50
лардың иірлік кескіндері тангенциал қимада әлдеқайда қызықты кӛрініс
қалыптастырады, әсіресе балқарағай (3.1,
а-сурет) мен шілікте.
Күрделі құрылымды жапырақты ағаш тұқымдастары үшін құралсыз кӛзбен
кӛрінетін ірі түтікшелердің (шаған,
барқыт ағашы, емен және т.б.), ӛзек
сәулелердің, әдетте қоршаған сүрекке қарағанда қаралтымдау болып боялған
(шамшат, қарағаш, шынар және т.б.), дұрыс емес орналасқан талшықтар және
т.б. кездесуі тән. Бұл әлдеқайда ӛнімді текстура қалыптастырады.
Сүрек қимасының бағытын таңдау текстура сипатын анықтайды.
Жалпақ
жапырақты ағаш тұқымдастарының ішінде радиал қимада ӛзек сәулелердің
болуымен түсіндірілетін әдемі текстураға шамшат, шынар, үйеңкі, ақ үйеңкі,
емен, қарағаш, самырсын ағаштары ие (3.1,
б-сурет). Соңғы үш
сақиналы
түтікшелі тұқымдастар ӛздерінің тангенциал қимадағы текстурасымен де
бағаланады.
Осы ағаш тұқымдастарынан басқа, тангенциал қимада негізінен түтікше-
лерді кесуден пайда
болатын әдемі текстураға шаған, грек жаңғағы, барқыт
ағашы,
жеуге жарамды каштан, шегіршін ағаштары ие. Талшықтардың
шиеленісіп орналасуы (ізік) жалпақ жапырақты ағаш тұқымдастарының дің
сүрегінің безінде (ағаш бұлтығы) жоғары
декоративті қасиеттермен
ерекшеленетін текстураны қалыптастарады (6.3, 6.4 б. қараңыз). Ӛрнекті деп
аталатын сүрек карел қайыңында байқалады (3.1,
в-сурет). «Құс кӛзі» деп
аталатын үйеңкі текстурасы – ақ үйеңкінің аномальды сүрегі ӛте қатты
бағаланады. Маньчжурлық шағанның толқындық текстурасы айқын кӛрінеді
(3.1,
г-сурет). Сүректі біркелкі емес пресстеу, толқындық кескіші бар пышақпен
аршу, сонымен қатар, сүректі талшық бағытына қарай бұрышпен аршу арқылы
ӛзіндік бір текстура алуға болады. Текстура мен түс сүректің декоративті
материал ретінде құнын анықтайды. Сүректі мӛлдір әрлеу лактар арқылы оның
текстурасын айқындайды. Жарықты шағылыстыру коэффициенті сүректікіне
жақын болатын лак жабындысы беткі қабаттардың мӛлдірлігін
жоғарылатады
және текстура тереңдігін кӛзбен қабылдау мүмкіндігіне ықпал етеді.
Достарыңызбен бөлісу: