Құрметті turksoy халықаралық Түркі Мәдениет ұйымының Бас хатшысы Дуйсен Қорабайұлы Қасеинов мырза!


ТӘРБИЕНІҢ ТАҒЛЫМДЫСЫ - АДАМГЕРШІЛІК ТӘРБИЕСІ



бет47/109
Дата10.05.2023
өлшемі0,89 Mb.
#91606
1   ...   43   44   45   46   47   48   49   50   ...   109
Байланысты:
sciPaper105546

ТӘРБИЕНІҢ ТАҒЛЫМДЫСЫ - АДАМГЕРШІЛІК ТӘРБИЕСІ


Жанболатов С.Е., п.ғ.к. аға оқытушы, ОҚПУ Шымкент қаласы
Хамракулов Т., п.ғ.к.,доцент, ОҚПУ Шымкент қаласы
Мамбетова А.Т., магистр,аға оқытушы, ОҚПУ Шымкент қаласы
Айткулова Н.Ж., магистр,аға оқытушы, ОҚПУ Шымкент қаласы
Резюме
В статье рассматривается вопросы морального воспитания как ключевой формы воспитания. Раскрыты психологические аспекты нравственного воспитания
Summary
This article discusses the main components forming pedagogical readiness of the future teacher to moral education of students. Reveals the psychological aspects of moral education.

Адамгершілік тәрбиесі тәрбие түрлерінің ішіндегі ең маңыздысы да асылы деп айтсақ артық айтқандық емес. Себебі адамгершілік ол адамның мінез-құлқының бір бөлшегіне айналатын нәрсе болып табылады. Әдетте адамды бағалағанда көп жағдайда «адамгершілігі мол» немесе керісінше айтып бағалап жататыны бар. Бүкіл ақын-жазушыларымыздың шығармашылығы, өнер мен кино, дін барлығы да осы адамгершілік қасиетін адам бойына көбірек сіңіруге бағытталған деп айтсақ қателеспеспіз. Мысалы, діндегі адам бойындағы имандылықтың ең бір айқын көріністерінің бірі десек «көркем мінезділік» деп айтады. Біздің сөзбен айтсақ жақсы мінез, ал жақсы мінез дегеніміз ол адамгершіліктен басталмайды ма?


Адамгершілік теориясы мен практикасында аса маңызды бағыттарға сын көзімен қарамайынша бүгінгі тәрбиенің негізгі бағыттарын айқындау қиынға түседі. Әсіресе, бүгінгі күнде орын алатын ұлттық педагогика тұрғысынан жалпы тәрбиенің, оның ішінде адамгершілік тәрбиесі ұғымдарының ғылыми негізін ашып көрсету әлі де болса шешімін толық тапқан жоқ.
Психологтар Л.С.Выготский, В.В.Богословский және Қазақстандық психологтар Ж.Аймауытов, М.Мұқанов, А.Темірбеков, Ж.Балаубаев, Ж.Жарықбаев, Ж.Намазбаева, педагогтар Н.И.Болдырев. И.С.Макаренко, Е.В.Бондаревская, О.С.Богданова, т.б. адамның бойындағы қасиеттерін зерттеген кезде мынадай қорытындыға келді: барлық қасиеттердің құрылысы бірдей болады және олар төрт түрлі бөліктен тұрады сезім, сана, сенім, мінез-құлық дағдысы.
Барлық тәрбиелейтін қасиеттеріне қарай бұл бөліктердің тәрбие беру процесінде жетекшілік ролі өзгеріп тұруы мүмкін. Себебі, ол отбасындағы тәрбиеге, жас ерекшеліктеріне, баланың қалыптасқан қасиеттеріне, қоршаған ортасына байланысты болады. Жас адамның адамгершілік жағынан қалыптасу процесінде адамгершілік сезімдер ерекше орын алады. Адамгершілік сезімді тәрбиелеу көп қырлы процесс. Адамгершілік сезім туралы ғылыми әдебиеттерде бірнеше анықтамалар бар. Қазақ халқының даңқты ұлы Бауыржан Момышұлы: «Қаталдық әділ болсын, ешуақытта адамның бойындағы адамгершілік сезіміне, намысына тиіп, қорламайтындай болсын. Сондай-ақ « Кішіпейілділік -адамгершіліктің белгісі» деген [1].
Сезім дегеніміз - әлеуметтік және табиғи өмірдің сан алуан жақтарына эмоциялық қатынас. «Сыртқы дүние заттары мен құбылыстарының адамның қасиеттеріне сәйкес келу-келмеуінің нәтижесінде пайда болып отыратын психикалық процестің түрін – сезім деп айтады».
Алуан түрлі сезім, қуаныш пен қайғы, ашу, қорқу, ұят, сүйіспеншілік, жек көрушілік, шошыну, абыржу, наздану т.б. осындай сезімнің түрлері болады.
Сезімдердің бір тобы адамға күш-қуат, қажырлық тудырады. Мәселен, елжандылық, намыс сезімі, шынайы достық, махаббат сезімі, қуаныш, сенім сезімі, құмарлану сезімі т.б. Ал, екінші тобы керісінше күш-жігерін бәсеңдетіп, енжарлыққа селқостыққа апарады. Оған қайғы, уайым, қорқу, қобалжу, абыржу, үмітсіздену т.б. сезімдері жатады.
Адамгершілік сезімдері адамдардың бірлесе жасаған әрекеттері процесінде туып, дамиды да осы қоғамда адамдардың жеке адамның өзінің мінез-құлық әсерлерінен туады. Мінез-құлықтарды жақсы бағалау адамды қанағаттану сезімін туғызады да, жаман бағалау іштей наразылық тудырады.
Адамгершілік сезімдерге ұнату мен ұнатпау, үйірсектік пен жатырқау, құрметтеу мен жеккөру, сыйлау мен рақымсыздық, сүйіспеншілік пен өшпенділік т.б.
Оқушының сезіміне әсер етудің тәсілдерін анықтағанда, сезімді тәрбиелеу негізінен баланың бұрынғы өз сезімдерін тәрбиелеу негізінен өзгерту және одан әрі жетілдіру жолымен жүзеге асырылатындығын ескерген жөн. Сезімге тәрбиелеудің дәл, тіке жолдарын оқушыға айтып беру мүмкін емес. Мысалы, жолдасының немесе әдеби кейіпкердің ісіне қалайда тандануың керек деп оқушының алдына мақсат қоюға болмайды. Қажетті сезімді тудыру үшін соған сәйкес оқушының сезім дүниесіне қатты әсер ететін жағдайлар жасалынуы керек. Мәселен, туған табиғат туралы мектеп қабырғасында қаншама айтқанымен, оның сұлулығы мен ұлылығы балаларға әсер етуі мүмкін. Ал, енді табиғатқа экскурсия жасаса, оның ең мәнді, сәнді жерлерін тауып, фотосуретке түсіру, әңгіме құрастыру жайлы тапсырма берілсе, бұл балалардың табиғатқа ең нәзік сүйіспеншілік сезімін туғызар еді. Бұл жағдайда мұғалім ізгі сезімдерді туғызып қана қоймай, оның бекінуіне де жағдай жасайды. Көрнекті кеңес педагогы А.С.Макаренко адамгершілік тәрбиесін ұжым арқылы қалыптастыруға көп көңіл бөлген [2].
Біздің ойымызша басқа адамдардың мінез-құлықтарын қабылдау, іс-әрекеттерін білу және оған сену барысында сезім пайда болады.
Қазақ халқының тарихындағы ұлы батырлардың, хандар мен билердің халқы үшін теңдесі жоқ елдегі жайды әсерлеп, көркемдеп әңгімелеу бала сезіміне өте қатты әсер етіп, оның адамгершілік, елжандылық ізгі сезімдерін оятады. Әсерленушілік басқа адамның өміріне жаныашулық сезімталдығы нәтижесінде де тууы мүмкін. Сөйтіп, педагог ұжым өмірін жарқын да сезімге бай етіп, ұйымдастыра алса, мұның өзі Отан сүю, ұжым алдындағы борышын өтеу сияқты жоғары адамгершілік сезімдерін қалыптастыруға негіз болмақ.
Осыдан біздер балалардың көңіл-күйінде, бойында пайда болған сезім олардың санасына көп жағдайда ықпал жасайды деп тұжырымдаймыз.
Адамгершілік сана адамгершілік сезімді тудырады. Әдетте адамгершілік сезім сана, сезім ұғымдарымен оны іс жүзінде асыру ұзақ процесс. Мектеп тәрбиесінде кейбір оқушылар күнделікті талапты жақсы білгенімен, оны қолдана алмайтыны белгілі.
Оқушылардың тілдік қорларының жетілуінен олардың адамгершілік сезімдерінің, саналардың дамуында ауыз әдебиетіндегі мақал-мәтелдердің, аңыз әңгімелердің т.б. пайдаланудың мүмкіндігі бар.
Сенім әрбір іс-әрекеттің, мінез-құлықта адамның бағыт-бағдарын, принциптілігін айқындайды. Алайда күнделікті тәжірибеде сенім мен мінез-құлық, іс-әрекет арасында алшақтық кездесіп отырады. Оқушы адамгершілік талаптарды, ережелерді түсініп, оған сенгендеріне қарамастан мінез-құлқында, адамдармен араласу барысында адамгершілікке жатпайтын теріс әрекеттер жасайтын жағдайлар кездеседі.
Сондықтан адамгершілік сенім дәрежесі оның мінез-құлқы мен іс-әрекетін анықтайды. Алайда бұл процесс әрдайым тура өте бермейді. Мәселен, еңбек қоғам игілігінің қайнар көзі екендігін бәрі біледі. Бірақ бәрі біркелкі еңбек етпейді. Сондықтан сенімді қалыптастыру, қазіргі мектептің аса маңызды міндеті. Біздің балаларымызға күшті сезім туғызарлық, мінез-құлқы мен ісінде көрінетін терең идеялы сенім керек.
Адам баласы қоғамда өзінің адамгершілік қасиеттерімен, қайырымдылығымен, адалдығымен ардақталады. Моральдық қасиеттер адамдардың қимыл әрекетінен, қарым-қатынасынан шығады. Жақсылық пен жамандық, зұлымдық пен махаббат, әділеттік пен әділетсіздік, борыш пен намыс, ар мен ождан адамның іс-әрекеті арқылы өлшенеді. Бұларды адам бойына жастайынан мінез-құлық ережесі етіп қалыптастыру тәрбиеге байланысты. Осыны ұстанған қазақ халқы жастарды отбасында кішіпейілдікке, ізеттілікке, имандылыққа, инабаттылыққа тәрбиелеуді бірінші міндет етіп қойған.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   43   44   45   46   47   48   49   50   ...   109




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет