Құрметті turksoy халықаралық Түркі Мәдениет ұйымының Бас хатшысы Дуйсен Қорабайұлы Қасеинов мырза!



бет42/109
Дата10.05.2023
өлшемі0,89 Mb.
#91606
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   ...   109
Байланысты:
sciPaper105546

Пайдаланылған әдебиеттер:
1 Баласағұн. Ж.Құтты білік (Көне түркі тілінен аударған және алғысөзі мен түсініктерін жазған А.Егеубаев.- А : Жазушы,1986.-616 б.
2 Дербісалиев Ә.Қазақ даласының жұлдыздары. Алматы: Рауан,1995-236 б.
3 Қазақ даласының ойшылдары. Алматы:Ғылым,1995.-160 б.


ІЗГІЛІКТІ ҚОҒАМ ОРНАТУДАҒЫ «ҚҰТТЫ БІЛІК» ДАСТАНЫНЫҢ МӘНІ


Молдасан Қуаныш Шорманқызы,п.ғ.к., доцент м.а, Педагогика және білім беру менеджменті кафедрасы ,Философия және саясаттану факультеті,Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ
Айнабек Назерке," Әлеуметтік педагогика және өзін-өзі тану" мамандығының 4 курс студенті ,Философия және саясаттану факультеті6 Педагогика және білім беру менеджменті кафедрасы Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ



Резюме
В статье рассматриваются педагогические идеи по проблеме гуманного управления и ценность произведения«Кутадгу Билик» тюркского мыслителя Юсуфа Баласагуни
Summary
This Article highlights the value of Kutty bilik by Jussup Balasagun, who holds a well-deserved place in a global civilization.

Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаев «Жаңа әлемдегі Жаңа Қазақстан» атты Жолдауында: «Білім беру реформасының ойдағыдай жүргізілуінің басты өлшемі – тиісті білім мен білік алған еліміздің әрбір азаматы әлемнің кез келген елінде қажетке жарайтын маман болатындай деңгейге көтерілу. Біз бүкіл елімізде әлемдік стандарттар деңгейінде сапалы білім беру қызметін жолға қоюға тиістіміз», − деп атап көрсетті.[1] Яғни, бiлiм беру реформасындағы бетбұрыстар әлемнің ең озық елдерінің даму дәрежесімен теңесуде, дүниежүзілік бәсекеде қатар тұрумен бірге әлемдік мәдениетте білім саясатының негізгі көрсеткіші болып саналады. Мұндай мақсатқа бағытталған жұмыс адамды еңбек сүйгіштікке, ізгілікке, ұжымдық қарым-қатынасты қалыптастыруға, патриотизмге тәрбиелейді.Ұрпақ тәрбиесіне айрықша мән беру адамгершілікке жетелейді. Кең байтақ өлкемізде атадан балаға мұра болып жалғасып келе жатқан әдептілік, имандылық, көрегенділік, мейірімділік секілді қасиеттер – адам өміріндегі баға жетпес байлық.


Осы орайда, Жүсіп Баласағұнның «Құтты білік» дастанының орны айрықша.Жүсіп Хас Қажыб– Х ғасырдың соңы мен ХІ ғасырдың алғашқы жылдарында қазіргі қазақ жер ауқымына енетін ежелгі Баласағұн шаһарында туып- өскен, атаулы этикалық философиялық даналық мұрасын жазып қалдырған ғұлама ғалым, ойшыл ақын.Дастанның аты «Құтты білік» болса, сол құтпен бақты табатын білік – ізгілік. Ізгілік – адамдықтың негізі әрі адамгершілік қасиеттерінің көрінісі. 1069 жылы он сегіз айдың ішінде жазылған бұл дастанның басты мұрат-мақсаты– құтты қоғам құру, әлеуметті түзіп, «кедейді орташаға, орташаны байға» жеткізу, елдің әл- ауқатын өсіріп, іргесін нығайту.«Құтадғу білік»– бір жағынан, ақылнама өсиет сөз. Өмірдің өз табиғатынан, тұрмыс толғамдарынан туған даналық сөз, тағылымды толғамдар уақыт өте келе түрленіп, құбылып мақал- мәтелге, нақыл, қанатты тіркестерге айналған.
Мысалы ұрпақ тәрбиесі туралы:
Егер, ұл қыз ізгі, сүйкімді болса,
Тілегің де сондай болар.
Егер, жаман болса, сені ұлытар,
Өзің өлсең, сені тез ұмытар.
Жаман атқа, қарғысқа қалдырар,
Сені сөгіп, жатыңа бас көтертер.
Ол Ұл- қыз жау, жау неге керек,
Жаусыз тірлік бәрінен ізгірек, дейді.
«Құтты білік»дастанында ізгілік жасау өмірдің мәні, сәні саналады. Ізгілік жоқ жерде адами өмір де жоқ.«Құтадғу білік» –бір сөзбен айтқанда, адамшылық мектебі. Бұл мектепте адам баласының басындағы ақыл сезімнен ажалғa дейінгі жақсылы- жаманды жай- жағдаяттардың сан қатпар қалтарыстары өлең арқылы өрнектелген. Ақыл- санаға тәрбиені ақылмен ұялатады.Зерттеуші ғалым О.Ә.Төребаев «Жүсіп Баласағұнның әлеуметтік философиясы» атты зерттеу еңбегінде «Құтты білік» дастанының құндылығы туралы былай дейді: «Өз заманының өзіндік адамгершілік кодексі «Құтты білік» − басқару даналығын, тұрмыстық және адамдармен қарым-қатынасты үйрететін жол көрсетіп, бағыт сілтейтін этикалық-дидактикалық тұрғыда жазылған шығарма»[3;15].
Сондықтан да, «Құтты білік» дастаны ғасырдан ғасырға жалғасып, халықтың құтына, ырысына айналған, ұрпақтан- ұрпаққа, адамға құт берген, береке - ырыс әкелетін ілім. Көзі ашық, көкірегі ояу ұрпаққа адамдық, азаматтық, қасиеттерін, әдеп дәстүрін сіңірген дастан. Тәңірі мен табиғаттың адамға сыйлаған зор жақсылығы,рақымы өмір болса, ізгілік адамның өмірден көрген қызығы мен тапқан үлесінің ең асылы,зор пайдасы.Кісінің өзіне де, өзгеге де жасаған жақсылығының ең үлкені-ізгілік екенін көреміз.Яғни, ұлттық сананы қалыптастыруда түркі ғұламасы Жүсіп Баласағұнның педагогикалық ой-толғамдарының орны ерекше. Адaмдapдың бiр-бiрiмен қарым-қатынас жасауы, адам бойындағы ізгі қасиет туралы "Құтты бiлiк" дастанында кеңiнен баяндалған. Ұлы ойшыл бұл шығармасында жоғары мұратты, әділетті қоғамға лайықты қағидаларды сипаттай келе, адамның мiнез-құлқы, кісілігі туралы:
Жақсылықтың – құлы, азат адам да,
Жақсылық қып, баста түзу қадамға.
Адамдыққа сен де жаса адамдық,
Кісіліктің жолы солай қаланбақ! − дей отырып, [2;274] ұрпақты адамдық, кісілік, ілтипаттық, кішіпейілділік, әдептілік, сыпайылық сияқты асыл қасиеттерге баулуға аса зор мән береді.
«Білімсізге төрден орын болса, көр,
Төр босаға, ал босаға болды төр!
Орын тисе данаға есік көзінен,
Есік биік, төр тағыңның өзінен!
Күллі құрмет білімдіге тиесі,
Мейлі, ол төр, мейлі есіктің иесі!»- деп, ізгілік пен білімді ұштастыра сипаттайды.
Қашанда адамзат алдында тұратын ұлы мұрат-міндеттердің ең бастысы өзінің ісін жалғастыратын салауатты, саналы, білімді ұрпақ өсіру, ұрпақ тәрбиесі келешек қоғамның қамын ойлау болып табылады..
Бәсекеге қабілетті, талғамы биік, жаңа заман адамын қалыптастыруда ұлттық тәлім-тәрбие құндылықтары мен ұлы мұраларымызды зерделей білудің мәні ерекше. Ұлттық тәрбие құндылықтарын бойына сiңiрген ұрпақ қана ұлт тағдырын тереңнен бағалап, болашағын барынша болжайтын тұлға ретiнде танылады. Ендеше, Жүсіп Баласағұнидің ізгілікке толы бай тәрбиелік қазынасын оқу тәжірибесінде қолдану кезек күттірмейді.

Пайдаланылған әдебиеттер:



  1. «Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан» Жолдау.2007 жыл. 28 ақпан.

  2. Жүсіп Хас Қажыб Баласағұн «Құтты білік». Көне түрк тілінен аударған, алғы сөзі мен түсініктерін жазған А.Егеубай.− Алматы:

« Өлке», 2006. − 640 б. 2 - басылым.

  1. Төребаев О.Ә. Жүсіп Баласағұнның әлеуметтік философиясы.Автореферат. Алматы: 2002ж.15-б.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   ...   109




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет