Құрметті turksoy халықаралық Түркі Мәдениет ұйымының Бас хатшысы Дуйсен Қорабайұлы Қасеинов мырза!



бет51/109
Дата10.05.2023
өлшемі0,89 Mb.
#91606
1   ...   47   48   49   50   51   52   53   54   ...   109
Байланысты:
sciPaper105546

Бірі оның – шындық жолы, Әділет, Екіншісі – құт пен ырыс, Дәулет
Үшіншісі – ақыл мен парасат. Төртіншісі – ұстамдылық, қанағат.
Дастандағы төрт ұлық сөздерінен туындап отырған тәрбие жүйесі арнайы белгіленген аттармен нығая түседі. Өйткені әр атаудың мағынасы да, мазмұны да тереңде жатыр. Соңында автор ойын түйіндей келе:
Бұл төртеудің хикматы шырын-балалар
Сол сөздерден осы кітап құрылған.
Кітаптар көп арабша да тәжікше,
Біздің тілде бұл жалғыз-ақ әзірше, -деп «Құтты білік» дастанын қарахандар дәуірінің тәрбие тұжырымдамасы ретінде бағалайды.
Осы айтлғандарға байланысты бұл салада ғылыми еңбек жазған бірқатар ғалымдар (С.Ғаббасов, Ә.Көшербаева, Т.Ахметов, т.б.) дастандағы тәрбие жүйесіне көңіл аударып, соның негізінде өз көзқарастарын ғылыми тұрғыдан жүйелейді. Ғалым Ә. Көшербаева өз еңбегінде «Құтты біліктегі» бастапқы төрт ұғымды ізгілік тәрбие тұжырымдамасының негізі ретінде қарастырса, Т. Рыскиевадастандағы «Төрт тұғырлық» қағида Ж.Баласағұн үшін өлшемдік міндет атқаратын ақиқат екендігін дәлелдейді: Төрт нәрсе бар, аз деп туғын зейінге; Бұл төртеудің біреуі жау, бірі - әрі,Үшіншісі тіршіліктің торы – дерт, Бұлардан басқа біреу бар, ол – білім,Обал көрме, төртеуінің ешбірін.А.Кононов «Құтты білікте» берген түсініктемесінде өз көзқарасын былай білдіреді: «Поэманың негізгі идеясы төрт принципке негізделген»: «Твердый правильный закон – koni; Счастье – kut; Разум – ukus; Будущее – akibet»[4]. Шын мәнінде «Құтты біліктің» негізін құрайтын төрт кейіпкердің әңгіме-сұхбаты, қарым-қатынасы жәй нәрсе емес, тәрбиелік жүйені ұсынып тұрған қағидалар. Бұл жөнінде Асқар Егеубаев: «Төртеуі – Құттың төрт діңгегі. Бірі – түзу, әділ әрі қатаң тәртіп, заң. Ең үлкен әмірші де осы, Күнтуды. Өзіне-өзі берген мінездемеде де: «Жарқыраған күнді көр де көр мені; Күн сөнсе егер, тіршіліктің өлгені» (826-бәйіт), - дейді. Айнымас адалдығын әділ мақтан тұтады. Екіншісі – құттың өзі, яғни бақ-дәулет. Бұл Күнтуды әміршінің уәзірі, аты – Айтолды. Заңның бас уәзірі осы құт – Дәулет. Өзін-өзі: «Мен де айдай жаңаланып тұрамын, Бірде бармын, бірде жұмбақ тұрағым» (735-бәйіт), - деп кейіптейді.Үшінші – Ақыл, бұл уәзірдің баласы. Төртіншісі – Қанағат, рахым. Ол уәзірдің інісі. Міне, осылардың арасындағы ақылман сұхбатта алуан қырлы өмірлік мәселелер сөз болып, түйінді-түйінді тұжырымдалып жатады. Ежелгі әдебиеттердегі үлгілерге, пәлсапалық шығармаларға, антикалық мәдениеттердегі трактаттарға тән композициялық түзілім» [ 5]. Ал, этнопедагогикалық тұрғыдан С. Ғаббасов «Құтты біліктегі» төрт ұғымды халық педагогикасының негізі ретінде «Халық педагогикасының негіздері» атты монографиясында халық тәрбиесін ҮІІ негізге бөліп былайша қарастырады: семья құруға дайындық және ұрпақ тазалығы;ана құрсағындағы тәрбиенің мәнін түсіндіреді; нәресте кезеңімен байланысты;– балбөбек кезеңі; балабақшасы жасындағы кезең; кәмелеттік кезеңнің тәрбиесі [ 6]. Ғалымдардың пікірлері бөлек болғанымен, бірін-бірі тереңдетіп, Баласағұнның тұжырымдамасын айқындай келе, Құтты білік» дастанындағы тәрбиелік мәні зор, мазмұнды жүйенің қыр-сырынан тереңдетіп қарастырады.«Құтты білік» дастанындағы ғұлама ұсынған әділет,дәулет, ақыл, қанағат әлемдегі төрт құндылықтың мәнін ашатын төрт кейіпкердің түркі халықтарының нағыз тұлға идеалы деп айтуға болады. Өйткені Төрт ұғым – адамның төрт қасиеті өзара тығыз бірлікте, шебер үйлесімді, бірінсіз-бірі жоқ. Тұлға бойында осылар негізгі өзек болса, басқа адамгершілік қасиеттер соған телінеді. Халық тәліміне негізделген, бірлікте тұратын Күнтуды, Айтолды, Өгдүлміш, Одғұрмыш дастанда тәрбие мәселесін бірінші орынға қойып, жетілген тұлға қалыптастыруды, бақытты қоғам орнатуды уағыздайды. Сонымен қатар «Құтты білік» дастанында бұлар бір бағытқа ие болып, өзіндік тәрбие жүйесін құрайды. Кейіпкерлерге тән әділдік, ақыл, дәулет, қанағат секілді игі қасиеттер қарахандар қоғамының құндылығы болып табылады. Төртеуі – Құттың төрт діңгегі. Төрт «діңгек» өлшемдік қағида «Құтты біліктің» құрылымдық арқауы. Әділет, Дәулет, Ақыл, Қанағат дара болып дүниеге тұтқа бола алмайды, адамды бақытты ете алмайды. Төртеуі бірлікке жеткен жағдайда ғана бақытқа кенеледі. Бұл - Баласағұнның «Құтты білік» дастанындағы тұжырымдамалы идеясы, мұндағы бас кейіпкерлердің арасындағы өзара қарым-қатынас әңгiме-сұхбат төңірегінде жүреді. Халық тәлімін ашуды мақсат еткен ғұлама бұл мәселені үлкендi-кiшiлi “Бақытқа, жақсылыққа бастар харакетi мен жаман қылықтары”, “Әмiршiге ғылым, бiлiмнiң ерекшелiктерi туралы айтуы” деген сияқты жетпістен аса тараудан тұратын түрлі тақырыптарды ашады.Дастанда төрт символикалық ұғым халық тәлім-тәрбиесінің көздерін ежелгі рухани танымға байланысты аңыз-әңгімелер, сөздің көркі - мақал-мәтелдер, халықтың өмірін құрайтын әдет-ғұрыптар, салт-дәстүрлер арқылы ашып көрсетеді. Бұлардың әрқайсысы халықтық педагогикада кеңінен тараған тәрбие бағыттарын құрайды.Мысалы, дастанда ел басқарудың ерекшелігін символ арқылы жеткізеді. Күнтуды елік Айтолдыны шақырып кеңескенде үшбұрыш тұғырлы тақта отырады. Оның мәнін сұраған Айтолды үш тағанныңберіктігі жөнінде толғайды (800 – 805-бәйіттер). Кейін осы ой ел бірлігі, ел бектерінің қасиеттерін саралайтын тарауда тереңдеп, нақтыланып түсіндірілген.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   47   48   49   50   51   52   53   54   ...   109




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет