Құрметті turksoy халықаралық Түркі Мәдениет ұйымының Бас хатшысы Дуйсен Қорабайұлы Қасеинов мырза!



бет50/109
Дата10.05.2023
өлшемі0,89 Mb.
#91606
1   ...   46   47   48   49   50   51   52   53   ...   109
Байланысты:
sciPaper105546

List of used literature:
1 Baubekova G.D. Psychological problems of forming the personality in the works of the western encyclopeadists of renaissance period. Ethnopedagogics in the system of education. 2007, №3, p.11.
2 КаsymzhanovА.Kh. Оn Al-Farabi’s social-ethnical views. А., Science, 1978, p.15.
3 Al-Farabi. Social – ethical tracts. А., Science, 1973, p.250.

  1. Al-Farabi. Philosophical tracts. А., 1973, p.15.



ЖҮСІП ХАС ХАДЖИПТЫҢ «ҚҰТТЫ БІЛІК» ДАСТАНЫНЫҢ ҰЛТ БОЛАШАҒЫН ТӘРБИЕЛЕУДЕГІ ҚҰНДЫЛЫҒЫ


Көкшеева З.Т., п. ғ. к., профессор, Ш.Есенов атындағы Каспий мемлекеттік технологиялар және инжиниринг университеті, Ақтау қаласы, Қазақстан.,
Камидуллаева М.«Педагогика және пихология» мамандығының 1 курс магистрі.
Ш.Есенов атындағы Каспий мемлекеттік технологиялар және инжиниринг университеті, Ақтау қаласы, Қазақстан.,


Резюме
В этой статье говорится о возможностях и ценностях идей в наследии Ж.Баласагуни в воспитании подрастающего поколения
Summary
In this article talking about the opportunities and values of idea in education of generation by Zh.Balasagun’s legacy.


«Кітап атын «құтадғу білік» қойдым,
Құтын тұтсын оқушым білікті ойдың!»
Ж.Баласағұни

Педагогиканың дамуы өткен ұрпақтардың тәжірибиесіне бас бұруымен, оны тарихи-педагогикалық түсінумен байланысты. Өйткені ол өткен ұрпақтардың жұмысының қорытындысы ретінде қарастырылғанда ғана мәнді. Мұндай мiндеттердi шешу қажеттiлiгi тарихи дамуымыздың әр кезеңдерiндегi ұлт ойшылдары мұраларын, қазақ халқының ғасырлар бойы қордаланған бай даналық мұрасын игерудi талап етедi. Елбасы Н.Назарбаев халыққа жолдауларында Қазақстанның әлемдегі бәсекеге барынша қабілетті 50 елдің қатарына кіру міндеттерін қойып отыр. Ондай міндеттердің біріне педагогика тарихын ғылыми-педагогикалық білімнің күрделі бөлімдеріне айналдырып, өткен жылдардағы бай теориялық және тәжірибелік мұраны айқындап, мәнін түсініп қолдану жатады.Сондай-ақ, Елбасы: «...өткенді зерделеп, жақсы мен жаманды, ақ пен қараны айырып, оны бүгінгі күннің кәдесіне жарату - қоғам алдында тұрған ең өзекті мәселелердің бірі. Өйткені, айта беретін тәуелсіздігіміз, егемендігіміз осы тарихты тануға тікелей байланысты: өткенді білмей, болашақты анықтау мүмкін емес»,-деген болатын [1].


Бүгінде Қазақ елінің көк байрағы биіктен желбіреп, тәуелсіздік тірегімізге айналған уақытта, «Мәңгілік елдің» шыңына жеткізер жас ұрпаққа білім мен тәрбие беру аса маңызды. Алайда, өркениеттілікке құлаш сермеген заманда тәлім-тәрбие беруде ұлттық дәстүріміз бен ұлттық сана сезімімізді, болмысымызды сақтап қалуда, адамгершілігі мол, сапалы әрі саналы ұрпақ тәрбиелеуде қазақтың ұлттық тәрбиесінің орны ерекше. Ұлттық тәрбиеде халықтың ежелден келе жатқан тарихын, дәстүрін, т.б. мұрасымен терең таныстыру - білім саласының мақсаты. Қазіргі кезде білім, тәрбие беру саласында ата-баба мұраларының алатын орны зор. Өткенді тарихи тұрғыдан түсіну – бұл өткенде қол жеткізген табыстардың, мәдениеттің жалғасы ретіндегі қазіргі кезеңді түсінуге мүмкіндік береді.
ҚР Білім беру заңнамасында көрсетілгендей: халық тәрбиесінің ұлттық және жалпыадамзаттық құндылықтарын үйлестіре отырып, дамыған тәрбиелі ұрпақ қалыптастыру керек. Қай заманда да адамгершілік, имандылық, ізгілік, әделеттілік, білімділік қағидаларын қолдану өзекті.Осы орайда, ұрпақ тәрбиелеуде асыл, текті, рухани мұралар мен ғақлиялардың сан ғасырлық өшпес іздері айқын. Өткірлігімен, тапқырлығымен, ақыл-парасатымен, көсемдік, шешендік, әділдік жолымен, ұлтжандылығымен, ұлт мүддесін қорғаушымен ерекшеленген тарихи ұлы тұлғалар: Орхон-Енисей жазбалары, әль-Фараби, Абай, Ыбырай және т.б. даналарымыз ұлтты, тіптен, әлемді тәрбиелеудегі жарық жұлдыздар. Қазақ халқының ата-бабадан келе жатқан тарихын, салт-дәстүрін, Жүсіп Баласағұн сынды бабаларымыздың мұрасын жан-жақты зерттеп оқыту - Елбасымыздың тағлымы терең еңбектерінде, халыққа деген Жолдауларында үлкен міндет ретінде айтылады.
Жүсіп Баласағұнның энциклопедиялық мұрасы көптеген ғалымдардың назарын аударып, жан-жақты зерттелуде. Ең алдымен, «Құтты білікті» зерттеу негізінен Қазыбек би Тауасарұлы, Абай Құнанбаевтан бастау алса, кейіннен орыс зерттеушілері В.В.Бартольд , В.В.Радловтар, шет ел шығыс ғалымдары А.Бомбачи, А.Көроглы, А.Каримов, ал қазақ ғалымдарынан А.Егеубаев, М.Мырзахметов, Ә.Қоңыратбаев, М.Орынбеков, Р.Бердiбаев, Х.Сүйiнiшәлиев, Қ.Өмiрәлиев, Ә.Дербiсалиев, Ұ.Жамирова, К.М.Байпақовтар және т.б. зерттеген. Философиялық, психологиялық, тарихи, педагогикалық әдебиеттерге жасалған талдау ұлы ойшылдың шығармаларындағы тәлiм-тәрбиелiк, iзгiлiк идеяларына ғалымдар А.Қасымжанов, Д.Мажиденова, Қ.Жарықбаев, С.Қалиев, А.Көбесов, Ә.Көшербаева, Т.Ахметовтердің т.б. кеңінен талдау жасап, арнайы зерттегенін көрсетеді. Олар өз еңбектерiнде “Құтты бiлiктегi” мақал-мәтелдердiң тәрбиелiк мәнiн, олардың әдебиеттегi рөлiн ашуға тырысса, Ә.Көшербаева Жүсiп Баласағұнның iзгiлiк тұжырымдамасына арналған зерттеуiнде халық педагогикасына тоқталып өтедi[2]. Ғалым Т.Ахметовтың зерттеу жұмысы Жүсiп Баласағұнның тәлiм-тәрбиелiк идеяларын ашуға бағытталғанын көруге болады[3]. Міне, қай кезеңде де мәнін жоймай, он ғасырлық ұрпақ жалғастырған көне түркі тіліндегі жәдігерлеріміздің бірі – Жүсіп Хас Хаджибтың «Құтты білік» дастаны кез келген нәрсенің бастауын тәрбиемен ұштастыра білген. Бұл құнды мұраның мәні мен мазмұны зор өте зор.Дастанының әр жолдарындағы тәлім-тәрбиелік толғамдар, әсіресе, бүгiнгі ұрпаққа аса қажет-ақ. Олай дейтініміз, ұлы ойшылдың келер ұрпаққа қалдырған мұраларының өмiршеңдігі осыда. «Құтты білік» дастаны - терең мәнiн жоғалтпаған құнды шығарма, ал оның таным-бiлiгiнiң түпкi тамырына дейін ой жүгiртiп, тәлім-тәрбиелік құндылықтарын ашу – бүгінгі педагогика ғылымының алдына қойған басты міндеттерінің бірегейі болып қала бермек, ол педагогика тарихын байытып, теориялық-практикалық мәнін арттырады.
Ж.Баласағұн: «Адам жайлы баяндайын енді мен,Қадір тапқан ақыл, білім, иесімен»,- дейді . Ақыл қайда болса, ұлылық толады,білім кімде болса, сол білікті болады,- дей келе, дастанындағы төрт діңгекті адам қалыптасуының басы ретінде алады, мұндағы тәрбиенің басқа қырлары осы төртеуіне бағынышты, яғни тұлға тәрбиесінің түрлі жақтары, түрлі бағыттары осы төрт діңгекте жалғасып отырады. Мыңдаған жылдар өтсе де осы төрт діңгек тәрбиенің негізі болып келеді. Ғұламаның оларды төрт ұлық деп атауы да бекер емес:


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   46   47   48   49   50   51   52   53   ...   109




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет