150
ЦНИИМОД-те (С.Н. Горшин, Е.И. Мейер, И.Г. Крапивина және т.б)
қарағай сүрегіне жүргізілген зерттеулердің нәтижесі бойынша кӛгілдір
саңырауқұлақтарының кейбір түрлері тек тор ішіндегі заттармен ғана қорек-
тенеді, басқалары тор қабырғаларын бұзуы мүмкін. Сонымен, сүрекке әсері
негізінен тесіктердің торусы мен ӛзек сәулелердің паренхимді торларын зақым-
даумен шектелетін
Disculo brunneo – tingens H. Meyer саңырауқұлағы 6,5%, ал
трахеидлардың екіншілік қабықтарының қатты бұзылуына және кӛптеген оның
пробеденияларына алып келетін
Ophiostoma pini саңырауқұлағы 34% соққылық
тұтқырлықты тӛмендетеді.
Кӛгілдірленген сүрек кӛптеген жағдайда
сужұтқыштықтың жоғары
жылдамдығымен ерекшеленеді. Кӛгілдір саңырауқұлақтардың кейбір түрлері
мықты ағаш бұзушы саңырауқұлақтардың дамуын ӛршітеді.
Сонымен қатар, кӛгілдір саңырауқұлақтарының сүрекке әсері, егер ол
беріктіктің айтарлықтай тӛмендеуіне алып келмесе, пайдалы деп танылады,
себебі сүректің антисептіктермен дымқылдануын жеңілдетеді. А.Т. Вакиннің
(ОТА)
мәліметтері бойынша, кӛгілдірленген сүрек (шпалдарды жасау үшін
қолданылатын) зақымданбаған сүрекке қарағанда антисептиктермен жақсы
дымқылданады.
Қабықтағы саңырауқұлақтық реңдер сүректің түрін нашарлатады,
қаралтым реңдер шіру дамуының алғашқы кезеңіндегі оның пайда болуын
жасыруы мүмкін. Қабықты бояушы
саңырауқұлақтар желімдерді, сонымен
қатар, сүректегі лак және бояу жабындыларын зақымдауы мүмкін.
Достарыңызбен бөлісу: