.) ие. Жоғары бірыңғай тығыздылықпен шамшат, алмұрт, қызылқайың,
үйеңкі, бүк ағашы, қандыағаш, кӛктерек, жӛке және т.б. ағаш тұқымдас-
тарының тобы ерекшеленеді. Сүректің бірыңғай тығыздылығы үшін сандық
кӛрсеткіш әлі де жоқ.
Сүрек беті, кескіш құралмен қаншалықты мұқият ӛңделгендігіне
қарамастан, бәрібір анатомиялық қуыс элементтерді кесіп тастаудың нәтиже-
сінде пайда болған қандай да бір болмасын кедір-бұдырлыққа ие болады.
Сүректің бойлық қимасының беті емен, шаған, жаңғақ ағашы, самырсын
сияқты және басқада әрлеу үшін жиі пайдаланылатын ағаш тұқымдастары
200мкм және одан да кӛп анатомиялық кедір-бұдырлыққа ие.
Қылқан жапырақты ағаш тұқымдастарының кедір-бұдырлығының биіктігі
8-ден 60мкм-дейін, ал шашыраңқы-түтікшелі жапырақты ағаш тұқымдас-
тарының кӛпшілігінде – 30...100 мкм құрайды.
Достарыңызбен бөлісу: