Құрметті turksoy халықаралық Түркі Мәдениет ұйымының Бас хатшысы Дуйсен Қорабайұлы Қасеинов мырза!



бет52/109
Дата10.05.2023
өлшемі0,89 Mb.
#91606
1   ...   48   49   50   51   52   53   54   55   ...   109
Байланысты:
sciPaper105546

Бірі – дана, ғалымдар, зейінділер,
Бірі – хатшы, білсін дер кейінгілер.
Үшіншісі – жүректі ер, батырларың,
Жау десе, жайдай жайпар жасындарының
Бұл үш түрлі ер бір жеңнен қол шығарса,
Қалған жұртты үйіріп, қоңсыға алса... (2704)
деп, ел бектерінің үш түрін, тобын түсіндіреді, үшеуінің қызметін, пайдасын саралап береді. Бұл мемлекеттік жүйені танытатын желі. Ел-жұртты, ерлерді халықтық іске, шаруашылыққа, малға, білімге бағыттаса, енді бірін хат пен қаламға, тілге, шешендікке бейімдесе, енді бір қатарын елді қорғауға меңзеп тұр. Бұл да қазақ халқының өсиет сөздері мен ежелгі мақалында кездесетін, өте кең танымал ойдың тұжырымы болмақ, осылайша ойшыл «Құтты білік» дастанында бірқатар тәрбиелік мәні бар мәселелерде ел басқаруды бөлек алып отыр. Ол «Бектің ісі - ұлы іс, оның негізін қалаушы - Әділдік, Білім, Ізгілік»,-деген ойды тұжырымдайды. Тұлға бойына бұларды сақтаған әмірші нағыз елбасының идеалы.
Сонымен қатар,«Құтты білік» дастаны халықтық педагогика идеяларын толық қамтыған еңбек. Ел ішінде бағзыдан мәлім «Басқа пәле тілден», «Аңдамай сөйлеген ауырмай өлер» деген асыл сөздердің төркінін аңғарудың еш қиындығы жоқ. Осы ой «Құтты білікте»: «Қызыл тіл қара башқа навлақ иағы» деп басталатын философиялық түйіндермен үндесіп жатқанын байқауға болады. «Сабыр түбі – сары алтын», «Сабырсыз қалар ұятқа, сабырлы жетер мұратқа», «Ашуды ақылға жеңдір» деген сияқты халық даналығының бастау арнасына мына жолдарды еш күдіксіз бағалауға болар еді» деген зерттеушілердің ойы анық көрінеді (М. Мырзахметов, С. Қалиев, Ә. Көшербаева, т.б.). Бұл бәйіттерді қазіргі қазақ мақал-мәтелдерімен салыстырғанда ескеретін ерекшелік тек әдеби шығармаларда ғана кездесетін поэтикалық көркемдік әдіс-тәсілдердің біртектілігі және мағынасының, тәрбиелік тұстарының ұқсастығына байланысты әрбір бәйіттер белгілі бір тәрбие мен оның мақсаттарының мәнін ашып көрсетеді.Ғұлама қай мәселені көтерсе де халық тәлім-тәрбиесіне сілтеме жасап отырған:
Ақылды – ұлы, біл, білімді-білікті, Білім кімде, сол білікті болады.
Екеуі ұлы етер, қонса, жігітті. Ақылы болса, пайдасын ер көп көрер,
Ақыл қайда болса, ұлылық толады, Білім білсе, әзіз тірлік өткерер
(354-356)
Сонымен дастанның алғашқы бәйіттері халық бағалаған адамгершілік, білім мен тіл өнері, адам баласының қадір-қасиеті білімменекендігін айтудан бастауы тегін емес. Құт та, ырыс та – білімде. Бақытың – ақылыңда. Көне дәуір ғұламасының халық санасында жүрген прогрессшіл идеялары сонау ХІ ғасырда айтылған. Дәстүріне берік қалыптасып, бүгін халықтың тәлім-тәрбие негізіне айналған. Жүсіп Баласағұн сол 1069 жылы: Білім күтпе қызба адамнан, тасырдан; Ашулы адам адасады ақылдан; Қызбалық – сұм, ақыл-естен тандырар: Жайсаң ерді ашу қапы қалдырар! (334-335); Ұры-қары қол жеткізіп ала алмас! (313); Кісі мәңгі болмас, мәңгі – ат, ары; Мәңгі қалар оның жақсы атағы! (229), - деп жазса, бір таңданарлығы осынау өлең жолдарындағы ақылды ойлар халық даналығында күні бүгінге дейін сақталып келгені ғаламат[ 7].
Осылайша ұлы ойшыл «Құтты білік» дастанында мақал-мәтелдер, нақыл сөздер, аңыз-әңгімелер және олардың тәрбиелік мәні арқылы адамның ой-толғам желісін, ойлау табиғатын, танымын және осы қасиеттердің тұтастығын көрсетуде халық сөзін негізгі фактор ретінде анықтайды. Салт-дәстүрлер мен әдет-ғұрыптардың негізінде қарым-қатынас, еңбек факторларын сипаттайды.Негізгі тәрбие құралы болып келетін мақал-мәтелдер, халық өлеңдері мен жұмбақтар, аңыз-әңгімелер, ертегілер танымдық, тәрбиелік қызметімен ерекшеленеді. Сондықтан олар халық санасында ежелден қалыптасып, дамып келе жатыр. Дана, ойшыл-ғұлама Баласағұнның халық тәрбиесінің негізгі құралдарына сүйенгені байқалады. Бәйіттердің астарларынан халықтың көркем тілімен құрастырған аңыз-әңгімелерінің, ертегілердің мазмұны анық көрінеді.
Сонымен қарастырылған мәселелерді қорыта келгенде, ұлы ойшылдың құнды ой-пікірлері мен тәлім-тәрбиелік тағылымдарының ұрпақ тәрбиесіндегі маңызы зор екендігі анықталды. Осы орайда «Құтты білік» дастанындағыхалық педагогикасының адамгершілікке әдептілікке, елжандылыққа баулитын негізгі тәрбие факторлары қамтылған, мысалы, адамды жан-жақты тәрбиелейтін салт-дәстүрлер, соның ішінде жар таңдау, отау құру, қонақжайлылық, ұл, қыз бала тәрбиесіндегі салт-дәстүрлер ерекше тәлімдік қызмет атқарады.Халықтық принципті басшылыққа ала отырып, Баласағұн «Құтты білік» дастанындағы салт-дәстүрлер, әдет-ғұрыптарды көрсете білді. Олардың ішінде айқын көрінетін жар таңдау, отау тігу, қонақжайлылық, үлкен-кішіні сыйлау, әке мен бала арасындағы қарым-қатынас, қыз тәрбиесі, т.б. салт-дәстүрлер ерекше орын алады. Бұл тақырыпты ашуда халық педагогикасының әдіс-тәсілдері: мақтау, сөгу, жаттықтыру, байқау, үйрету, әңгімелесу, т.б. анық көрінеді. «Құтты білік» дастанындағы кейіпкерлердің сұхбатынан әрбір нақты жағдайда тәрбие міндетін шешу үшін әдістердің ұтымды, үйлесімді таңдап ала білу керектігін байқауға болады.
Баласағұн – философ ретінде және тәрбиелік тағылымға толы педагог ретінде атына өшпес мұра, тәрбиелік дәстүр, өнеге қалдырған адам. «Құтты білік» дастанында айтылғандай, адамның жетіліп, қалыптасуы, оның ішінде жастар тәрбиесі – қоғамдық жағдайлардың, айнала ортаның ықпалымен, оң әсерімен тәрбие арқылы және адам табиғатынан, туысынан – дүниеге келуімен бірге болатын қасиеттер арқылы қалыптасады. Оның ішінде адамның өсіп-жетілуінде, оның дүниеге келуі мен ілесе келетін қажетті кейбір сапалар мен қасиеттердің болатындығын мойындады. Ал жүргізілген зерттеу жұмысы біздерге Ж.Баласағұн мұрасындағы педагогикалық идеялардың аз еместігін, оның ұрпақ үшін тәлім-тәрбиелік мүмкіндіктері мол екендігін айқындап,ұлт болашағын тәрбиелеудегі құндылығын көрсетеді. Сол себепті осы айтылғанның барлығы ұлы ойшылдың еңбектерін тәптіштеп зерттеу қажеттігін дәлелдейді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   48   49   50   51   52   53   54   55   ...   109




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет