146
6.5 Химиялық бояулар мен саңырауқҧлақпен жарақаттану Химиялық бояулар. Мұндай бояулар жаңадан кесілген немесе сумен
ағызылатын ағаштарда химиялық және биохимиялық процестің нәтижесінде
пайда болады. Саңырауқұлақ пайда болғандағы бояудан, химиялық бояудың
айырмашылығы
бірқалыптылығы
мен
ағаштың
жоғарғы
бӛлігінде
орналасуымен ерекшеленеді (тереңдігі 1...5 мм). Ағаш кепкеннен кейін бояу
кӛп немесе аз мӛлшерде оңады.
Ақау түсі мен пайда болу себебіне байланысты илеуіш және сарылық
болып бӛлінеді. Илеуіш ағаш қорытпаларында қызғылт-қоңыр немесе кӛкшіл-
қоңыр түсті, тереңдігі 5 мм дейін болады. Бояулар илеуіш заттардың тотығуы
нәтижесінде пайда болады. Сарғыштық қылқан жапырақты ағаш қорытпа-
ларында лимонды-сары түсті тегіс жоғарғы бояу түрінде бақыланады.
Қарқынды құрғаудың нәтижесінде бетіне шығып, ағаш боялып, сары түсті зат
пайда болады, бояу шел қабықтағы тірі жасушаларға кислород жетіспеуінен
химиялық ӛзгерулердің нәтижесінде пайда болады.
Шпонда химиялық бояулар түсіне және текстураны жасыру қабілетіне
қарай ашық түсті және қара болып бӛлінеді. Химиялық бояу ағаштың физика-
механикалық қасиетіне әсер етпейді, тек оның сыртұы түрін нашарлатады. Бұл
ақау әдетте шпонда және басқа да қаптау материалдарында кездеседі.
Саңырауқҧлақпен жарақаттану. Саңырауқұлақтарды ертеде ӛсімдік-
терге жатқызса, енді оны тірі табиғаттың жеке патшалығы ретінде
қарастырады. Оларда хлорофилл болмайды және олар ӛздерінің дамуы үшін ӛлі
және тірі ӛсімдіктерден алынатын органикалық заттарды қажет етеді. Саңырау-
құлақтар спора түрінде кӛбейеді. Бұл ұсақ клеткалар ауа, су, жәндіктер арқылы
тез таралады. Ағаштың қорғанышсыз шел қабығына түскен олар тез кобейеді.
Содан соң гиф (жіңішке түссіз немесе боялған жіп) пайда болады, тоқи келе ол
саңырауқұлақ жармасына айналады. Гиф спорадан ерекшеленген жеміс дене-
сінен тұрады. Ағаш ылғалдылығы 20%-дан тӛмен болса саңырауқұлақтар дами
алмайды; сонымен қатар, ылғалы мол ағашта да олар дами алмайды, себебі
оларда ауа жеткіліксіз. 2ºС-тан тӛмен 40...45ºС-тан жоғары температурада
саңырауқұлақтың дамуы тоқтайды.
Ағаштағы саңырауқұлақтардың әсерінен екі ұшты тұқымның ӛзгеруі
болады. Бір жағдайда ағаш әртүрлі бояуларды қабылдайды. Мұны тудыратын
саңырауқұлақтар ағаш бояғыштар деген атауға ие болған. Басқа жағдайларда
саңырауқұлақтар алдымен ағаш түсін ӛзгертіп, бірақ содан соң оның бүлінуіне
әкеп соқтыратын физика-механикалық қасиетін терең ӛзгертеді. Бұл процесті
ағаштың шіруі деп, ал оны тудыратын саңырауқұлақтарды – ағашты
бүлдіруші деп атайды. Ағаш шірудің коррозиялық түрінде ұяшық құрылым-
ды қасиетке ие. Ағашта шіру процесінің белгілі бір кезеңдерінде оңулар немесе
целлюлозалық ағарулар пайда болады; лигнин мӛлшері азаяды, бірақ
целлюлоза мӛлшері мүлдем ӛзгермейді. Шірудің деструктивті түрінде ағашта
талшық бойымен және кӛлденең кӛптеген жарықтар пайда болады; ағаш
147
әртүрлі призмалық бӛліктерге бӛлінеді. Целлюлоза санының кӛбеюіне
байланысты лигнин саны азаяды.