Саңырауқҧлақты ӛзекті дақтар мен жолақтар. Бұл ақау ағаштың
қаттылығын тӛмендетпей, діңнің орталық бӛлігінің (шынайы және жалған ӛзек
немесе піскен ағаш) түсінің ӛзгеруімен білінеді. Ол ағаш бояғыш немесе ағаш
бүлдіргіш саңырауқұлақтардың әсерінен пайда болып, ӛсіп келе жатқан
ағаштың барлық тұқымдарында кездеседі. Кесілген ағашта ақаудың ары қарай
дамуы тоқтатылады.
Ӛзек аумағында немесе піскен ағаштың бүйірінде әртүрлі – айшық, сақина
немесе тегіс жарақаттанған аумақ пішінде, ал бойлық қимада бойлық жолақ
түрде кӛрінед. Дақтар мен жолақтар әр түсті болады: қоңыр, қызғылт, қою
қоңыр, қаралау және сұрғылт-күлгін.
Дӛңгелек ағаш материалдарында дақтар мен жолақтарды су қабатқа
қолданылған әдістердің бірімен ӛлшейді. Кесілген ӛнімдер мен шпонда боялған
аумақ сызықтық ӛлшемдермен немесе ені, ұзындығы мен қалыңдығының
үлестерімен, сонымен қатар, сортиментке сай келетін аудан пайызымен
ӛлшенеді. ЦНИИМОД-тың зерттеулері бойынша қарағай мен шырша ағаш-
тарындағы саңырауқұлақтық бояуларды тудыратын саңырауқұлақтар статика-
лық жүктемеде ағаштың беріктігін тӛмендетпейді, ал оның қаттылығы сау
ағаштан кішкене артық болады. Сол орайда соққыға тұтқырлығы ӛте қатты
тӛмендейді (30-40%-ға), ылғал сіңіруі мен су ӛткізгіштігі күшейеді, био-
тұрақтылығы мен сыртқы түрі нашарлайды.
Ӛзекті шірік. Мұндай шірік бүлдіргіш саңырауқұлақтардың әсерінен ӛсіп
келе жатқан ағаш сүрегінде пайда болады. Кӛбікті шірік діңнің түбірінде
немесе түбіртек бӛлігінің зақымданған аймағында болады. Ақырындап тартыла
келе, ол діңнің жоғарғы бӛлігіне кейде бірнеше метрге дейін жайылады.
Діңгекті шірік сынған бұтақтар немесе дің жарақаттарынан басталады
және зақымданған аумақтан жоғары тӛмен тарайды, зақымдалған аумақ темекі
пішіндес болады. Шірік діңнің түбіртек бӛлігіне дейін жетпейді.
Шірік ағаш материалдарының бүйірінде ірі әртүрлі пішіндегі (айшық,
сақина) дақтар түрінде немесе діңнің орталық бӛлігіндегі тегіс жарақат аумағы
түрінде бақыланады; кейде жарақат аймағы орталыққа кӛршілес тіпті
периферияға шығады. Талшық бойынша қимада шірік жолақ түрінде болады.
Алабажақ-елеуішті шірік жарақаттанған аумақтың қызғылт-қоңыр фонда
талшық бойымен созылған кӛптеген ұсақ ақ және сары дақша түрінде пайда
болады.
Ағаш ӛзінің тұтастығын ұзақ сақтайды. Ағаш қатты бұзылуға ұшырағанда
ұяшықты немесе талшықты құрылымды алады (6.24, а-сурет), жұмсақ болады
және тез жарылады. Бұл коррозиялық шірік жалпақ жапырақты және қылқан
жапырақты тұқымдарда кездеседі.