Литература:
1 Всеобщая история искусств М. 1956г. с.450.
2 Зарубежная педагогика.М. Гар.2008 стр.
3 Виноградова Н.А. Искусство Древнего Китая. В.И.И. «И» М.1956г
4 Неменский Б.М. Мудрость красоты. М. «Искусство» 1987г.
5 Джуринский А.Н. История педагогики. М.: Г. ВЛАДОС, 2000. – 432 с.
МҰСЫЛМАНДЫҚ ШЫҒЫС ОЙШЫЛДАРЫНЫҢ ЖӘДІГЕРЛІКТЕРІНДЕГІ РУХАНИ ІЗГІЛІК, АДАМГЕРШІЛІК МӘСЕЛЕСІ
Оразимбетова К.Ш., к.ф.н. ОҚМПИ, Шымкент, Қазақстан
Алкайдар Н., ОҚМПИ, Шымкент, Қазақстан
Жолдыкулова М., гр. 123-83 ОҚМПИ, Шымкент, Қазақстан
Резюме
В статье рассматривается значение нравственных идеалов в творческом наследии мыслителей мусульманского Востока
Summary
The article discusses the importance of moral ideals in the artistic heritage of Muslim thinkers of the East
Елбасымыз «Қазақтың сана-сезімі өткендегі, қазіргі және болашақтағы – тарихтың толқынында өзінің ұлттық «Мен» дегізерлік қасиетін түсінуге тұңғыш рет енді ғана мүмкіндік алып отыр. ... Бірақ бұл мүмкіндік қана, ол шындыққа, тек қазақтардың ғана емес, барлық қазақстандықтардың жаппай санасына орныққан фактіге айналуы қажет» деген болатын. Қазақтың ежелгі даласындағы түркі тілді мәдениеттің терең астарлы тарихына үңілетін болсақ, онда әлемдік мәдениетке өзіндік үлесін қосатын талай мәдени мұраның қорына тап боламыз. Оның өзара түсіністікті құптайтын рухани табиғаты бар екенін қазіргі заманның көзі қарақты гу- манитарлы саланың мамандары байқап отыр. Тек осы рухани байлықты төкпей-шашпай, келесі ұрпаққа барлық қадірін түсірмей жеткізе білу қазіргі заманның зерделі қоғамының тарихи міндеті екенін атап өте аламыз. Бұл рухани мұра жалпы түрік әлемінің ортақ құндылығы, оларды біріктіре түсетін тарихи қайнар көздері екені де анық.
Түркілердің өз тіліндегі алғашқы энциклопедиялық еңбектердің бірі Жүсіп Баласағұнның «Құтты білігі» болып табылады. Бұл еңбектің ерекше маңыздылығы автордың қоғамдағы мәселелердің барлығына моральдік баға бере алуымен, мейірімділікке, әділеттілікке, қайырымдылыққа шақыруында болып отыр. Ойшыл адамдардың әлеуметтік ортадағы іс- қимылдарының белгілі бір тәртіпке сәйкес келуге тиістілігін айтады. Міне, қоғамда осындай дүниетанымдық негіздердің, бағдарлардың белсенді құрылымы, терең мазмұны қалыптасқан жағдайда ғана әрбір азаматқа игілікті әсерін тигізетіндігін ғұлама тарихи шығармасында оқырманына барынша түсінікті етіп жеткізуге тырысқан.
Ұрпақ тәрбиесіне айрықша мән беру адамгершілікке жетелейді. Кең байтақ өлкемізде буыннан-буынға жалғасып, ұяттылық, әдептілік, имандылық, көрегенділік, мейірімділік, шарапаттылық ізетпен ілтипат танытып отыру – әдеп нормалары, ұлттық тәлімнің ең көкейтестісі. Міне, сол қымбат қасиеттердің бәрі от басы, ошақ қасында басталады. «Ел боламын десең бесігіңді түзе» деген қазақ атамыз. Жастарға рухани тәрбие беру құндылықтары – ар ұят, адамгершілік, адамдық қасиеттерді ардақтау және сақтау.
Әрбір адамның болашағы балалық және жастық шағындағы көргендері мен алған әсеріне тікелей байланысты.Жастар адамның рухын шыңдап, жігер беретін ортада ақыл-ойы ұшқыр, көргенді боп өседі. Ізгілік – адамдықтың негізі, әрі адамгершілік қасиеттерінің жиынтығы.
Құт пен ізгілік – егіз ұғым. Құт пен бақтың бір жерде тұрақтамай, көшіп-қонған кезбе күйі заманына, адамына қарай қалыптасқан салыстырмалы, шартты түсінік. Көрген көз, естіген құлақ сөйтіп түйін түйген танымда жазық жоқ. Адамдық қасиет пен тірліктің шыңына шығып, басындағы бағын мәңгілік еткен адам аз. Содан да құт пен бақ өзіне жайлы орын таппай, ізгілік іздеп, шарқ ұрып кезбе атанған. Ал ізгілік-мәңгілік кепілі.
Жүсіп Баласағұн таныған кісіге түпкі ой-арманы ізгілік екенін байқатады. Ізгілікті дәріптеу арқылы екі ақын түпкі ой-армандарын табыстырады.Ізгілікті дәріптеп, марапаттауға екі ақын өзіндік таным, қабылдауларын қолданған. «Құтты білік» дастанының мазмұны соншалық бай әрі ауқымды. Жүсіп Баласағұн адамдық әлемді мүсіндеуге әр қырынан келеді. Сөйтсе де әртүрлі тақырыптар бір ғана ізгіліктің қыр-сыры мен құдіретін ашып,танытуға жұмсалады. Дастанның аты «Құтты білік» болса, сол құтпен бақты табатын білік – ізгілік. Әр түрлі астарлы ойлар мен түсінігі тереңге тартып кететін түрлі таным тарауларын таратып бақсақ,тағы да сол ізгіліктің қасиетін тани түсеміз. Ізгілік – Ж. Баласағұнның ең басты айтар ойы.
Осы ізгілік туралы айтуды ақындағы ізгілікке құштарлық пен ізгілікке іңкәрліктен бастаған жөн. Әрбір кейіпкер өз аты мен затына айналған ұғым,қасиетті таныту қамында көрінеді. Айтолды – құт-береке, бақтың көрінісі. Оқиға мен әңгіме-сұхбаттың басталар тұсында Айтолды тірлігі тақуалыққа жақын еді.
Бірде өзін-өзі сөгіп қамыққан;
Өнерім-мың,қалдым оқшау халықтан!
Неге мұнда бекер жүріп қурайын...
Оның бетін бұл өмірдің ісіне қаратқан – Күнтуды бектің ізгілігі. Құт-береке, бақ бейнесіндегі Айтолдыны тәнті еткен бек сарайы емес, оның ізгілігі.
Келіп жетті Елік тұрған ордаға,
Ақыл-ділі күткен тілек орнына.
Есігіне табынғалы келдім мен,
Қызметіне өзімді арнап бергім кеп.
Дастандағы ізгілікке құштарлықтың басы осы. Халықтың соншалық құдіретті, киелі көретін құт-береке, бағы – ізгіліктің құлы екен.
Қызметшімін, босаға-орным,атым-құл,
Ісім – қызмет, кісілікке жақынмын.
Күнтуды бек – ізгілік жолында жүрген адам. Айтолды да бек бейнесіндегі ізгілікке құштар. Айтолдының Күнтуды бекке көрсеткен қызмет, ықыласты көңілінен құт-берекенің ізгілікке қонатынын ұғамыз. Күнтуды бек те Айтолды мен оның туыстарын ізгілікті құрайтын адамгершілік асыл қасиеттері үшін қадірлейді. Әңгіме-сұхбат барысында да ізгілікке іңкәрлік жиі айтылады.
Ізгі жүрек ізгілікке бұлқынар,
Асыл текті тазалыққа ынтызар.
Ізгілікке іңкәр адам баласы,
Ардақтаймын,болса кісі сарасы.
Кісі көңілі ізгілікті ұнатар,
Үмітпенен өзін-өзі жұбатар.
Дастанның құрылымында символдық сипат ерекше орын алады. Әділет бейнесіндегі Күнтуды – ізгіліктің сақшысы. Оның бек, Елік сипатында келуі құт-береке, ақыл-ой, қанағат-рақымның ізгілікке кіріптар, ізгілікке құштар екенін көрсетеді. Ақын ізгілікті бек бейнесінде алу арқылы оның мәртебесін биік етіп отыр. Дастандағы ізгіліктің қадір-қасиетін танытар көркемдік бір дәлел осы.
Жерді өпті де, Айтолды түрегелді,
Әділ төре өзіңсің, демер елді!
Ұлық болдың –жасың ұзақ болғай-ды,
Ізгіліксің- басың есен болғай-ды.
Ізгілік пен бек бір-бірінен туындап,бірінен екіншісі танылатын туыс ұғымдар. Күнтуды бек әрбір іс-әрекеті, ой-ниеті, сөзімен ізгілікті танытады. Сондықтан да бекке көрсетілген көл-көсір құрмет, риясыз көңілден ізгілікке деген сүйіспеншілікті ұғамыз. Ақын қолданған көркемдік әдістің шешімі осы. Ізгіліктің бек бейнесінде келуі – сол кездегі үш ірі танымның тоғысып, түйінделген тұсы. Шариғатты ұстанған ислам дінінде патша Құдайдың көлеңкесі саналады. Құдайдың көп есімінің басым көпшілігі рақымды, сүюші, қамқор, ізгі дегенге саяды. Сопылық танымда да жүректің, сүюдің қасиеті ерекше көрінеді. Сүю – ізгіліктің белгісі. Әл-Кинди, Әл-Фараби, Ин- Сина, Ибн-Рушди еңбектерімен байланысты көрінетін ғылыми таным да жан сырына үңілу арқылы негізінен ізгілікті насихаттайды. Жалпы Күнтуды бек –
ізгілік мәселесі-өз алдына әңгіме етуге лайық тақырып. Әзіргі мақсатымыз –ізгілік туралы сөзімізде оның бекке таңылуын, бек сипатында келуін көрсету.
Ізгі құлық-бектің нәсіп, киімі.
Бек сарайы-адамдықтың сарайы.
Атын сақта! Қылық етпей анайы...
Ізгі сұлтан, Елік бір пейілді жан,
Елге жайлы, жүрегі мейірлі жан.
«Құтты білік»дастанында да ізгілік жасау өмірдің мәні, сәні саналады. Адам өмірінің ақтауы-ізгілік жоқ жерде адами өмір де жоқ.Адам өмірінің ақтауы-ізгілік. Ізгілік бейнесіндегі Күнтуды бектің ең басты өсиеті де - өмірді ізгілікпен өткізу.
Бұл-ақиқат,ей, Айтолды, білгін сен,
Өкінбейсің, ізгіісжасапүлгерсең.
Айтолды да өлер сәтінде ұлына ізгілікті өсиет етеді:
Тірлігіңде ізгілігің көп болсын,
Еншісін ал, құр өткен күн жоқ болсын!
Аталықсөз, ақылымды жеткіздім,
Түйіпеске, ізгітірлік өткізгін!
Атадан балаға мирас етілген ізгілікті Үгдүлміш те піртұтады, туысы Одғұрмышты осы өмірдіңізгілігінешақырады.
Кісілерден бұйыратын ізгілік,
Мына жерден табылмайды, жүрбіліп!
О дүниенің қамында жүрген Одғұрмыштың өзі де өмір мәні ізгілік екенін мойындайды. Дүние айыптарын айта келіп, туысы Үгдүлмішке Одғұрмыш та өз тарапынан ізгілікті өсиет етеді.
Кілізгілік-тірлік,сақтаесіңде,
Ей, арысым, оны заякетірме!
Күнтудыбектің Одғұрмашты көріп, өсиетін, ақылын алмаққа соншалық құштар болуы осыдан.
Көңілібосап, Елікжасытөгіліп:
Бірізгіадамеді! – дедіегіліп.
Адам үшін әйтеуір күнелту емес, ізгілік, ізгііс, ізгі ат қалдыру мұрат саналады.
Әр нәрсенің де мәніне, тілі мен діліне үңілу – дастанның негізгі мақсаты.
Тірлік емес,ізгі ат-тілесең,
Ізгі атың – тірлігің ол,білесің!
...Атың ізгі болса - тірлік татымды!
Әр кейіпкердің өзіндік бет-бейнесі, парасат-пайымы бар десек те, алған бағыты-ізгілік. Сөйтсе де өзге кейіпкерлерді өз маңайына топтастырған орталық бейне – Күнтуды бек. Ізгілікті мұрат тұту әсіресе осы Күнтудыбектің іс-әрекет, арман, ниетімен танылады. Күнтуды бек көктегі Құдайдан да, жердегі адамнан да ізгілік тілейді.
....Ізгі жолда,тек өзіңсің, медетім,
Құдірет бер жалғандықты жеңетін
Одғұрмышты да ізгілікті мұрат тұтып шақырады;
Ізгілікке жеткіз мені,ізгі бол,
Түзер кісі ізгі ерден ізгі жол.
Себеп болып, ізгілікте демегін,
Саған Құдай сәтін салар, ей, ерім!
Дәл осы жолдар дастанның негізгі идеялық нысанасын танытады. Әрбір көркемдік тетік, түрлі тақырып ізгілік қасиетін ашуға жұмсалады. Тәңірі мен табиғаттың адамға сыйлаған зор жақсылығы, рақымы өмір болса, ізгілік адамның өмірден көрген қызығы мен тапқан үлесінің ең асылы, зор пайдасы. Кісінің өзіне де, өзгеге де жасаған жақсылығының ең үлкені - ізгілік.
Ізгілік – пайда. Тірлігіңді пайда қыл,
Ізгілік, соңыра – жер, киерің, ойлағын!
Өмірде еліктіріп, қызықтыратын қуаныш көп. Әйтсе де шектеулі өмір көп қызықтың қуанышынан қанып ішуге мүмкүндік бермейді. Ақын тыңдаушысын кейін өкінішке ұрындыратын тұрлаусыз тірліктің алдамшы әшекейінен сақтандырып, олардың назарын мол игілік, көп қуаныштың ең асылы – ізгілікке аударады. Өмірге өлімге таяп қалған адамның көзімен қарап, көпті көрген көнекөз қария күйінде алданған, арбалған көп кісіге шын асыл – ізгілік жолын ұсынады.
Елі кайтты: – Бұлізгілік – шын асыл.
...Асыл – дара, кім жарысар, таласар?!
Ізгілік – оң. Ессіздік – сол: Жүгің-ар....
Оңың - ұжмақ, солың – тамұқ, біліп ал!
...Өкінбейсің, ізгі іс жасап үлгерсең.
Ұлы данышпандар мен ғұламалар дүниедегі бір Алла, жаратушыдан өзгенің бәрін де баянсыз деп тауып, танып, өтпелі өмірден жұбаныш етер өшпейтін, өлмейтін, баянды боп қалар тірек іздеген. Ол тірек ізгілік деп танып, ізгілік туралы түйінді ойды айтады.
Тірлік емес,ізгі ат тіле-тілесең,
Ізгі атың–тірлігің ол,білесің!
Қалар дүние,туған өлер ақыры,
Жақсы-жаманатың қалар, асылы!
Ізгілік туралы сөздің түйіні - әркісіні де ізгілік жасауға үгіттеу. «Құттыбілік» дастаны адами өмір – ізгілік жасау екенін ұқтырады. Өмірдің мәнді, өлімі өкінішсіз болуы ізгіліктен.
Адамның өмірден табар қызығы біршама көп болса да, соның ең өзектісі, нәрі ізгілік екен. Адамның тірліктегі көп қызықтан көзі қарығып, алдамшы дүние мен баянсыз байлықтың жетегінде кетпей, ізгілікті жол етіп ұстануы – қасиеттілік, адамның адамдық ерлігі. Ақындардың қайта-қайта қайрыла келіп айта беретіні – осы ізгілікті жол ету. Яғни адамзатты ізгілікке шақыру адам, өмір, ізгілік – үшеуінің бөлінбес бірлігін таныту, сөйтсе де ізгіліктің орны өзгеше. Себебі адам да, өмір де өз күйінде ізгіліксіз қасиетті де құдіретті көрінбейді. Адам атын, өмір мәнін сақтаушы – Ізгілік.
Достарыңызбен бөлісу: |