Құрметті turksoy халықаралық Түркі Мәдениет ұйымының Бас хатшысы Дуйсен Қорабайұлы Қасеинов мырза!



бет46/109
Дата10.05.2023
өлшемі0,89 Mb.
#91606
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   ...   109
Байланысты:
sciPaper105546

Әдебиеттер:
1 Ж. Баласағұн. Құтадғу білік. Алматы, Жазушы, 1986 ж.
2 Ш. Құдайбердиев шығармалары. Алматы, Жазушы, 1988 ж.
3 Бес ғасыр жырлайды І-том. Алматы, Жазушы, 1988 ж.
4 Он ғасыр жырлайды. Алматы, 2006 ж.
ЖҮСІП БАЛАСАҒҰННЫҢ «ҚҰТТЫ БІЛІК» ДАСТАНЫНДАҒЫ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ОЙЛАР
Әліпбек А.З., п. ғ. к., доцент м.а., ОҚМПИ, Шымкент қ., Қазақстан
Қойшиев Қ.Е.,п. ғ. к., аға оқытушы,ОҚМПИ, Шымкент қ., Қазақстан
Еркінбек Н. 103-13 оқу тобының 4 курс студенті ОҚМПИ, Шымкент қ., Қазақстан


Резюме
В этой статье рассматриваются педагогические мысли Ж.Баласагуна в трудах «Кутты билик». А также анализируется значение воспитательных целей и принципов этого труда, который определяется как ценность для человечества.
Summary
In this article pedagogical thoughts of Zh. Balasagun in works «Kutty bilik» are considered. And also value of the educational purposes and the principles of this work which is defined as value for mankind are considered.

XI ғасырдағы Түркі тілдес халықтарының аса көрнекті ақыны, есімі бүкіл шығыс елдеріне мәлім болған данышпан ойшыл, шежіреші ғалым, белгілі қоғам қайраткері – Жүсіп Баласағұн XI ғасырдың басында (шамамен 1015-1020 жж) Баласағұн қаласында дүниеге келген.


Ол табиғаттану, математика, астрономия, тарих, араб-парсы тіл білімі, т.б. толып жатқан ғылым салаларын жете меңгерген ғұлама ғалым. Жүсіп Баласағұнның ғалымдық, ұстаздық, ақындық еңбектерінен бізге жеткені «Құтадғу біліг» немесе («Құтты білік») дастаны. Дастан 6520 бәйіттен (екі жолды өлеңнен) тұрады. Бұл дастан – мемлекетті басқару әдістерін, адамгершілік нұсқаларын, қоғамдық саяси мәні бір түрлі ережелер мен заңдарды, әдет-ғұрыптар нормасын қамтыған, энциклопедиялық дәрежеде жазылған көркем туынды болып табылады [1, Б.22].
«Құтты білік» поэмасы энциклопедиялық шығарма болып табылады. Әрине, шығарма тек саяси трактат көлемінде қалып қоймай, орта ғасыр дәуірінің ғылым, мәдениет салаларын да қамтиды. Адам тағдыры, өмірінің мәні, орны мен әлемдегі рөлі жайындағы мәселелер де қаралады. Сонымен бірге, Баласағұн философиялық, шамандық, исламдық дүниетанымда болғандығын білеміз. Философияны поэзия арқылы жеткізу орта ғасырлық шығыстық үрдіс еді. Екінші бір қыры – исламға дейінгі әр түрлі нанымдар. Шығармадан шамандық түсініктер көрінеді.
Исламдық идеология да елеулі орын алады. Бұл жайында А.Н.Романов пен С.Н.Иванов: «Жүсіп Баласағұнның «Құтты білік» поэмасы – ең алғаш, ең көне, әзірше жалғыз, мұсылман идеологиясының негізінде, осы идеологияны уағыздаушы ретінде түркі тілінде жазылған шығарма» - деп баға береді. Кітапқа көшпенділер тұрмысы мен аңшылық өнерін көрсететін нақыл сөздер, мақал-мәтелдер, тұрақты сөз тіркестері енген.
Дастанның кіріспесі қара сөзбен, ал негізгі бөлімдері аруз өлең өлшемінің ықшамдалған мутакариб деп аталатын түрімен жазылған. «Құтты білік» дастанының сюжеттік желісі негізінен шығарманың бас қаhармандарының өзара әңгімесінен, сұрақ-жауаптарынан, бір-біріне жазған хаттарынан тұрады. Төрт түрлі ізгі қасиеттің символдық көрінісі ретінде бейнеленген негізгі төрт қаhарман қоғамның көкейкесті мәселелері туралы әңгімелеседі. Мұндай сұхбатта олар ел басқарған әкімдер қандай болуы керектігін, оқу-білімнің қажеттігін, әдептілік пен тәлім-тәрбие мәселелерін дидактикалық-философиялық тұрғыдан сөз етеді. Мәселен, ақын әдептіліктің алуан түрін жырлай келіп, солардың ішіндегі ең бастысы – тіл әдептілігі деген түйін жасайды. Дастанның әдеби, тілдік, тарихи тұрғыдан ғылыми мәні ерекше [2, Б.131].
Жүсіп Баласағұн жалпыға ортақ парасаттың танымның нәтижесі ретіндегі білімге көшуі адам мүмкіндігінің жүзеге асуы деп біледі. Ғұлама білімнің туа бітетіндігі жайлы пікірге қарсы шығып, оған парасатты іс-әрекеттің нәтижесінде қол жеткізуге болатынына сенеді. Білімге молынан сусындаған адам ғана көп нәрсеге қол жеткізе алады. Оның пікірінше, білім – даналық, денсаулық және жан толысуы.
Жүсіп Баласағұнның ойынша, қоғам құрылымындағы кемелдіктің өлшемі әлеуметтік тәртіп бұзылғанда ғана көзге түсе бастайды. Сол кезде жаңа мұраттар мен ұрандар пайда болып, халық қолдауына ие болады. Ол қоғамдық құрылымның кемелдігін жеке адамның бостандығы, тәуелсіздігі анықтайды деп санады.
Жүсіп Баласағұн өзінің әлеуметтік философиясында қоғамдағы кемелдіктің негіздері мен іс жүзіндегі көріністерін өзара тығыз байланыста қарастырады. Танымдағы кемелдік – білік, оның іс жүзіндегі көрінісі – укуш деп біледі.
Жүсіп Баласағұн өз еңбегінде зердеге айрықша тоқталған. «Құтты білікте» ол, ең алдымен, даналық яғни қазіргі түсініктегі теориялық зерде туралы ой толғап, даналық табиғатын, оның ерекшелігін, туа біткен қабілеттер мен кейінгі білім жинақтаудағы адамның өз рөлі, таным процесінде ақиқатқа ұмтылу және т.б. мәселелерді қарастырады.
«Құтты біліктің» негізгі айтар ойы – адамның адами жетілуі мен кісілік кемелденуі, сол арқылы мемлекет пен қоғамды қуатты, мықты, құтты ету. Кісілік кемелдену жолына түскен адам – өзінің қасиетіне, қалыбы мен негізіне мейлінше жақындаған асыл жан. Дастан оқырманына құт-берекемен, бақытқа өз адамгершілігін асыл етумен ғана жетуге болатынын ұқтырады. Ондағы «өзіңді сақтау», «өзіңді ұмытпау» қағидасы адамның адамшылығын танытар қасиеті – адамгершілік пен кісілікті жетілдіруге бағытталған. Ақын өтпелі өмір мен өлім жайында терең толғанады. Оның ойынша, өкініштің ең ауыры өлшеулі өмірде дүние қызығы мен тән тілегі жетегінде кетіп, діл тазалығын сақтай алмаудан туады, сондықтан адам өзінің кісілік қасиетімен бірге өмірдің өткіншілігін де ұмытпауы қажет. Мұнан өзге Жүсіп Баласағұн шығармашылығына ізгілікке құштарлық пен іңкәрлік, сопылық танымдағы Алланы сүю, әлем мен адам сырына терең бойлауға ұмтылушылық белгілер тән [3, Б.57].
«Құтты білік» дастанында (ол 85 тараудан тұрады), негізінен, төрт салада тәлімдік мақсаттар орындалады.
Біріншіден, әрбір елді, яғни мемлекетті басқару үшін сол мемлекеттің қара қылды қақ жаратындай әділ заңы болуы керек. Әділ заңды іске асыратын, мемлекеттің әділетті басшысы болуы керек. Ақын әділетті басқарушының бейнесінде күнтуды патшаны дастанда мадақтай жырлайды.
Екіншіден, елге құт, ерге бақ-дәулет қону үшін әрбір адам адал еңбек ету керек, білімдіні құрметтеп, тірлік еткенмен бірлік құрып, іс істеген адам ретін тауып басшыға, үлкенге, елге қымсынбай қызмет ете білген адам — бақытқа жетеді дейді ақын. Бақ-дәулетке жетудің үлгі-өнегесі дастанда Айтолды бейнесі арқылы беріледі.
Үшіншіден, адамның адамдығы оның ақыл -парасатымен бағаланады, ақылды адам әрқашанда ардақты, сыйлы, білімге құштар деп, ақын ақыл-парасаттың қоғамдық мәнін уәзірдің баласы Уәғділміш бейнесінде көрсетеді.
Төртіншіден, ел басшысынан бастап барлық адамда қанағат-нысап болу керек дейді ақын. Дүниеге тоймайтын, қанағатсыз адам елді басқара алмайды, ал жай адамдар бақытты, байыпты, өмір сүре алмайды. Қанағатшылдықтың өзі – ақылдылық деп түйеді ақын. Дастанда уәзірдің туысы Огдурлиш дәруіш арқылы ақын, әрі ақылды, әрі іскер, әрі білімді адамның дүние қуып, мансап іздеуден аулақ қашып, өмірінің соңында дәруіш болып кеткенін суреттейді.
Автор әңгімені әмірші патшаның өзінен бастайды. Ел-жұртты басқаратын адам – ақыл парасаты ұшан теңіз, ниеті түзу, сөзі шырын, өнер мен білімге жетік, қолы ашық, пейілі кең, кек сақтамайтын болуы шарт. Білім мен өнерден құралақан жандар әділ билік жүргізе алмайтынын айтады. Бұл ретте Жүсіп Баласағұн әлемнің екінші ұстазы әл-Фараби бабамыздың «Қайырлы қала» деген еңбегіндегі ел басқарушының, яғни әкімнің қандай болуы керек екендігі туралы қисынды тұжырымдарын жалғастырып, дамыта түседі.
Ақынның бәйіттері (4-6 тармақпен түйінделген өлең шумақтары) көркемдігі жоғары, әуезді, шешендік шеберлікпен жазылған. Ақынның әрбір бәйіті арнайы тәрбиелік мақсаттарда орындалады. Мысалы, 883-бәйітінде: «Өскен елді, туған жерді ардақтау» туралы «Өскен ұрпақ туған елдің бойыңда, өледі тек туған елдің қойнында»; 1630-бәйітінде «Әділеттілік» туралы: «Есте сақта, сөзімді қабыл ет те, Пайда-мінез, ұят пен әділетте»; 1645-1646 бәйітінде «Сараңдық» туралы: «Дүние-мүлік жинадың кенелдің бе? Оны ешкімге қимадың жемедің де. Тартып оның азабын өкіндің де. Дүниеден ажалың білесің бе?»; 3599-3600-бәйітінде «Еңбек туралы»: «Көз берді, алла зат көріп құндау үшін, Құлақ берді үн естіп, тыңдау үшін, Қос қол берді тірлікпен тынбау үшін, Аяқ берді бос қарап тұрмау үшін»; 1486-бәйітінде: «Ата-ананы құрметтеу» туралы: «Ата-ананың қабылдап қасиетін, ардақтай біл атқарып өсиетін», 1593-бәйітінде «Ғылым мен білім» туралы: «Жастай түссең пәк ғылымның жолына, өмір бойы бақыт сенің қолыңда» [4, Б.83].
Ғылым мен білім «Құтты білікте» адамзат үшін өте қажетті құндылық ретінде дәріптеледі. Сондықтан да ойшыл қоғамда білім мен ғылымды дамыту арқылы адамды тәрбиелеуге шақырады. Ойшыл үшін білім – өмірлік мұрат, сәулелі шамшырақ. Білім нұрын қоғамдағы барлық топтарға түсіру және қоғам мен адамның жетіліп, кемелденуіне кедергі келтіретін зиянды дерттерді білім игеру ақылы жеңу ойшылдың арман-аңсары. Білім мен парасат алдындағы кедергілерді жеңу қоғам мен басшы алдындағы негізгі міндет деп көрсетеді.
Сонымен қорыта айтқанда, бұл еңбек – қазақ халқының этникалық құрамын қалыптастырған ру-тайпалардың орта ғасырлардағы тұрмыс-тіршілігін, наным-сенімін, әдет-ғұрпын, сөз өнерін, тілін және т.б. зерттеп білу үшін аса қажетті, құнды баға жетпес мұрасы болып табылады.


Әдебиеттер тізімі:
1 Табылдиев Ә. Қазақ этнопедагогикасы (оқу құралы).- Алматы, 2001.-320 б.
2 Жарықбаев Қ., Қалиев С. Қазақ тәлім тәрбиесі. – Алматы, 1995.
3 Қоңыратбаев Ә. Көне мәдениет жазбалары. – Алматы, 1993.
4 Ж.Баласағұн. Құтты білік.– Алматы, 1986.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   ...   109




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет